Сенбі, 4 Мамыр 2024
2440 1 пікір 5 Тамыз, 2022 сағат 13:18

Cаясат: Ресей соты АҚШ азаматын соттады

Мәскеу облысындағы Химки қаласының соты америкалық баскетболшы Бриттни Грайнерді тоғыз жылға соттады. Сот атлетті есірткі тасыды деп таныды.

Грайнер биыл ақпан айында Мәскеудегі Шереметьево әуежайында ұсталды. Оның сөмкесінен вейпке арналған наша майы табылған. Бұл затқа Ресейде тыйым салынған, бірақ АҚШ-тың бірқатар штатында рұқсат етілген.

Грайнер Екатеринбургтегі УГМК баскетбол клубы сапында ойнаған. Ол АҚШ құрамасы сапында екі мәрте Олимпиада чемпионы атанған. АҚШ мамыр айында Грайнерді "заңсыз ұсталды" деп танып, оның ісін президенттің кепілге алынғандар ісі жөніндегі арнайы елшісіне жолдады.

Ресей мен АҚШ Грайнер мен Ресейде сотталған тағы бір америкалық Пол Уиланды Құрама Штаттарда қамауда отырған ресейліктерге айырбастауды талқылап жүр. Вашингтон оларды колумбиялық бүлікшілерге қару сатуға әрекеттенгені үшін 25 жылға сотталған ресейлік Виктор Бутқа айырбастауды ұсынған.

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Мәскеу Грайнерді ғана Бутқа немесе екі адамды екі адамға айырбастағысы келеді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1160
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1063
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 795
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 921