Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
1918 0 пікір 31 Тамыз, 2022 сағат 14:13

Коронавирус жұқтырғандар саны 600 млннан асты

Американдық Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша сәрсенбі күні таңертең әлемде коронавирус инфекциясының расталған жағдайларының саны 602,26 миллионға жетті.

Әлемде вирус тарала бастағаннан бері COVID-19 инфекциясының салдарынан 6,49 миллион адам қайтыс болған. 20 миллионнан астам инфекциясы бар елдерге АҚШ, Үндістан, Бразилия, Франция, Германия, Ұлыбритания, Италия және Оңтүстік Корея кіреді.

Әлемдегі басты оқиғалардың статистикасын жүргізетін Worldometers порталының мәліметі бойынша, ковидтан сәрсенбі күні таңғы мәлімет бойынша планетадағы 1 миллион адамға шаққандағы өлім көрсеткіші 832,9-ды құраған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар