Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
2070 0 пікір 30 Маусым, 2022 сағат 17:14

Түрксіб ауданындағы жаңа мектептер желтоқсанда дайын болады

Түрксіб ауданында салынып жатқан екі мектептің құрылысы желтоқсан айында аяқталады.

Қала әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, қазіргі күні Алматының Түрксіб ауданында мектептер мен балабақшалардағы орын тапшылығы жиынтықта 4,2 мың орынды құрайды (1,5 мың - мектеп, 2,7 мың – мектепке дейінгі ұйымдар). Орын тапшылығын азайту мақсатында білім беру ұйымдарын салу және жөндеу жобалары іске асырылып жатыр.

«2022 жылдың желтоқсан айында Қайрат шағынауданындағы 1500 орындық мектеп пен Волочаевская көшесіндегі 300 орындық жеке меншік мектептің құрылысын аяқтау жоспарланған. Бұл қазіргі орын тапшылығын толығымен шешеді. Осы жылдың 3-тоқсанында № 59 мектеп-гимназияның жаңа ғимаратын салу басталады. 1939 жылы салынған ескі ғимарат бұзылады. Жылдың соңына дейін Жас Қанат шағынауданында 280 орындық балабақшаның құрылыс жұмыстары қайта басталады», - деді қала әкімі.

Ерболат Досаевтың айтуынша, 2023 жылы Қайрат шағынауданындағы 260 орындық балабақшаның құрылыс жұмыстары аяқталады.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1579
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1470
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1219
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1198