Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2863 0 пікір 9 Қаңтар, 2013 сағат 10:30

Ресей Талғат Мұсабаевқа сес көрсете бастады

Ресейдің беделді «Коммерсант» басылымының хабарлауына сенетін болсақ, Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары Игорь Шувалов Қазақстан Республикасы Үкіметіне ресми нота жолдапты. Нотада Ресей тарабы Қазақстанның Ұлттық ғарыш агенттігінің жетекшісі Талғат Мұсабаевтың өткен жылдың 10 желтоқсан күні айтқан Байқоңыр қаласы мен ғарыш айлағының болашағы және осы тұрғыдағы келісім-шарттарды қайта қарау жөніндегі сөздеріне нақты баға беру талап етіліпті.

«Коммерсант» газетінің дереккөзінің айтуына қарағанда, бұл нота Қазақстан басшылығына өткен жылдың аяғында жіберілген көрінеді. Ресей шенеуніктеріне Талғат Мұсабаевтың парламентте жасаған мәлімдемелері тым қатты, өрескел көрінген сияқты.

Өткен жылдың 10-ншы желтоқсаны күні мәжіліс депутаттары алдында Мұсабаев мырза «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Ресейдің «Протон-М» зымыран тасығыштарының ұшырылу саны қысқаратынын, Ресей тарабы екі ел арасындағы келісімде көрсетілген «Бәйтерек» кешенін салу бойынша өзінің міндеттемелерін толық орындамай отырғанын және айлақты әрі «Байқоңыр» қаласын жалға беруді тоқтатын күнде туатынын айтқан еді.

Сол кездің өзінде Ресей сарапшылары мен депутаттары шамданып, бірнеше дүркін мәлімдемелер жасап, Мұсабаевқа сес көрсеткен болатын. Ресей шенеуніктері «Бұл мәселе Мұсабаев шешетін мәселе емес, бұл тек жоғарғы деңгейде шешілетін сұрақтар» дегендей уәж айтқан-ды. Енді, міне, ресейліктер сөзден іске көшіп, ел мүддесін қызғыштай қорғап, шырылдап жүрген Мұсабаевқа ресми түрде сес көрсете бастаған сияқты.

Кремль айтты, Путин айтты десе тамақ ішуден қалатын біздің шенеуніктеріміз, қазақ өкіметі бұған не дейді екен? Әйтеуір, Кремль айтты екен деп ғарыш саласындағы бірден-бір маманымызды орнынан алып, оның орнына орыс көрсе болды «Ләббай тақсыр» деп құлпырып шыға кететін әлдекімді қонжитпаса болды деп тілейік...

Осы мәселеге орай, төменде сарапшылардың пікірін беріп отырмыз.

"Abai.kz"

Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі:

- Мұсабаев агенттік төрағасы ретінде өзінің көзқарасын айтты деген күннің өзінде, мұның бәрі саяси қойылымға ұқсайды. Өйткені, Ресеймен бірігуге бастап бара жатқан түрлі одақтардың (ТМД, Кедендік одақ, экономикалық кеңістік, әскери ұйымдар) жұмыс істеп жатқаны халықтың тарапынан үнемі сынға ұшырап, елдің Тәуелсіздігіне қауіп төндіреді деген қоғамдық пікір басылмай тұр. Сол үшінде Ресейге қосылуға бет алған күні бүгінге дейін қарқынды жұмыс жүргізіліп жатқан одақтар төңірегіндегі саясатты бүркемелеу үшін Ресей мен Қазақстан ғарыш саласына қатысты біз айтып отырған әңгімені екеуара ойласып жасап отыруы ғажап емес. Ондағы біздің биліктің ойы: Міне, біз кез келген уақытта Ресейге қарсы шыға аламыз, Тәуелсіздігімізді қорғап, өз мүддеміз тұрғысынан жұмыс істейміз деген сыңай танытып, қоғамды алдандырып, тыныштандырып қоюды көздейді. Меніңше, Президенттің Түркиядағы айтқан сөзі, кейбір саясаттанушылардың екі елдің бірлескен парламенті болмайды деп мәлімдеуі, Ресейдің жіберіп отырған нотасы - осының бәрі Ресейге қосылуға қатысты саясатты бүркемелеу, жасыру ғана, басқа түкте емес.

Әміржан Қосанов, «Азат» ЖСДП-ның бас хатшысы:
Халықаралық қатынас деген салада көп нәрсені осындай «нотасыз» да шешуге болады. Оның үстіне бүгінгі биліктің Кремльге ерекше көңілін өзіңіз білесіз.
Сондықтан осы дипломатиялық жанрды мен көрші елге, яғни, бізге ашықтан-ашық дөңайбат көрсету деп санаймын. Басқасын айтпағанда, екі ел президенттері құзырындағы мәселені екі деңгейдегі шенеуніктің өзара айтысына дейін «түсіріп отыр». Бәлкім мұндай жария демарш - Ақорданың ішіндегі кейбір әсіре ресейшіл ықпалдылардың арнайы жасап отырған қадамы болуы әбден мүмкін.
Яғни, қазір Ақордада осы мәселеге байланысты бірауыз пікір жоқ!
Химияда лакмус қағазы деген термин бар. Байқоңыр - Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың лакмус қағазы. Онда барлық нәрсе өз сипатын көрсетіп отыр: біздің биліктің Ресей алдындағы шын беделі мен көрші мемлекеттің бір аумағына деген өз мүддесін таныту арқылы көрініс беріп отырған кешегі империяның «самодержавиелігі». Шынайы дос өз досына осындай нота жібермейді!
Байқоңыр мәселесі - өте қиын әрі мамандардың жан-жақты зерттеуін қажет ететін мәселе. Өкінішке орай, ол мамандық не кәсіби емес, көбінесе саяси мәселеге ұласып барады.
Мақсат бір: өткен ғасырдың аяғында қол қойылған келісім-шарттты қайта қарайтын уақыт келді. Ол кездегі жағдай мен доллардың құны және қазіргі кездегі жағдай мен доллардың құны екі бөлек!
Адамзаттың ғарышты игеру үдерісінде Қазақстан өзінің орнын табуы тиіс. Және де бұл талпыныста біржақтылық немесе күні өткен келісімдерге тәуелділік жақсылыққа апармайды!

0 пікір