Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Анық-қанығы 2622 2 пікір 9 Маусым, 2022 сағат 13:32

Әбдірахымов қылмыскер ме, жоқ па?..

Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтың үстінен «ірі көлемдегі алаяқтық» бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Бұдан бұрын олар «рейдерлік» бойынша күдікке ілінді деген ақпарат пайда болған еді. Бұл туралы Михаил Козачков өзінің телеграм-арнасында жазды.

Козачков не дейді?

«20-мамырда телеграм-каналымда Шымкент қаласының экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты қозғалған қылмыстық іс туралы айтқан болатынмын. Бас прокуратура «Информбюроға» берген Әбдірахымовқа қатысты «рейдерлік» бабы бойынша іс жоқ деген жауабын түсіндіретін кез келді.

Мәселен, 19 мамырда Forbes журналының нұсқасы бойынша ең табысты 50 бизнесмен тізімінде 49-орында тұрған белгілі кәсіпкер Сайдулла Қожабаев құқық қорғау органдарына жүгінді.

Оның түсініктемесінде Әбдірахымов пен Мәсімов бар, жалпы бес адам одан ірі көлемде және заңсыз ақша алғаны айтылған.

Олар не сұрап, ақшаны кәсіпкер не үшін төлегені әлі жұмбақ. Өкіліне хабарластым, кейін кездесеміз деп уәде берді. Бірақ арыз тіркеліп, ЕРДР нөмірі алынып, іс Алматы қалалық полиция департаментіне берілді. Іс 190-баптың 4-бөлігі – аса ірі көлемдегі алаяқтық бойынша тергелуде. Ақпаратты подполковник Әзірбек ресми түрде растады», - деп жазады, Михаил Козачков.

Козачков айтып отырған Қазақстанның ең бай кәсіпкерінің бірі Сайдулла Қожабаев – «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС, «Ақтау трансформатор зауыты» ЖШС, «Алматы электр механикалық зауыты» ЖШС, «Электромонтаж» АҚ, Шымкенттегі және Asia Trafo жоғары кернеулі трансформаторлық жабдық өндіретін зауыт пен «ПромЭнерго» жобалау институты кіретін Alageum Group корпорациясының мажоритарлық иесі.

Полиция Шымкенттің экс-әкімі, бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ғабидолла Әбдірахымов пен ҚР ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты қылмыстық істің қозғалғанын растады.

Полицияның ресми ақпараты не дейді?

«Азамат К. өтініші ҚР ҚК-нің 190-бабы, «Алаяқтық» бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді Алматы қаласы ПД тергеу басқармасы жүзеге асырады», - делінген полиция хабарламасында.

Бірақ Ғабидолла Әбдірахымовтың өзі бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр. Оған құқық қорғау органдарынан ешқандай хабарлама келмеген көрінеді.

Әбдірахымов не дейді?

«Шынымды айтсам, ешқандай іс туралы хабарым жоқ. Ешкім ешқайда шақырған жоқ, маған ескертпеді. Әлеуметтік желіде жазылғандар бос сөз. Бұған менің еш қатысым жоқ. Бұл не үшін жасалғанын білмеймін. Ол адам (арыз жазған адам-ред.) - қарапайым кәсіпкер, Қазақстанда ондайлар көп. Мен көп кәсіпкерді білемін. Бірақ ол адаммен ешқандай қатысым болған емес және жоқ. Онымен мүлдем байланыста болған жоқпын. Әрине, өмір бойы, дәлірек айтсақ, 22 жыл мемлекеттік қызметте болдым. Мен де басқалар сияқты бұл бизнесмендерді мемлекеттік қызметкер ретінде ғана білуім мүмкін», - деді Әбдірахымов.

Әбдірахымов ақпарат көзінің «қылмыс жасады деп айыптағанының өзі қылмысқа жатады» дейді.

«Неге адамдар мұндайға жол береді. Бұл ақпаратты жариялаған Козачков мырза маған хабарласпады. Кеше Бас прокуратура да ақпаратты теріске шығарды. Бірақ олар әлі тынышталмай отыр. Маған біреу «тапсырыс» берген сияқты. Бірақ мұның не үшін жасалып жатқанын білмеймін», - дейді ол.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1528
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1388
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1137
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1155