Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2694 0 пікір 9 Қаңтар, 2013 сағат 08:37

Соттың төбесіндегі сорақылық

Өскемендегі Шығыс Қазақстан облыстық соты мемлекетіміздің көк байрағының «аяғын аспаннан» келтірді. Дәлірек айтсақ, қатты соққан дауылдан кейін сот ғимаратының төбесіндегі туды қайта ауыстырған кезде төңкеріп іліп қойыпты.

Алайда төңкеріліп бірнеше күн бойы ілініп тұрған тудың мына қалпы құзырлы орынның өкілдерін аса алаңдата қоймаған секілді. Есесіне, көшедегі арлы-берлі ағылған жұрт соттың төбесіндегі сорақылықты қаперден тыс қалдырмай «бұл еліміздің рәміздеріне деген құрметсіздік» деп дуылдасып жүр. Иә, шынымен егер мұндай келеңсіз жайт өзге мекемелерде көрініс тауып жатса заң орындаушылары оларды баяғыда-ақ «зарлатып», жауапқа тартатын еді ғой.

«Abai.kz»

0 пікір