Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3753 0 пікір 19 Желтоқсан, 2012 сағат 10:54

Сағат Жүсіп. КЕК

Бұл әңгімені Сыр бойының танымал ақыны Сәнімкүл Желдербаева апайдан жазып алған едім.

-  Мен 1932 жылының ақпан айында ашаршылықтың  қысында дүниеге келіппін.  Шын атым Сәнімкүл емес, Сәнікүл. Ашаршылық тезірек бітсін, елдің, заманның сәні кірсін деп Сәнікүл қойыпты. Құжаттарға Сәнімкүл болып қате жазылып кеткен ғой  - дейді апай.

-  Біздің Сырдың бойында колхоздың жаңа ұйымдастырылып жатқан кезі болса керек, әкем байлардан жинап алынған жылқыларды бағыпты. Нағашым Алпысбайдың ауылы бізден бөлек Сарықұм деген жерде тұрады  екен. Ол кісі аңшы, мерген, сері  адам еді. Сол аңшылығының арқасында ашаршылық кезінде көп ағайын-туғанды аң аулап, тері өткізіп аштықтан сақтап қалыпты. 1973 жылы қайтыс болды.

Сол Алпысбай ағамызға байланысты ашаршылық кезінде болған бір оқиға жайлы анамнан естігенімді айтайын. Кеңес заманында ашаршылық жайлы әңгімелерді айтуға келгенде ата-аналарымыз бен үлкендер онша сыр шашпайтын сараң еді ғой. Бар айтатындары: «Қарақтарым, ол күндерді сендердің бастарыңа бермесін» деп қысқа қайыратын. Ежіктеп сұрай да бермейтінбіз. Бірақ анамның аузынан сөз арасында естігенім бойынша, Алпысбай ағамның анасы мен алты жасар қызының кегін қалай алғаны жайлы, адам жегіш ауылдасын атып тастағаны жайлы естігенде ғана елең етіп, құлақ түріп «ол қандай оқиға, айтшы» деп сұрағанда білгенім мынадай.

- Сол ашаршылық жылы Алпысбай нағашым аң аулауға және тері дайындауға адамдарды жинап қырға аттанады. Қасына баласы мен әйелін ғана алады да, жүре алмайтын қарт анасы мен алты жасар қызын қарындасына, яғни біздің үйге қалдырады. Қақпандары мен құрал-сайман, қаруларын есекке артып көп күндік жолға шығады.  Қайтып келетін  күнін де айтады. Сонымен нағашымның  аңнан келетін күні де туады. Анасы тағат таппай, баласының өзін алып кетуін күтпей үйіне қайтпақ болыпты. « Балаң келіп алып кетеді деп айтқанымды тыңдамады,  алты жастағы немересін ертіп  таңертең  жаяу жолға шықты, қойнына бір күлше нан салдым» дейді анам сол күндерді еске алып. Баратын жері шамамен жеті-сегіз шақырымдай, жолда бір құм болатын, соны айналып өту керек, адамдар жүріп жатқан жүргін жол. Сол күні кешке қарай нағашым біздің үйге келіпті. Сұрайды: «Қызым мен анам қайда?» Таңертең кетіп қалғанын айттым дейді шешем. Алпысбай ағам айтқан уақытында аңшылықтан оралса керек,  шешесі мен қызының жолда келе жатқанын, жүргін жолдың шетінде оқшау тұрған бір киіз үйдің маңында келе жатқанын көргенін біреулерден естіп  ол кісі де шыдамай алдынан шыққан екен. Бірақ кемпір мен қыз ұшты-күйлі жоқ, таба алмайды. Ағам шарқ ұрып іздейді,  із кесіп кемпір мен қыздың ізінің сол жалғыз үйдің маңына дейін жеткенін, содан кейін жоғалғанын да аңғарады. Аңшының із кесушілік қасиетінің өзгелерден артық болатыны белгілі ғой. Сонымен не керек, екі туғанынан бірден айрылған  нағашым іші қайғы мен шерге толы, анасы мен қызын іздеуді тоқтатпаса керек. Өте қиын заман еді ғой, аштан қырылып жатқан халық, жүргін жолда тұрған оқшау жалғыз үйдің иесі жайлы ел арасында неше түрлі сыбыс әңгімелер жайлы, некен-саяқ жолаушылар мен қайыршылардың осы маңда жоғалып кететіндері жайлы жұрт айтып жүрген әңгімелер нағашымның шерін, басына түскен ауыртпалықты   қаншалықты үдеткенін бүгіндері  көз алдымызға елестетуге болады. Нағашымның сол бір үйдің жұмбағын ашу жолында, анасы мен қызына қатысты айғақ пен дәлелді қалай іздегенін, таба алмай қалай ішқұса болғанын бір ғана Құдай біледі. Сірә, осы құпияның сырын  ашуды ағам бір сәтте де естен шығармаған болса керек. Жарықтық өте сабырлы, аз сөйлейтін,  ұстамды, ақылды кісі еді. Жұмбақ үйдің құпиясын нағашымның қалай ашқанын ол кісі сол күйінше бізге айтпай кетті, бірақ, бұлтартпайтын дәлел таппаса адам өлтіруге бармайтын мәрт  кісі еді, жарықтық.

