Сенбі, 11 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2657 0 пікір 10 Қаңтар, 2013 сағат 08:01

ҰЛТШЫЛДЫҚ ПЕН МЕМЛЕКЕТШІЛДІК

Өтіп бара жатқан ұлу жылында көрші елдерде ұлт мәселесіне байланысты назар аударатын екі оқиға болды. Олардың бізге қатысы бар деп те, жоқ деп те айтуға болады. Көрші отырған соң аяқ-табақ араласпай тұрмайды, әрине. Демек, тікелей болмаса да қатысы бар деген сөз шындыққа жақынырақ. Сонымен...

Қытайда қазақ тіліндегі бір-екі сайт хабар таратуын уақытша тоқтатты. Себебі олар соңғы кезде ұлт мәселесін көбірек көтеріп кеткен көрінеді. Тіпті автономия сұрай бастаған дегенде қауесет бар. Рас, талап етпеген, бірақ өтініш айтқандай сыңай байқатқан. Қытайда 2 миллионға жуық қазақ тұрады. Алайда миллиардтың ішінде ол көзге түсетін көрсеткіш емес сияқты. Ендеше ешқандай мүмкіншілік жоқ екенін біле тұра, мұндай мәселені ұлт белсенділері не үшін көтеріп отыр?

Білуімізше оларды кейінгі өсіп келе жатқан ұрпақ тағдыры алаңдататын тәрізді. Себебі, бұрынғыдай емес, жас ұрпақты ұлт мектебінде оқыту шектеліп келе жатыр. Қазақстанмен арадағы көші-қонның қарқыны да  бәсеңсіп қалған. Қазақстанда тұратын оралмандардың кейбір белсенді өкілдері көші-қон мәселесін былтыр-биыл барынша көтеріп баққан. Сөйтсе де екі жақта бірдей қалыптасқан түрлі жағдайдың салдарынан көш орнынан жылжымай тұр десе де болады. Неғылса да, әйтеуір, саясаты мығым миллиардтар еліне артық талап қоямын деп, тыртық қылып алмаса болғаны қандастарымыздың.

Ал екінші көрші еліміз әрине «айдаһардан» бір кем емес, алып «ақ аю». Сол Ресейіміз миграция мәселесімен шындап айналыса бастады. Сол жаққа барып нәпақа тауып жүрген өзбек, тәжік, әзірбайжандарға тықыр таянды. Себебі, уақытша жұмыс іздеп келген гастарбайтерлер орыс тілін білуге міндетті болып шықты. Жалпы Ресейге барып жұмыс істеу үшін оның мемлекеттік тілін білуіңіз керек. Оған бола орыстарды еш сөге алмайсыз. Себебі Англия, Германия сияқты өркениетті елдердің бәрінде сондай заң бар. Және ол заң өте қатал жұмыс істейді. Батыс елдері заңсыз мигранттармен күресті баяғыда бастап кеткен.

Өзбек, қырғыз дегендер бізде де бар. Қуып-қуып шаршадық, шулап-шулап қойдық. Қазір үлкен қалаларымызда салынып жатқан құрылыс нысандарына бара қалсаңыз, қоңырқай өңді ағайындарымызды көптеп көресіз. Өзбекше, тәжікше айқайласып сөйлеген сөздері де анық-анық естіліп қалады. Ал базарға барсаңыз саудагерлердің қытайша немесе қырғызша сөйлеп тұрғаны аса таң көрінбейді.

Салыстырып көрсеңіз Қазақстанның заңдары жоғарыда аталған көрші елдерге қарағанда қатаң емес. Тіпті жайлы да майлы деуге де болады. Біздің көпвекторлы сыртқы саясатымыз иі жұмсақ ішкі саясатымызбен де жымдасып жатыр. Бетегеден биік, жусаннан аласамыз. Ұлттық позициямыздың кейбір шептерін басқа ұлт өкілдеріне беріп қойғанымыз да өтірік емес. Сондықтан да болуы керек, ұлт белсенділері көрші елдерде жүзеге аса бастаған жоғарыдағыдай мәселелердің кейбірін күн тәртібіне талай мәрте қойған еді.

Қазір қарап отырсаңыз, ол талап-тілектердің бірі де айтылып жүрген жоқ. Қазақстан ұлт мәселесін ушықтырмай-ақ дамудың өз арнасын тапқан сияқты көрінеді. «Асықпаған арбамен қоян алады» дегенге ұлт патриоттары да сеніп қалған сыңайлы. Десе де, көрші елдер әлгіндей заңдарды неге қабылдап жатыр деп бір ойланып қойғанның артығы жоқ шығар. Бір қарасаңыз, Ресейде орыс тіліне, ал Қытайда ұлт мәселесіне алаңдайтын көп ештеңе жоқ секілді. Санымен де, сапасымен де басқаларды басып тұрады. Осы тұрғыдан алғанда Ресей думасының жақында ұлттық аймақтарға қатысты қабылдаған тағы бір заңы назар аудартпай қоймайды.

Ресей өзі федеративті құрылымдағы мемлекет. Ресей Федерациясының құрамында 83 тең құқықты федерация субъектісі бар. Соның 21-і республика, 9-ы өлке, 46-сы облыс, федералдық маңызы бар 2 қала, 1 автономды облыс, 4 автономды округ бар. Осы аумақта 160 ұлт пен ұлыстардың өкілдері тұрады екен. Осының ішінде 100-ге жуық ұлт пен ұлыстар осы мемлекеттің байырғы халқына жатады. Саны жөнінен орыс халқы басым. Олар 80 пайызын құрайды. Ал енді осы елде аймақтарда ұлттық мемлекеттік тілдерді оқыту, білу мәселесі қиындап кетті. Ресей думасы Ресей республикаларында ұлттық мемлекеттік тілдерді оқыту міндеттілігін заңнан алып тастады. Себебі ондай міндеттілік мемлекеттік орыс тіліне нұқсан келтіреді екен. Енді Ресей федерациясының ұлттық субъектілеріндегі мемлекеттік деген статусы бар тілдерді оқыту міндеттелмейтін болды. Мысалы, Адыгей республикасында бұрын адыгей тілі бар-жоғы аптасына екі сағат қана оқытылса, енді оған да зар болып қалатын түрі бар.

Бұл Ресей билігінің бүгін ғана бастап отырған әңгімесі емес. Естеріңізде болса, Путин шет елде тұратын орыс диаспорасы қамқорлықсыз қалмайтынын ескерткен еді қайбір жылы. Демек, Путин үшін орыс мәселесі назардан ешқашан түскен емес, түспейді де. Оған бола Путинді орысшылдығы ұстап жүр деп кінәлаудың қажеті бар ма? Өз мемлекетінің негізін құрап отырған өз ұлтын ойламағанда басқа кімді ойлайды ол?

Мұның бәрі сол алып державалардың ешкім қол сұға алмайтын ішкі ісі болып саналады. Сондай алып держава бола тұра, ұлт және тіл мәселесіне олар да алаңдайды екен. Демек, біздің бұған дейінгі айтып келген ұлттық мәселелеріміз ешқандай да ұлтшылдықтың көрінісі емес. Оның барлығы мемлекеттің тұтастығына қызмет ететін мемлекеттік мәселелер, әрі-беріден кейін. Ендеше ұлт мәселесін көтеріп жүрген санаулы патриоттарымызды «бірі ұпай жинап жүр, бірі арандатқысы келеді» деп, «отырса - опақ, тұрса -  сопақ» қылудың еш қажеті жоқ.

Балжан МҰРАТҚЫЗЫ

«Халық сөзі» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1922
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2053
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1711
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1522