Сейсенбі, 21 Мамыр 2024
1743 0 пікір 31 Тамыз, 2022 сағат 13:39

ЕО елдері Украина әскерін бірлесіп дайындайды

Еуроодақ елдері украин әскерін дайындықтан өткізу бойынша арнайы миссия құру жөнінде келісті. Бұл жөнінде Еуроодақтың сыртқы саясат және қауіпсіздік бойынша Жоғарғы өкілі Жозеп Боррель ЕО қорғаныс министрлерінің ресми емес кездесуінде айтты. Жиын Прагада өтіп жатыр. 

Оның сөзінше, ЕО Украинаға сарбаздарын дайындықтан өткізу бойынша көмектесіп келеді. Бірақ оларға жақсы үйлестіру жұмыстарын үйрету керек деді.

Арнайы миссия қалай жұмыс істейтінін Жозеп Боррель нақты айтпады. Бірақ украин сарбаздарын ЕО-ға мүше көрші елдерде дайындықтан өткіземіз еді.

Прагадағы кездесуде Боррельдің бұл идеясын бәрі бірдей қолдамады. Люксембургтің қорғаныс министрі Франсуа Бауш бұл идеяға күдікпен қарады. Ол бұл мәселе екіжақты келіссөзде шешілуі тиіс деген. Австрия қорғаныс министрі Клаудия Таннер де осындай ой айтқан.

Бұдан бөлек Прагаға келген Еуроодақтың сыртқы істер министрлері Ресей мен Беларусь азаматтарына шенген визасын шектеу жөніндегі мәселені талқылап жатыр. Балтық елдері, Польша және Нидерланд виза беруге толық тыйым салуы керек десе, Германия мен Франция жеңілдетілген визаны ғана алып тастау керек дейді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2242
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2597
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2561
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1687