Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3751 0 пікір 27 Шілде, 2009 сағат 08:35

Абай болыңыздар! Қауіпті дерт Қазақстанға жетті

Елде төтенше жағдай жариялануы керек

Үкімет елімізде А/H1N1 тұмауын жұқтырғандардың қатары 13-ке жеткенін  ресми түрде  жариялады.  Қауіпті тұмау әлеуметтік топтарды: бар мен жоқты «алаламайтын» болып тұр. Талпақ танаудан тараған тұмауға битін сығып, қанын жалап отырған кедей де, шайқап ішіп шалқып өмір сүріп жатқан бай мен бағылан да шалдығады екен.

Лондоннан шошқа тұмауын жұқтырып қайтқаны белгілі болған алты баладан басқа кеше Атырау қаласындағы ауруханағатағы екі бала түсті.  Олардың саны енді міне,   он үшке жеттті. Ертең қандай мәлімет белгілі болады? Оны тап басып айту қиын, әрине.

19 шілде күні Лондоннан 48 оқушы мен үш мұғалім ұшып келген еді. Келген бетте 12 мен  15 жас аралығындағы балалардың алтауы өзін нашар сезінгендерін байқаған. Қазір олардың қал-ахуалы қатаң бақылауда.

Шошқа тұмауы туралы жаманат хабар шығысымен Астана қаласының әкімі көпшілік орындарына шұғыл тапсырма беріп, қала тұрғындарынан қорғаныш дәкесін таңып жүруді талап етті. Әкімнің бұл талабына астаналықтар түсіністікпен қарауда. Иманғали Тасмағамбетов көші-қон және туризим салсының басшыларымен  дереу байланысқа шығып жолаушыларды тиісті  тексерулерден өткізіп тұрудың қажеттігін ескертті.

Астанада қазір сауда саттық орындарында, халыққа қызмет көрсететін өзге де нысандарда санитарлық пункттер жұмыс істеп тұр.

Астанадағы тәртіп пен жинақылық Алматыға әлі жете қойған жоқ. Тұмауға шалдыққан алты баланың бәрі алматылық болғанымен Алматыда бет-аузын тұмшалап жүрген адамдарды көрмейсіз. Қалалық әкімшілік дабыл қағып, тұмауды таратпаудың қамына кірісіп кеттік дегенімен дәрі-дәрмек сататын сауда орындарында оксилин майы мен бет ауызды жабатын дәке табылмай қалып жатыр. Кісі аяғы  үзілмейтін Алматы әуежайында шетелден келіп жатқан жолаушылар термовизордан айналып өтуде. Өйткені адамдар мыңдап ағылатын дәлізде жалғыз ғана термовизор тұрған көрінеді.

Журналистерге мәселенің мән-жайын түсіндіруді тырысқан қала әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов  «қала қатаң бақылауда» дейді. Алайда, келіп-кетушісі көп Алматыны толық бақылау тым қиын шаруа. Сондықтан жақын маңайдан Алматыға, өзге де қалаларға келіп сауда саттық жасайтындар мен жай жүргіншілерді уақытша тоқтата тұру қажет шығар. Өйткені шошқа тұмауы тез таралатын дерт. Егер ол ауыл-ауылды аралап кетсе, ауыздық бермей, жалпақ жұрттың ішінде жайлуы мүмкін. Ал аталған тұмау ауылға жетсе, онда Қазақстан тұтас қауіпті дерттің аймағы болып шыға келмек. Осы күнге дейін әлемде  139 мың 566 адам шошқа тұмауын жұқтырыпты. Тұмауға шалдыққан  781 адам жан тапсырып кетті.

Қауіп еткеннен айтамыз: Қазастанда төтенше жағдай жарияланып, көрші мемлекеттермен, сондай-ақ,  алыс та жақын елдермен ара қатынасымызды уақытша үзе тұруға тиіспіз. Денсаулық сақтау министрлігі барлық елді мекендерді бақылауында ұстап, ел арасында түсіндіру, ағарту шаралары пәрмен алуы керек. Өйткені, қазақтың дертке шалдығуы көп ретте білмегендіктен, ескермегендіктен, мән бермегендіктен болып келеді. «Сақтансаң сақтаймын» деген Жаратқанның ескертуі бар көрінеді. Ендеше сақ жүрейік, абай болайық.

«Абай-информ»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1129
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1029
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 765
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 882