Сәрсенбі, 22 Мамыр 2024
1039 0 пікір 29 Тамыз, 2022 сағат 16:26

Білімдегі өзгеріс: Алматы бұл істе қалыс қалмайды

Биылғы оқу жылы мектеп оқушылары үшін үлкен жаңалықтармен басталмақ. Мектеп бағдарламасындағы өзгерістермен қатар, көптеген жаңа мектептер де бой көтермек.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше 2022-2023 оқу жылында республикада 3,6 млн бала 7 637 мектепке білім алуға барады. Балалары бірінші сынып табалдырығын аттайтын ата-аналар 400-дей өтініш түсірген. Соның 70 пайызы балаларының қазақ тілінде оқытқысы келеді екен. Бұл өте қуантарлық жағдай. Оқу-ағарту министрлігі орта мектептердің оқу жүйесіне реформа жасап, қордаланған мәселелерді шешу жолдарын ұсынды.

Министрліктің шешімімен үш ауысымда істейтін білім ошақтарынан басқа мектептер бес күндік оқу форматына ауысады.

«1,5 миллионға жуық бала қазіргідей аптасына 6 күн емес, 5 күн ғана оқиды. Яғни, оларға сабақ беретін 150 мыңдай мұғалім де аптасына 5 күн сабақ береді. Бұл шамамен 1700 мектеп деген сөз. 100-ден астам мектеп үш ауысымнан босайды. 3,6 млн оқушының күнделікті жүктелімі азаяды. Осылайша бүгінге дейін аптасына алты күн оқып келген оқушылардың санын мейлінше қысқарттық. Қалған аз ғана контингенттің жүктемесін азайту шараларын қарастырамыз», - деді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

Алматы мектептері де өзгерістен қалыс қалмай, бес күндік оқу форматына толықтай ауысады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубай айтты.

«2022-2023 оқу жылынан бастап Алматы мектептері бес күндік оқу режиміне ауысады, ал, оқу жылы бұрынғыдай 25 мамырда емес, 31 мамырда аяқталмақ».

Ол сондай-ақ жаңа оқу жылының өзге де өзгерістерін атап өтті.

«Орыс тілі 2- сыныптан бастап оқытылса, ағылшын тілі 3- сыныптап бастап оқытылады. Қазақ тілінде білім беретін мектептер балаларға «Әліппе» мен «Ана тілі» пәндерін оқытады. Ал, орыс тілінде оқытатын мектептерде "Әліппе","Қазақ тілі" және  "Сауаттылыққа оқыту" пәндері оқытылады»,-дейді Айдын Сайлаубай

Қазақстанның оқу-ағарту жүйесін ілгерілету шаралары жүріп жатқанымен, орта мектеп оқушылары баратын мектеп ғимараттарының жетіспеушілік мәселесі толық шешілмей тұр. Қазіргі кезде елімізде 280 мыңдай балаға мектепте орын жетпейді екен. Ал 2025 жылға қарай бұл сан 1 миллионға жетуі мүмкін. Сондықтан былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «1000 мектеп» жобасы іске қосылды. Бір жылда республика бойынша 270 мектеп салынды. Биылғы жылы 225 мектеп қолданысқа беріледі деп жоспарлануда.

Алматыда бірінші қыркүйектен бастап үш жаңа мектеп оқушыларға есігін айқара ашпақ. Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубайдың айтуынша, шаһар мектептеріндегі орын тапшылығын азайту шаралары қарқынды түрде жүріп жатыр.

«1 қыркүйектен бастап Қалқаман, Саялы және Томирис шағын аудандарында 5100 орындық 3 жаңа мектеп және №191, 146, 125, 875 орындық қосымша құрылыстар ашылады", - деді Айдын Сайлаубай.

Бүгінде мектептердегі орыс саны – 19 611 жетеді. Қалада жалғыз үш ауысымда жұмыс істейтін мектеп –  №196 мектеп. Бұл оқу ошағының мәселесін шешу үшін Мәдениет шағын ауданында 1500 орындық жаңа мектеп салынады. Жыл соңына дейін 6000 орындық тағы да 4 мектеп Қалқаман-2, Қайрат, Дархан, Нұркент шағын аудандарында ашылады. Сонымен қатар қаладағы №48 және №9 мектептерге жақын орналасқан құрылыс нысандары пайладануға берілмек. Әкімдік Бостандық және Наурызбай аудандарынан 1800 орынды қамтитын мектептерді ашу үшін екі ғимарат сатып алуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, жеке қаражат есебінен оқу жылының басында 3250 орындық 6 мектеп пайлануға беріледі. Олар: Әуезов ауданындағы 280 орындық "Достық" мектебі, Медеу ауданындаға 200 орындық "Вундер академия" мектебі, Наурызбай ауданындағы 590 орындық "Заман" мектебі, Түрксіб ауданындағы 400 орындық Миллениум мектебі және қалған 2 мектеп жыл соңына қарай ашылмақ. Бүгінде Алматы қаласының құрылыс басқармасы тоғыз мектепті қалпына келтіріп, күрделі жөндеу жұмыстарынан өткізіп, сейсмикалық нығайту жұмыстарын жүргізуде. Олардың ішінде екі мектептің, №166 мен №129 мектептің, жөндеу жұмысын оқу жылының басында аяқтайды.

Алматыда мектеп ғимараттарын ғана емес оқушылардың спорт алаңдарын да жаңалау жұмыстары жүргізілмек. «Мектеп спорт алаңдарын жаңғырту» жобасын іске асыруға қаладағы 15 мектепке жергілікті бюджеттен 1 млрд теңге бөлінді. Жаңғырту жұмыстары оқу жылы басталғанға дейін аяқталады деп күтілуде.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2248
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2604
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2582
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1689