Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3833 0 пікір 17 Қаңтар, 2013 сағат 11:38

Елеужан Серімов. Сот шешендігінің айтары

Қоғам жаңғырғанда қоғамдық жүйелердің бүкіл саласы түбегейлі өзгерістерге ұшырайды. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары қоғам өміріндегі ерен құбылыстарды жаңаша пайым, таным-түсінкпен бағалау  қажеттілігі туды. Заң саласының келелі бөлігін құрайтын сот билігі де бұдан сырт қалған жоқ-ты. Болмысымыз момын болғандықтан ба, сот дегенде ат үріккендей шошына қарайтынымыз жасырын емес. Зәуде бір заңға томпақ келіп қалып, әпселеңге түскен кезіңде, иманың мен ар-ожданың, исхатың мен кісілігің сыналып, біліп-білмей істеген әрекетіңнің ар-қарасына қарай қылдай мойныңа зілдей қамыт кигізуге үкім шығарылатын бірден бір орын - сот. Тегеуіріндіден тепкі жеп, күштіден тар қыспақ көрген, әділет іздеп, төрелік сұраушылардың жүгінері мен сүйенері - қашан да осы сот.

Қоғам жаңғырғанда қоғамдық жүйелердің бүкіл саласы түбегейлі өзгерістерге ұшырайды. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары қоғам өміріндегі ерен құбылыстарды жаңаша пайым, таным-түсінкпен бағалау  қажеттілігі туды. Заң саласының келелі бөлігін құрайтын сот билігі де бұдан сырт қалған жоқ-ты. Болмысымыз момын болғандықтан ба, сот дегенде ат үріккендей шошына қарайтынымыз жасырын емес. Зәуде бір заңға томпақ келіп қалып, әпселеңге түскен кезіңде, иманың мен ар-ожданың, исхатың мен кісілігің сыналып, біліп-білмей істеген әрекетіңнің ар-қарасына қарай қылдай мойныңа зілдей қамыт кигізуге үкім шығарылатын бірден бір орын - сот. Тегеуіріндіден тепкі жеп, күштіден тар қыспақ көрген, әділет іздеп, төрелік сұраушылардың жүгінері мен сүйенері - қашан да осы сот.

Сот үдерісіне (процесіне) қатысушы судья, айыптаушы мен қорғаушы күнделiктi тұр­мыс-тiршi­лi­гiн­де әрдайым адам­дар­мен­ қарым-қа­ты­нас­ жасайды, көп­шi­лiк­тiң­ ал­дында, қа­лың ор­тасында жүредi. Сот ме­ке­ме­лерiнде заң атынан сөйлеп, заң ко­декс­те­рiнiң баптарына сүйене от­ы­ра,­­ тiлдiң көмегiмен кiнәлiнi илан­ды­ра­ды­, көндi­редi, мой­ын­да­та­ды,­ қыл­мысына қа­рай үкiм шығарады, не үкiмдi же­ңiл­дете­дi, не жа­зық­­сыз­ды­ ақтап алады. Осы­лай­ша судья да, прокурор да, адвокат та қызмет бабымен сот тө­рiнде көп­­­шi­лiк­ алдында сөйлеуге мәжбүр болады. Ал­­ қызметтiк мiндет­пен сот үдері­сін­­де­ алқалы топтың ал­дында сөйлеу үшiн оларға не айтуды ғана емес, қа­­лай­ ай­­ту­ды да бiлу шарт, яғ­ни сөз сөйлеуде жұ­р­т­­қа ықпал ету­дiң­ түрлi ер­ек­­ше­лiк­те­рiн дұрыс меңгерген жөн. Әйтсе де бабаларымыздан қалған кесім-билік айтар билерге тән шешендік дәстүр қазіргі күні сақталған ба десек, оған біржақты жауап беру қиын-ақ. „Арнасы бар да өзі жоқ, баяғы боран айқайдың" деп қартайған шақтағы Нартай ақын айтқанындай болып тұр.

Дiттеген деңгейде сөйлей бiлу ше­бер­лi­гiн­ ке­рек ететiн сот үдерісі дауласқан екi жақ­тың­ жа­сын­дай жарқылдаған пiкiр-таластарынан, қисынды дәлелдерден, нақ та дәл, ұтымды да, ұтысты сөйлеуден тұратын кеңiстiк. Мұндағы төрелiк ай­тар­ дiлмарлық­тың мазмұны мен түрлерiнiң негiзгi өзегi - орын алған қылмыстық жағ­дай­ды тә­пiштей анықтау, екi ұдай пiкiр туғызбайтын дәлелдер келтiру, ой­ды бей­нелеп жет­кiзер амал-тәсiлдердi қолдану арқылы белгiлi бiр ақиқатқа көз­ жет­кiзiп, көп­шiлiктi иландыра алу секiлдi қисындардан тұрады.

