Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 943 0 пікір 30 Маусым, 2022 сағат 12:20

"Жас Қанатта" жаңа спорт кешені бой көтереді

Тұрғындардың жайлы өмір сүруы мемлекеттің басты басымдықтарының бірі екені анық. Сондықтан да тұрғын үй кешендерінің маңында балалар ойнайтын алаң, жүгіру жолақтары мен серуендеуге арналған саябақ, қауіпсіз аула мен жайлы орындар әзірленеді. Алматы қаласы халқы ең көп мегаполис ретінде барлық аулаларды аталған қажеттіліктермен қамтамасыз ету үшін жүйелі жұмыстарды іске асыруда. 

Түрксіб ауданы тұрғындары үшін спорт объектілерін «жақын орналастыру» жұмыстары жалғасып жатыр. Жылдың соңына дейін Жас Қанат шағынауданында бассейні бар тағы бір спорт кешені іске қосылады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуі барысында айтты.

«Осы жылдың наурыз айында Жұлдыз шағынауданында бассейні, гимнастика, жекпе-жекпен айналысуға арналған залдары және т.б. бар жеке дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Жылдың соңына дейін Жас Қанат шағынауданында бассейні бар тағы бір спорт кешені пайдалануға беріледі», – деді Досаев.

Cпорт кешендерін көптеп салу маңызды. Бұл дені сау ұлт пен ұрпақ принципіне сай келетін жобалар екенін түсінуге тиіспіз.

2022 жылдың қазан айында Майлин көшесіндегі «Авиатор» стадионының және Огарев көшесіндегі Даму және шығармашылық орталықтың аумағында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу үшін жобалау-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптама қорытындысын алу жоспарланған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2151
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2557
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2392
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661