Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3023 0 пікір 19 Желтоқсан, 2012 сағат 10:45

Қажымұқан Ғабдолла. ЭКСПО: Бұл - масқара шығын ғой!

Күні кеше бөркімізді аспанға атып қуанған ЭКСПО Астана-2017 дүниежүзілік көрмесін өткізуге бізбен бәсекелескен Бельгия көрмені өткізуге 600 млн еуро бөлуді жоспарласа, Қазақстан мемлекет қазынасынан 1 млрд 250 млн еуро, ал, сыртқы инвестиция есебінен 4 млрд еуро бөлуге уәде беріпті.

Масқара шығын ғой, бұл?.. Не басымызға күн туды?..

Астанадағы екі қазақтың баласының бірі - үй-күйсіз жүр. Үкімет болса, Астананың оңтүсік-шығысынан 113 га жерге ЭКСПО өткізуге жер бөлді. Елбасы қай күні «Астананың маңайынан жеке үй салуға жер берілмесін!», деген бұйрық шығарды. Сонда, жүздеген мың долларлық пәтерге шамасы жетпейтін астаналық қазақтар Қарғандыдан қатынап, жұмыс істей ме?..

Әлгі әңгүдік ЭКСПО 2017 жылдың 10 маусымынан - 10 қыркүйегіне дейін бақандай үш ай бойы өтеді екен. Олай болса, үш айдың бедерінде барлық шаруамыздың басын қайырып тастап, мақтангершілік тойын тойлаймыз ба?..

Қайдам, қанша «мықты» болсақ та, 100 күн қонақ күту де, ә дегенде бір мезгілде 4-5 млн адамды қарсылап алып, ас-суын, төсек-жарағын табу да аса қиын шаруа.

Мен қаржыгер де, экономист те емеспін, бірақ, ЭКСПО өткізіп, 11 млрд доллар пайда тапқан Оңтүсік Корея басынан - бақайшығына дейін капиталистік ел ғой. Біздің жұртымыз әлі күнге дейін «Нарық нақыштарының әліппесін» оқып жүрген жоқ па?..

Көтере алмас қылышты белімізге байламасақ етті... Менің уайымым осы...

«Abai.kz»

0 пікір