Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Сайлау 2766 14 пікір 12 Қазан, 2022 сағат 14:02

Біреу, екеу, үшеу... он екі

Сайлауға үміткерлерді тіркеу мерзімі аяқталды. 20 қарашада президенттік сайлау өтеді. Халық "кандидат аз, сәндидат көп" деп сарказмдатып жатқан науқанға кімдер қатыспақ?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев біріккен коалиция атынан шығатын болды. Президентті түрлі ұйымдармен бірге, билікте отырған үш бірдей партия да ұсынды. Осылайша биліктегі партиялар жеке кандидат шығарудан бас тартып, коалиция құруға келісті.

Партиялардың ішінде додаға кандидат қосып, сайланып отырғандары екеу. Олар "Ауыл" партиясы және бойкотшыл "ЖСДП". "Ауыл" партиясының атынан Жигули Дайрабаев түспек. Аты көпшілік арасына кең жайылып, талқыға түскен кандидат" атыма емес, ұсынатын бағдарламама мән беру керек" дейді. Ал ЖСДП атынан Нұрлан Әуесбаев бақ сынамақ. Осыған дейін парламент және президент сайлауында бойкот позициясын ұстанып келген партия, биыл көзқарасын өзгертіп, билікке таласпаса жете алмайтынын түсінген сияқты.

Партиялар осымен тәмам. Енді ұйымдар мен қозғалыстар атынан ұсынылған кандидаттарға назар аударсақ. Биыл бір емес, бірден үш әйел кандидат ұсынылып отыр. Олар Қарақат Әбден, Салтанат Тұрсынбекова, Фатима Бизақова. Есімі елге таныс емес әйел кандидаттар "әйел бастаған көш оңбайды" дегенге нақты жауап осы болса керек дегендей. Фатима Бизақова "Тәжірибелік психология" қоғамдық бірлестігі атынан түсіп отыр. Ал Кәсіби әлеуметтік қызметкерлер ұлттық альянсынан президенттікке үміткер Қарақат Әбден ОСК талаптарына сай келетіні хабарлады. Салтанат Тұрсынбекова "Қазақ аналары – дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігінен президенттікке кандидат болып ұсынылуда.

Қалған кандидаттар кімдер? "Аманат" Қазақстан кәсіподақтар достастығы" республикалық бірлестігі президенттікке кандидат ретінде "Астана" халықаралық ғылыми кешені Экономикалық зерттеулер институтының басшысы Мейрам Қажыкенді ұсынды. "Мұқалмас" облыстық қоғамдық ұйымы атынан Нұржан Әлтаев түсуде. Әлтаев бұған дейін "Ел тірегі" атты партия құрмақ болған еді. Қалған сайлаушылардың есім-сойы көпшілікке таныс емес. Дегенмен Ерғалиев Талғат, Әлиев Жұматай, Ғабжалилов Хайрулла, Бақыт Жаңабаев та бақ сынап, бап сынап көрмек.

Сайлауда қызу тартыс болары екіталай дейді сарапшылар. Он екі кандидат ұсынылып отыр, алайда құжаттары сай келе ме, сынақтан өте ала ма деген сұрақтың басы әлі ашық тұр.

Abai.kz

14 пікір