Әсiлiнде, сот үдерісiнде сөйленер сөздiң мақсаты мен қисынын ба­жай­лау­­ға, ой­ын дәл, нақты етiп жеткiзуге баулуға, көптiң алдына шығып сөз сөй­лер­ ше­шен­нiң өзiне тән ерекшелiгiн көрсете алу мәселелерiне арналған ғылыми еңбектер бiздiң то­пы­рақ­та­ жоқтың қа­сы. Ұлттық мәдениетiмiздiң тұтас бiр бөлiгiн құрайтын шешен­дiк­ өнерден ар­на тартып жатқан төрелiк айтар соттағы дiлмарлықты, тiл мәде­ни­е­тiн үнемi на­зар­дан тыс қалдырмайтын көкiрегi ояу, көзi ашық зиялы қау­ым­ қашан да жоға­ры бағалаған. Сот мiнбесi - тарихтың өзi көрсеткендей, та­лай­ ғасырдан берi әрi қазiрдiң өзiнде де идеологиялық, адамдық, құқықтық ық­пал­ ету құралы бо­лып келедi. Сондықтан қазiргi кезде өзіне тән ой кешу үрдiсi бар, сөз қа­дiрiн бiлер сот ше­шен­дерiне үлкен талаптар қойып отыр.

Сот шешендігі - прокурорлық, адвокаттық қызметтiң ал­тын­ дiң­гегi. Олай дейтiнiмiз сот төрелiгiн жүзеге асыруда сот жүйесі, про­ку­ра­­ту­ра,­ адвокатура ор­гандары маңызды орын алады. Олар сот қа­­рас­ты­ратын қыл­мыс­тық және азаматтық iстерге тiкелей араласуға құқылы. Қыл­­мыс­тық iстi тер­ге­ген­дегi прокуратураның мiндетi: айғақтардың дәлдiгiн, қыл­­мыс­тың жасалуын, объ­ективтiк негiздер бойынша сотталушының кiнәлi­лi­гiн дә­л­елдеуге келiп сай­са, адвокат қызметiнiң негiзгi арқауы: қылмыстық жа­у­ап­ты­лыққа тартыл­ған кi­сi­ге оның азаматтық құқығын қорғау үшiн заң тұр­ғы­сы­нан қолдау көрсету, бiлiк­тi ақыл-кең­ес беруден тұрады. Екеуi де өздерiнiң көз­­қа­рас­тарын сот алдында ау­ызша сөй­леу түрiнде жалпыға паш етедi. Адам тағ­­ды­­ры таразыға салынар жүр­гiзiлiп жатқан сот үдерісiнде бұл бөлiктiң қыл­мыс­тық iстi қарап, шешiм шы­ғарардағы алатын орны алабөтен ерекше.

Өз сөйлеуiнде айыптаушы мен қорғаушы қылмысты жан-жақты тек­­серiп, оның қоғамға қаншалықты қауiптiлiгiн анықтап, күнәкерге тиiстi ба­ға­сын айтуы тиiс. Сайып келгенде мұның сотталушыға да, сот залындағы қа­ты­сып отырған халыққа да тәрбиелiк мәнiн жоққа шығаруға бол­май­ды. Сотта сөйлеудiң маңызы мұнымен ғана шектелмесе керек.

Сөз жоқ, биік талап деңгейiнен шыға бiлген айыптаушының не қор­ға­у­шы­ның сөзi - Қазақстан заңнамасын насихаттауда, мәртебесiн көте­ру­де­гi қу­ат­ты қарудың бiрi. Әйтсе де сот шешендерi сөздерiнiң көбі дерлiк тап-тұй­нақ­тай мiнсiз шыққан iнжу-маржан десек, қателескен болар едiк. Со­лар­дың­ iш­iн­дегi сүбесi сере шығатыны - нақты бiр жүйеге құрылған, уәжді, мән-маз­­мұнға бай­, са­у­атты шыққан сөз ғана сот үкімінің мейлiнше әдiл шығарылуына ке­пiл бо­ла алатыны анық.

Қа­зiр­де халық арасында прокурордың сөзiн алдағы сот шығарар үкiмнiң әуелгi не­гiзгi үлгі-жо­басы санайтын жаңсақ пікір қалыптасқан. Прокурор бола­шақ үкiм жобасын емес, қылмыстық iске деген өзiнiң ой-ше­шiмiн ғана айтады. Шын­туайтында, заң бойынша прокурор былай тұрсын судьяның өзі де сот үдерісіндегі жарыссөзден кейiн кеңесу бөлмесiнде болмаса, ал­дын ала үкiм шығаруға құ­қысы жоқ.

Прокурор көпшiлiк алдына шыққан кезде өзiн заңның сақшысы, әдiлдiк­тiң жаршысы, мәмiлеге келе бермейтiн тұлға, сөзi мен iсiне табанды жан ек­е­нiн сезінуі қажет. Әйгiлi адвокат А. Ф. Конидің: «Қорғау кезiн­де та­сып сөйлеудi кешiруге болады, ал айыптау iсiнде таусыла сөйлеудi ке­шiруге әсте болмайды" дейтіні бар.

