Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3052 0 пікір 21 Қараша, 2012 сағат 08:29

Маңғыстау ауданы ақсақалдары: Жаңаөзен қаласына Бекет Ата есімін беру керек деген бастама тоқтатылсын!

Жаңаөзен қалалық мәслихат депуттарына

және

«Бекет Атаның есімін қалаға берейік» деп бастама көтерген топқа

Ашық хат

Құрметті Жаңаөзен қаласының депутаттары!

Сіздер Жаңаөзен халқы сайлаған депутатсыздар. Сондықтанда халықтың өтініші, елдің ой-пікірімен санасуға тиістісіздер. Заң бойынша қаланың атын өзгерту үшін бірінші кезекте қала тұрғындарының пікірі ескерілуі тиіс, екінші қалалық мәслихат сессиясының күн тәртібіне қойылып, депутаттар дауысқа салады. Одан соң облыстық мәслихат сессиясында қаралып, Республикалық ономастикалық комисиясына жолданады.

Біздер, Маңғыстау ауданының ақсақалдары, ел азаматтары болып Піріміз-Бекет Атаның есімін Жаңаөзен қаласына береді дегенді естіп, өз қарсылығымызды білдіру үшін, Шетпедегі ардагерлер үйіне жиналып, осы мәселені талқылап, мынандай мәмілеге келдік:

Жаңаөзен қаласына Бекет Ата есімін беру керек деген бастама тоқтатылсын!

Жаңаөзен атауы сол күйінде қалдырылсын!

Қаланың атын өзгерткенше, Жаңаөзен халқының жағдайы жасалсын!

Ендігі жерде, Атамыздың есімін елді мекенге, тіпті мешіттерге де беруге болмайды! Имансыз адамдардың кесірінен Атаның атына  орынсыз сөз келеді.

Піріміз Бекет Атаның есімін тек қана қорыққанда, қуанғанда, сиынғанда, рухына құран бағыштағанда ғана атайық. Бекет Атамыздың атын пайдаланып, ақша табуға, жарнама жасауға, саясатқа айналдыруға, жол берілмесін! Бекет Ата  қасиетті Маңғыстаудың қара шаңырағын шайқалтпай ұстап, халқының рухын көтеріп тұрған рухани күш.

Әкімдердің жанында жүрген ардагер шалдар, халықтың атынан сөйлеуді доғарыңдар! Ондай құқты сендерге ешкім берген жоқ.

Берекесіз бастама көтеріп, тыныш жатқан елді дүрбелеңге салып, Бекет Ата рухын мазалағандарың үшін Атадан, халықтан кешірім сұрап, Атамыздың әруағына арнап садақа беріңдер! Олай жасамасаңдар, халықтың наласы, әруақтың киесіне қаласыңдар!

Бұл - Маңғыстау ауданы ақсақалдарының талабы.

Шетпе кенті

1.Бижан Дүйсенбаев - ҰОС ардагері, ауданның құрметті азаматы

2.Жетібай Жылқшыұлы- халық шежірешісі, ауданның құрметті азаматы

3.Бозбанов Жүсіп - еңбек ардагері, заңгер

4. Көшімов Әмірхан-ауданның құрметті азаматы

5. Үбнияев Едіге - ауданның құрметті азаматы

6. Ермағанбетов Дүйсен

7.Демеубергенов Рахмет-зейнеткер.

8.Сағындықов Өмір-ардагер ұстаз

9.Әйлеков Төлеп-ардагер теміржолшы

10.Қожақов Таңбай-зейнеткер

11. Әнес Сегізбай

12.Олжабаев Ізбасқан -зейнеткер

13.Нысанбаев Жанкелді-зейнеткер

14.Жұмағалиев Аманқос-зейнеткер

15.Бекмурзин Айберген-зейнеткер

16.Асқаров Табылған-зейнеткер

17.Жанұзақов Айтбай

18.Дүйсенбаев Бектұрған

19.Ыбыраев Көшбай

20.Баекеев Бірғали- журналист

21.Башенов Ералы

22.Төлепбергенов Берекет-ардагер дәрігер

23.Бердіғұлов Әди-ардагер-баспагер

24.Нұрлыбаев Мұхамбет-зейнеткер

25.Қалымбетов Көптілеу-зейнеткер

26.Жүсіпов Талап-зейнеткер

27.Ұзақбаев Аманқос

28.Жайлаубаев Өтелген

29.Шынжырбеков Көмек

30.Мәшіріпов Нұрсұлтан-зейнеткер

31.Бисенов Базартай-зейнеткер

32.Байпақов Шәймырза-зейнеткер-құрлысшы

33.Мырзатаев  Амангелді-зейнеткер

34.Қалдығұлов Момынбек

35.Сабырбаев Ералы

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 569
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 294
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 316
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 328