Жексенбі, 19 Мамыр 2024
2810 4 пікір 27 Маусым, 2022 сағат 17:13

Тоқаев Ақаевты қабылдады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 23 маусымда Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаевты қабылдады. Бұл туралы Азаттықтың қырғыз қызметіне қоғам қайраткері Бекболот Талғарбеков хабарлады.

Оның айтуынша, үш күн Алматыда болған Асқар Ақаев Қазақстан астанасына ұшып, сол жерде Тоқаевпен кездескен. Қазақстан президентінің баспасөз қызметі бұл жүздесу туралы ресми ақпарат таратпады, алайда қазақстандық БАҚ Тоқаевтың Ақаевпен, оның әйелі Майра Ақаевамен бірге түскен суретін жариялады.

19 маусымда Асқар Ақаев Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәріс оқыды.

Ақаев 1991-2005 жылдар аралығында Қырғызстан президенті қызметін атқарды. 2005 жылғы 24 наурызда "қызғалдақ революциясы" кезінде ол қызметтен кетіп, кейін Мәскеуден саяси баспана алды.

2021 жылы Асқар Ақаев Қырғызстанға екі мәрте келіп, Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет сауалдарына жауап берді.

 

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2154
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2560
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2409
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1663