Адвокат алдын ала тер­геу қорытындысының қателiктерiне, кемшiлiктерiне көзi әбден жетiп тұр­са­ да, тек заңға жүгiнiп, содан өзiне iлiк, жақтас iздейдi, өзiнiң ой кешу үрдi­сi­нiң темiрқазық логикасына, сондай-ақ қарастырылар iс материалдарының же­ке-жеке детальда­рына ғана сүйенiп, тұңғиықтан алып шығар жiңiшке сүр­ле­улi жолын iздейдi. Осындай шынайы қорғаушының күш-қайратының ар­қа­сын­да ғана әдiлеттiлiк­тiң туы желбiреп, кiнәсiз адам қамаудан босатылады. Былайғы жұрттың ұғы­мын­­да егер адам қылмыс жасаған болса, ол тек жазалануға тиiстi, оны заң ал­дында ақтау қажетсiз деп бiледi. Қате пiкiр. Адамды қылмыскер ретiнде танымас бұрын, мiндеттi түрде, бұл қыл­мысты нақ соның жасағанын дәлелдеп алу керек. Ол көптеген фак­тор­лар­ды­ қажет етеді. Адвокат мiндетi адамның жауапкершiлiгiн жеңiлдететiн қи­ын­­нан қиыстырылған дәлелдемелер табумен өлшенедi. Жасырары жоқ, кейде еш­ кiнәсiз адам да белгiлi бiр себептермен жауапқа тартылатыны кездеседі не­ме­се­ оған жасаған қылмыстан артық жауапкершiлiк жүктеледi. Адвокат еңбе­гi­нiң­, шарықтау шыңы, шабыттың ақ тұлпарын ерттеуi осы жерде паш етiлiп, жар­қыл қағады. Адам сот алдында тағылған айып бойынша емес, жа­саған қылмысы бойынша ғана жазаға кесілуі шарт.

Қазақ халқы тарих сахнасынан кетпей, шешендiк сөз өнерi өлмек емес. Ақи­қат, шындық көзiне бiрден-бiр тiктеп қарайтын сот төрелiгiнің дiлмар­лы­ғы­ қазақтың шешендiк көкжиегiнiң бояуын бiр ашық сүйемге де кемiтпейдi, қайта әр қосады, шырай бередi, нәр құяды. Дәлелді ой иiрiмiне әдемi сiңген ке­лiстi сөздерден тұратын айыптаушылық, қорғаушылық сөйлеулер -  екпінді те­геуіріні мен iшкi ырғағы тыңдарманды бей-жай қалдырмайтын айдар­лы­ да ай­барлы өнер. Бұл - дертке дауа сөз өн­е­рi­нiң­ қай­ран­ды тұнбасы. Келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сот шешендігінің тіл шеберлігі жетiлмеген бүгiнгi сот жүйесіндегі тұл­ға­лар­ды кәсіби ұштаудағы үлесi шексiз. Сон­дық­тан шын өнерге уақыт сарапшы демей, бағзы бiр заманнан атадан балаға ми­рас боп келе жатқан айбарлы өнерiмізді кәрi тарихтың еншiсiне қалдырып, ман­сұқ ет­пей, сот саласындағы ұлттық дәстүр жалғастығына сай қайта жандануы керек. Зады, келер күнге қажетi - осы. Таңдай қақтыра тамсандырар, тағдыр тәлкегiнде сүйеушi, тiреушi болар сот үдерісінде сөз қа­дi­рi­не иек артқан талай дарынды прокурорлар мен адвокаттардың маңдайы мен та­­ла­йы жарқырап шы­ғар күнi әлi алда; сөз қасиетiн бойына мол сiңiрген бiре­гей­ таланттардың дү­ниеге келерi хақ. Сондықтан соттағы шешендiк өнер - өм­­iр­шең деген байлам түйдік. Тек бабадан қалған дәстүр талабынан шығатын болайық.

Ресей телеарналарындағы «Федеральная судья», «Час суда» аталатын хабарлар тақылеттес, төл телеарналарымызда қазақша сипаттағы хабарлар ұйымдастырылған ләзім. Сот жүйесіндегі озық тұс пен осал жақты танитын уақыт жеткенін тағы бір айтып өткізіміз келеді.

Сөз өн­­е­рiн ше­бер­ пай­­­да­лануды қажет етпейтiн мамандық бү­гiн­де­ жоқтың қа­­сы. Тiптi адам қыз­­­ме­тi­нiң­ кейбiр салаларында сөйлей бiлу ше­бер­лi­­гiн­ мең­гермей жұмыс iс­теу­ әсте де мүм­кiн емес. Соның бірі - құқық қорғау органдары десек, асыра айтпаймыз. Ресейлік „Улица разбитых фонарей" сериалындағы кейіпкер-Лариннің „Тергеушінің басты қаруы - қалам" деуінде көп мағына бар. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің де барлық амал-әрекеттері қалам арқылы жүзеге асады, іс-әрекеті құжатта айғақталмаса, онысы заңзыздық болып есептеледі. Кейбір ағайындардың полиция қызметкерлерінің қалам ұстауын ерсі көретін мінездері бар, жазу-сызуды „менттерге" жат деп біледі. Қазіргі қоғамымызда қалыптасқан осы бір қасаң түсінікті өзгерткеніміз жөн-ау, ағайын.

Abai.kz

0 пікір