Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
2315 1 пікір 30 Маусым, 2022 сағат 14:40

Ералы Тоғжанов: Маска режимі қайта оралуы мүмкін

Қазақстан үкіметінің вице-премьері Ералы Тоғжанов коронавируспен ауырғандар күрт көбейсе, маска тағу тәртібі қайта оралуы мүмкін екенін айтты.

"Әзірге ушығып тұрған жоқ, бірақ ауырғандар әрі қарай да көбейе берсе, маска тәртібі қайта қолға алынуы мүмкін. Қазір тәулігіне 100 адамға дейін ауырып жатыр", — деді Тоғжанов.

Оның сөзінше, карантин шараларын күшейту мәселесі коронавируспен күрес жөнінде ведомство аралық комиссиясының отырысында қаралады, онда тек маска мәселесі емес, өзге де шаралар талқыланады.

Кейінгі күндері Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар көбейе бастаған. 30 маусымның таңындағы ресми мәліметке қарағанда, бір тәулікте Қазақстанда 137 адамға жұққан. Оның 77-сі Алматыда, 26-сы Нұр-Сұлтанда. Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың сөзінше, Нұр-Сұлтан мен Алматы коронавирус екпіні бойынша "сары" аймаққа жақындап келеді.

29 маусымда денсаулық сақтау министрлігі бір тәулік бұрын (28 маусымда) Қазақстанда 110 адамнан коронавирус шыққанын, мұның 27 маусымдағы көрсеткіштен екі есе көп екенін айтқан. Биыл наурызда соңғы рет тәулігіне 100-ден астам адамға коронавирус жұққан еді.

Бүгінге дейін Қазақстанда барлығы 1 306 608 адам коронавируспен ауырған. 30 маусымдағы мәліметке қарағанда, Қазақстанда коронавируске қарсы вакциянының алғашқы компонентін 9 524 362 адам алған, 9 307 360 адам екінші рет вакциналанған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1562
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1445
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1192
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1183