Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2840 0 пікір 9 Желтоқсан, 2012 сағат 16:47

Келер жылы 160 тұрғын үй күрделі жөндеуден өтеді

Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы бес мыңнан астам көпқабатты тұрғын үйдің 90 пайызға жуығы осыдан 20 жыл бұрын салынған. Жүргізіліп отырған тексерулер сол үйлердің 4,5 мыңға жуығы жөндеу қажет ететінін көрсетіп отыр.
Елімізде жүргізіліп жатқан терможаңғырту бағдарламасы бойынша өткен жылы біздің облыста 117 үйге жөндеу жүргізілді. Биыл осы шараға республикалық бюджеттен 812 млн. теңге бөлініп, 60 үй жөнделген. Қазіргі күні жөндеу жұмыстары әрі қарай жалғасуда.
Келер жылға құрылыс және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы агенттігіне 1 млрд. 400 млн. теңгеге бюджеттік тапсырыс беріліп, осы қаржыға Өскемен, Семей, Риддер, Зырян, Серебрянка, Курчатов қалалары мен Аягөз, Зайсан, Шемонайха, тағы да басқа ірі ауылдардағы 160 тұрғын үй нысанын жөндеу көзделініп отыр.
2020 жылға дейін жүргізілетін терможаңғырту бағдарламасы аясында қайта жаңғыртуды қажет етіп тұрған облыстағы 3970 көппәтерлі тұрғын үйдің 2600-і жөнделіп бітетін болады.
«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 472
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 248
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 276
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 266