Сонымен екі жыл өтеді. Сол жылы ауылдың адамдары аз-аздап есін жиып, тоқшылықтың шеті  көріне бастайды. Көктем жаңбырлы болып, көк мол шығып,  бидай бітік болыпты. Жаңағы жалғыз үйдің егесі сол бидайға қарауыл болады. Ұзын сөздің қысқасы, нағашым жұмбақ үйге байланысты мәселені  тәмамдайтын уақыт жетті деген болса  керек, бір айлы түні егістікке  барады да жаңағы адамжегішті атып тастаған ғой. Қазір ойлаймын, неге нағашым ол қанішерді жазалауды сонша ұзақ күтіп жүрген деп. Әлде, жауызды  отбасы мүшелерінің  көзінше қанын төгуді жөн емес деп осындай оңаша сәтті күтіп жүрді ме екен.  Бұл іске қалай бел байлағанын, екеуінің арасында айлы түнде қандай әңгіме болғанын,  адамжегіштің  өмірінің соңғы сәттерінде өзін қалай ұстағанын   білмейміз. Оны нағашым айтпады, құпияны өзімен бірге алып кетті. Біздің «неге аттың?», «не үшін аттың?» деген сұрағымызға:

- Не қыласыңдар, ату керек болды, аттым - дейтін.

- Сонда, адам өлтіргеніңіз үшін ешкім сізді жауапқа тартпады ма? Туысқандары ше?

- Жоқ. Ешкімнен бір ауыз да сөз шыққан жоқ.

- Ол кім деген кісі? Туған-туысқандары қазір ауылда бар ма?

-  Бар, балалары да бар. Бірақ айтпаймын кім екенін. Балаларының кінәсі жоқ, білмей-ақ қойсын.

Нағашымның жұмбақ үйдің егесін атып тастағанын естіген ауылдастары «жұртқа істегені өзінің алдынан шықты» деп үнсіздікпен мақұлдапты. Ешкім оны іздемепті. Кейін жұмбақ үйдің жұртынан бірнеше ұралар табылып ол жерлерден адам сүйектері табылғанына ауыл адамдары куә болыпты.

Бұл оқиғаны ауыл адамдары сол кездері  де, кейін де ешкімге тіс жарып айтпаған, сыртқа шығармаған, жабулы қазан күйінде жабық қалдырған. Сірә, олар кер заманда болған  мұндай сұмдық оқиғаның  жай-жапсарын айтудың өзі, оны еске алудың  өзі ешкімге де, ешбір қоғамға да, заманға да лайық емес, себебі оны  ешбір сөзбен ақтап айту мүмкін емес, оған ешбір мәжбүрлік те сылтау бола алмайды деп түйсе керек.

«Abai.kz»

0 пікір