Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3724 0 пікір 16 Желтоқсан, 2012 сағат 12:35

Тәуелсіздік күні құтты болсын, туған ел!

Алаш жұрты үшін екі дүниеде теңдесі жоқ, атаның қаны, ананың көз-жасымен келген Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Құрметті, асылтекті Алаштың мәңгі жасар ұрпағы! Ұлы даламыздағы ең ұлы мерекеміз - Тәуелсіздік күні ел мен жердің ырысы молайсын!
Тәуелсіздік үшін күрес бір сәтке де тоқтаған емес! Тоқтамайды да! Өйткені, Азаттықтың әр таңы Алаш баласынан қадіріне жетуді, қажет болса, қасық қаны қалғанша қорғауды талап етеді. Тәуелсіздіктің туын тік ұстап, ұрпақтарға аманаттап отыру  исі қазақтың қасиетті парызы екенін әрбір қазақ естен шығармауы тиіс!
Азаттық үшін күрескен азаматтардың рухына мың тағзым!
Ең ұлы мерекеміз - Тәуелсіздік күні құтты болсын!
«Abai.kz» порталы арқылы ел-жұртты, ағайын-туысты, барша қазағыңызға құтты болсын айтыңыз!
«Abai.kz»

0 пікір