Сенбі, 27 Сәуір 2024
Билік 3281 0 пікір 7 Шілде, 2022 сағат 15:28

Ержан Біржанов қаржы вице-министрі болып тағайындалды

Ержан Біржанов Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша, Ержан Ерікұлы Біржанов Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ержан Біржанов 1979 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Солтүстік Қазақстан заң академиясын, М.Нәрікбаев атындағы Қазақ мемлекеттік заң университетін, Бизнес және халықаралық зерттеулер университетін (Швейцария) бітірген. Еңбек жолын 1999 жылы СҚО бойынша Салық комитетінің жергілікті салықтар секторының аға салық инспекторы болып бастады.

1999-2004 жылдары СҚО бойынша Салық комитетінде жұмыс істеген.

2004-2014 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің құрылымында басшылық лауазымдарды атқарды.

2014 жылғы наурыз-қараша аралығында – ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сарапшысы.

2014-2017 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Даму және жаңғырту департаментінің директоры.

2017 жылы "Казимпэкс" республикалық орталығы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

2017-2021 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет етті.

2021 жылғы наурыздан бастап ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болған.

Abai.kz

0 пікір