Сейсенбі, 26 Қаңтар 2021
Жаңалықтар 1910 0 пікір 25 Қаңтар, 2013 сағат 09:27

«Қызметтен босап қалғандар қылпылдап жүр»

ДМИТРИЙ МЕДВЕДЕВ КУРСТАСЫ ҚАЙРАТ ҚОЖАМЖАРОВТЫҢ ҚОЛТЫҒЫНАН ДЕМЕДI МЕ?

Жаңа министрлiк құрып, бiрқатар облыстардың әкiмдерiн ауыстырумен басталған ауыс-түйiс жүрiп жатыр әлi. Сейсенбi күнi Ақмола облысының бұрынғы әкiм Қайрат Қожамжаров президенттiң көмекшiсi әрi қауiпсiздiк кеңесiнiң хатшысы болып тағайындалды. Қожамжаровтың орнын Қосман Айтмұхаметов басты.

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Серiк Бiләлев бұрнағы күнi президенттен сөгiс алған-ды. Сөгiстiң соңы қызметтен алуға ұласты - Бiләлевтi босатып, оның орнына бұрынғы сенатор Самат Ескендiровтi қойды. Жаңа әкiмдi орынтағына отырғызуға келген премьер-министр Серiк Ахметов Самат Ескендi­ров­ке мемлекет басшысының жаңа мiндет артқанын айта келе бұрынғы әкiм Серiк Бiләловтi жұбатқандай болды.

"Серiк Сұлтанғазыұлы облысты алты жылдан астам басқарды. Аз шаруа тындырған жоқ, экономиканың әр саласының дамуына қозғау салды", - дедi С.Ахметов. Мұны жұбату демеске лаж жоқ. Үй тапсырмасын орындамай келген мектеп оқу­шысы сияқты тұрғызып қойып сөккен кiмге ұнаушы едi. Бiләлев мұны әлi ұмытпаған сыңайлы, мұңды көрiндi...

Президент әкiмшiлiгi жетек­шi­сiнiң орынбасары Бауыржан Байбек "Нұр Отан" партиясының шылбырын ұстап (тiзгiн президент Н.Назарбаевта - ред.), оның орнына бәсекелестiктi қорғау агенттiгiнiң бұрынғы төр­ағасы Ғабидолла Әбдiра­хымов тағайындалды. Әбдiрахымов бұған дейiн премьер-министрдiң кеңсесiн де басқарған. Оны Мәсiмовтiң сүйреп жүргенiн аңғару қиын емес. Ендi ол агенттiктегi орнын Ерлан Қошановқа босатып берiп, тағы да Мәсiмовтiң жанынан табылды.

Қазақстан президентiнiң ресми сайтының хабарлауынша, қорғаныс министрлiгi мен iшкi iстер министрлiгiнде де ауыс-түйiстер болған. Президенттiң жарлығымен генерал-полковник Сәкен Жасұзақов қорғаныс министрiнiң бiрiншi орынбасары - бас штаб бастығы болып тағайындалса, IIМ iшкi әскерiнiң бас қолбасшылығы генерал-майор Руслан Жақсылықовтың еншiсiне тидi.

Бауыржан Мұхамеджановқа қызмет бұйырмады әлi. Әдетте, президент Н.Назарбаев "сүй­кiмдi кадрларын" көп күттiрмей­тiн. Мәселен, Мұхтар Құл-Мұха­медтi мемлекеттiк хатшылықтан босатты да, сол күнi мәдениет және ақпарат министрi етiп тағайындады. Марат Тәжиндi президенттiң көмекшiсi және қауiпсiздiк қызметiнiң хатшылығынан босатып, iле-шала мемле­кеттiк хатшы еттi. Қожамжаровтың да табанын жерге тигiзген жоқ. Бұл ауыс-түйiс барысында "сүйкiмiн кетiрiп алған" Бауыржан Мұхамеджанов, Серiк Бi­ләлев және Болатбет Қуандықов болса керек, сiрә...

Мұхамеджанов демекшi, олимпиада чемпионы Ольга Шишигина одан озды. Қаңтардың 22-сi күнi орталық сайлау комиссиясының қаулысымен О.Шишигина парламент мәжiлiсiнiң депутаты болып тiркелдi. Мәжiлiсте әлем немесе олимпиада жеңiм­паздарының қалқайып отыруы бiзде дәстүрге айналған. Соңғы шақырылымда чемпиондар төбе көрсетпей қалып едi, сол орынды Шишигина толықтырды.

