Сенбі, 27 Сәуір 2024
Экономика 29867 20 пікір 27 Маусым, 2022 сағат 13:02

Лениннен Путинге дейін: Ресей дефолт болды

Украинаға әділетсіз соғыс ашып, артынша жойқын санкцияның астында қалған Ресей 1918 жылдан кейін араға 104 жыл уақыт салып, суверенді қарызын шетел валютасымен төлей алмады. Ресей 100 млн доллар қарызын төлеуі тиіс болатын. Қарызды төлеу бойынша Ресейге мамырдың  27 күні бір ай уақыт берілген еді. Bloomberg басылымының жазуы бойынша қарызды төлеу бойынша уақытты өткізіп алу дефолт болып саналады. 

Басылымның жазуы бойынша, Ресейдің дефолтқа ұшырауы Батыс салған жойқын санкциялардың әсерінен болған. Алайда аталмыш дефолт әзірге символикалық мәнге ие, себебі Ресей экономикасы дефолтсыз-ақ ең ірі құлдырау мен инфляцияға ұшырады, ал халық арасында жұмыссыздық артты.

Ресей дефолт жариялауға қарсылық танытып, "қарызды төлеу мүмкіндігіміз бар, бірақ сол мүмкіндікті бермей" отыр дейді. Ресейдің қаржы министрі Антон Силуанов бұл жағдайды "қасақана ойластырылған" деп атады. Бұған дейін Ресей сыртқы қарызының 40 млрд долларын рубльмен төлейтінін айтқан болатын.

Әлемдік сарапшылар да өз ойларын айтуда. Мысалы  Loomis Sayles & Company LP компаниясының сарапшысы Хасан Мәлік былай дейді: "Қаржысы бар үкімет сыртқы үкіметтің қысымымен дефолтқа баруға мәжбүр болған жағдай. Бұл тарихта өте сирек кездеседі. Тарихтағы ең бір ерекше деолт осы болар".

Дефолттың болғаны жайлы негізінен халықаралық тәжірибеде рейтингті анықтайтын фирмалар жариялайтын, алайда Ресей компанияларының рейтингін анықтау агенттіктері соғыс басталған соң, Ресей нарығынан кетті. Ереже бойынша компания акциясын ұстаушыларының 25 пайызы дефолт болғанын мойындаса, онда дефолтты жариялауға болады.

Соңғы рет Ресей дефолтты 1918 жылы жариялаған болатын. Лениннің басшылығымен билікке келген большевиктер Ресей империясының қарызын төлеуден бас тартып, дефолт болды. Аталмыш қарыз қазіргі доллар бағамымен есептегенде триллион долларды құрады.

Abai.kz

20 пікір