Жұма, 26 Сәуір 2024
1911 3 пікір 3 Қазан, 2022 сағат 13:56

Алматыда 7 мыңнан астам студент хостелдер мен қонақүйлерге орналасты

Алматыда 7 мыңнан астам студент тұратын орынмен қамтамасыз етілді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мәлімдеді.

«Біз қала әкімдігімен бірлесе студенттер үшін хостел, қонақүйлердің иелерімен келісім жасастық. Соның нәтижесінде қазір 7 мыңнан астам студентке орын табылып, сонда орналасып жатыр. Мысалы, Абай атындағы ҚазҰПУ бүгінде 4 хостелмен кездесіп, мыңнан астам студенттің тұруына мүмкіндік жасады», - деді Қуаныш Ерғалиев.

Ол сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында соңғы үш жылда жатақханалардың қарқынды түрде салынып жатқанын атап өтті.

«Өткен жылы Қазақстанда шамамен 49 жатақхана салынды. Биыл 40-қа жуық жатақхана салынады деп жоспарланды. Бұл, студенттер үшін қосымша 10 мыңнан астам төсек-орын болады деген сөз. Президент өз Жолдауында да осы мәселені көтеріп, бізге тиісті тапсырма берді. Қазір ол бойынша инвесторларды тартып жұмыс жасап жатырмыз. Қысқаша айтқанда, қазіргі таңда Қазақстанда жатақханаларда орын тапшылығы мәселесін шешу жұмыстары жүріп жатыр», - деді Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Еске салайық, Ғылым және жоғары білім министрлігі Алматыда студенттер далада қонып жүр деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеген болатын.

 

Abai.kz

3 пікір