Бәрiнен де Қайрат Қо­жамжаровтың ұпайы түгел. Қаржы полициясында сыбайлас жемқорлармен "бi­тiмсiз күрес жүргiзген" Қожамжаровтың аты бiр­шама танылып қалды. Қо­жамжаровтың еркiн әрекет етуiне сол тұстағы Ресей президентi Дмитрий Мед­ведевтiң септiгi тиген де­седi бiлетiндер.

2011 жылы Ресейдiң "Ведомости" басылымы Д.Ме­д­ведев пен Қ.Қожамжаровтың Ленинград уни­верситетiнiң заң факуль­тетiнде бiрге оқығанын, анда-мұнда оңаша кезде­сiп тұратынын жазды. Ме­д­ведевтiң курстастарының бiрiнiң сөзiне сенсек, Қо­жамжаров кiммен оқығанын жарнамалауды жөн санамапты. Тiптi президент Н.На­­зарбаевтың өзi бер­тiнге дейiн бiлмеген. Бұдан бес жыл бұрын Қожамжаров курстастарымен кездесу үшiн Назарбаевтан сұрануға барғанда: "Президентпен кездесуге баруым керек едi", - дептi. "Қай президентпен?" - деп сұрапты Назарбаев таңданып. "Мед­ведевпен", - деп жау­ап бе­рiптi ол...

Ақорданы маңайлап жүретiн оқырманымыздың пайымдауынша, Қайрат Қожамжаровтың прези­дент­тiң көмекшiсi әрi қа­уiпсiздiк кеңесiнiң хатшысы қызметiне тағайындалуына Дмитрий Медведев­тiң ық­палы болуы әбден мүмкiн.

"Қазақстан президентi Н.Назарбаев рубльдi ортақ валюта жасауға қатысты В.Путиннiң ұсынысын қолдай қоймады. Оның үстiне Назарбаев "тәуелсiз­дiгi­мiзге қауiп төндiрген кез келген ұйымнан шығамыз" дегендi айтты. Осы жайттарды ескерсек, Путин мен Медведев қайткен күнде де Назарбаевтың "бетiн берi қаратудың" жолын iздейтiнi анық. Ол үшiн "өз адамы" санайтын бiреудi арааға­йындыққа салады. Ол Қайрат Қожамжаров болуы мүмкiн", - дейдi оқырманымыз.

Қауiпсiздiк кеңесiнiң хатшылығы - өте жауапты қызмет. "Қожамжаров осы қызметке лайық па?" деген сұрақ туады өзiнен-өзi. Мәселен, Марат Тәжин қауiпсiздiк мәселесiнiң "дәмiн татып" көрдi. Идеология дегеннiң де не екенiн бiледi. Ал Қожамжаров ше? Егер алысты болжай алса, әйелiнiң қолымен Гүлжан Ерғалиеваның сайтын жапқызып, Ромин Мәдиновтiң деңгейiне түспес едi. Демек, идеолог емес.

Заңгер деген мамандығы болғанымен, Қожамжаровтың қауiпсiздiк саласына онша-мұнша қатысы жоқ. Бас прокурор А.Дауылбаевқа қаншалықты сөзiн өткiзе алады? (Ерғалиеваның сайтын прокуратураның күшiмен жаптырғанына қа­ра­ғанда, сөзiн өткiзе алатын болса керек). Ал ендi ҰҚК төрағасы Н.Әбiқаев, iшкi iстер министрi Қ.Қасымов, қаржы полициясының басшысы Р.Түсiпбеков сияқты жонды шендiлер Қо­жам­жаровтың айтқанымен жүре қоюы екiталай.

"Әне-мiне Алматының әкiмi ауысады" деген әң­гiме саябырсып қалды. Президент Н.Назарбаев А.Есiмовтi әзiрше орнынан қозғамауды ұйғарса керек. Есiмовтi босатса, орнына шаруаға мығым әкiмдi әкелу керек. Ондай әкiм аз. Өңiр­лiк даму министрлiгi бекер құрылған жоқ. Егер өңiр­лердегi шаруақор әкiм­дердiң бiрiн Алматыға әкелсе, оның орнына апаратын басқа кадр табу қиын.

Естуiмiзше, қызметтен босап қалған әкiм­қара­лардың кейбiрiнiң үстiнен қылмыстық iс қозғалмақ екен. Әзiрге кiмнiң "күнi таяп" қалғаны белгiсiз. Бiр анығы, қызметтен босап қалғандардың бәрi қылпылдап жүр деседi.

Е.Биеке.

«Жас Алаш» газеті

0 пікір