Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3691 0 пікір 24 Желтоқсан, 2012 сағат 08:42

ШҚО-да Ертіс суының тасу қаупіне байланысты тәулік бойғы кезекшілік қойылды

Алматы. 24 желтоқсан. ҚазТАГ - Шығыс Қазақстан облысының Глубоков ауданында Ертіс өзеніндегі судың деңгейі көтеріліп, айналаны су басу қаупі туындады, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

«Бұл Глубоков ауданының Прапорщиково ауылында жерасты суларының көтерілуіне алып келді. Набережная көшесіндегі 3 тұрғын үйді су басу қаупі туындады», - деп мәлім етті дүйсенбі күні баспасөз қызметінің қызметкері Анастасия Скляр.

Оның мәліметтеріне сәйкес, оқиға орнына ШҚО ТЖД өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметінің 26 қызметкері мен 4 техника жіберілді. Жергілікті атқарушы органдар құтқару жұмыстарын жүргізуге 4 адам мен 2 техника бөліп отыр.

«Су басу қаупін жою үшін 2 КамАЗа шлак жеткізіліп, қаптардан ұзындығы 40 метр және биіктігі 60 сантиметр бөгет тұрғызылды.  Тәулік бойғы кезекшілік қойылды», - деді А.Скляр.

0 пікір