Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
1782 0 пікір 31 Тамыз, 2022 сағат 14:09

50 мың сарбаз: Ресей ауқымды жаттығу өткізеді

Ресей Қорғаныс министрлігі Шығыс әскери округінің полигондарында қыркүйектің 1-7 аралығында өтетін «Восток-2022» стратегиялық оқу-жаттығуларына ШЫҰ мен ҰҚШҰ-ның 50 мыңнан астам әскери қызметкері қатысатынын хабарлады.

Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқу-жаттығуларға 5 мың қару-жарақ пен әскери техника, оның ішінде 140 ұшақ және 60 әскери кеме қатысады. Оқу-жаттығулар Бурдуны, Горячие Ключи, Князь-Волконский, Лагунное, Сергеевский, Телемба, Успеновский полигондарында, Охот теңізі мен Жапон теңізінің суларында өтеді.

Қорғаныс министрлігі оқу-жаттығулар «Шығыс әскери округінің жауапкершілік аймағында Ресей Федерациясы мен оның одақтастарының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде» өткізіліп жатқанын мәлімдеді. Жаттығуларға Қытай, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Үндістан, Тәжікстан, Моңғолия және басқа да елдердің әскерилері қатысады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар