Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Билік 1780 0 пікір 2 Маусым, 2022 сағат 16:46

Мәжіліс депутаттары ақтөбеліктерді дауыс беруге шақырды  

Мәжіліс депутаттары Ғалымжан Елеуов, Аманғали Бердалин «Қазақтелеком» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы ұжымымен кездесті. Онда еліміз түбегейлі өзгерістердің алдында тұрғанын айтып,  оның негізгі қозғаушы күші — конституциялық реформалар екенін айтты.

– Біз еңбек ұжымдарымен медицина, мәдениет қызметкерлерімен және педагогтармен кездесудеміз. Мақсатымыз Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру. Алдағы конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы қарым-қатынас теңгерімін оңтайландырады. Халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейтеді, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтеді. Біздің әрқайсымыз осы мүмкіндікті пайдалануымыз керек, – деді Ғалымжан Елеуов.

Аманғали Бердалиннің пікірінше осындай кездесулерден Президенттің саясаты мен реформаларына деген халықтың қолдауы айқын көрінеді. Бұл мемлекеттің әділетті Қазақстан құрудағы бағытының дұрыстығының жарқын көрінісі.

– Конституцияға енгізілетін өзгерістің ішінде еліміздің суперпрезиденттік басқарудан түбегейлі бас тартып, Президенттік Республика моделіне өтуі, барлық партияларға тең мүмкіндік ашылуы, демократиялық қоғамның күшеюі, елді жаңа кезеңге өтуінің кепілі деп білемін. Барлық ақтөбеліктерді саяси науқанға атсалысып, дауыс беруге шақырамын, – деді Аманғали Бердалин.

«Қазақтелеком» АҚ Ақтөбе облыстық филиалында қазіргі таңда 465 адам жұмыс жасайды. Үлкен еңбек ұжымы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын қолдайтынын айтып, саяси науқаннан үлкен үміт күтетінін жеткізді.

Елін, жерін, балаларының болашағын ойлайтын адам референдумға баруы тиіс деп ойлаймын, – деді жергілікті кәсіподақ ұйымының жетекшісі Ғалия Өтегенова.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1579
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1468
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1217
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1198