Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3792 0 пікір 24 Шілде, 2009 сағат 10:27

Заутбек заулап барады

 

Мәскудегі қазақтардың www.kazakh-tili.ru сайты ММУ-дың ақпараттық сараптамалық орталығына сілтеме жасай отырып Заутбек Тұрысбековтың Ресейге елші болып келетіні туралы бір деректің шетін шығарды. Осыдан ай жарым бұрын тараған әңгімеге байланысты редакциямызға мәлім ақпарат көзі Тұрысбеков мырзаның агреман күтіп отырғанын растады. Яғни, Заутбек Тұрысбеков әне-міне Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып атанғалы жатыр.

 

Мәскудегі қазақтардың www.kazakh-tili.ru сайты ММУ-дың ақпараттық сараптамалық орталығына сілтеме жасай отырып Заутбек Тұрысбековтың Ресейге елші болып келетіні туралы бір деректің шетін шығарды. Осыдан ай жарым бұрын тараған әңгімеге байланысты редакциямызға мәлім ақпарат көзі Тұрысбеков мырзаның агреман күтіп отырғанын растады. Яғни, Заутбек Тұрысбеков әне-міне Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып атанғалы жатыр.

Ақ Орданың дәлізін кешіп жүрген саяси топтар сыртынан «южан» деп ат қойып айдар таққан Зауытбек Тұрысбеков Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Қағаз тілімен айтсақ, еңбек жолын өзі туып-өскен Түлкібас ауданында ЛКЖО-ның хатшысы болып бастаған. Кеңес одағының тұсында атқа мініп, ауызға іліккен Тұрысбеков мырза бүгінде жұлдызы жанған азаматтардың қатарында келеді. 1993 жылы ҚР Жоғарығы Кеңесінің депутаты болды.  1993-1997 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі деген жарты патшаның қызметін атқарды. 1997-99 жылдар аралығында миграция және демография агнеттігінің төрағасы болып жүрген жерінен Президент әкімшілігі аппарт басшысының орынбасары болып шыға келді. Аппараттың ауасын бір жылдай жұтып сосын Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікті басқарды. Президенттің арнайы жарлығымен 2003-2005 жылдары Ішкі істер министрі дейтін лауазымды қызметті атқарып тастады. 2007 жылдан бері дипломатиялық миссияны мойнына жүктеп өкпе тұсымыздағы Өзбекстанда төтенше және өкілетті елші болып отыр. 58 жаста.

Заукең оңтүстіктегі бауырларымыздың өткірлігін, әбжілдігін, әзілге жүйрік айтқыштығын, сауда сатыққа ептілігін бойына молынан сіңірген азамат. Оның негізгі бизнесі Шымкенттегі ірі сауда нысандары  мен кәсіпорындарға шоғырланған. Шырайлы Шымқаланың атын сұрап тұрған ағайын туысқа да бай адам.

Заутбек Тұрысбеков Оңтүстіктің билігі үшін Қоңырат руымен бәсекеге түсіп отыратын Дулат руының бел баласы. Кешегі марқұм Асанбай Асқаровтан қалған ел билеу мектебінің үздік түлектерінің бірі. Сол себептен де  бәсекелестері көп, әрі әртүрлі қаңқу сөздерге ілігіп жүретін адам. Оның есімі Теміртас Тілеулесовтың «Шымкенттік мафия» атты кітабында жиі кездеседі.

Заутбек Қаусбекұлы Виц-премьер Өмірзақ Шөкеевпен пікірлес адам дейді білетіндер. Мәскеуге елшілікке бару- Қазақстандағы мемлекеттік қызметкер үшін үлкен мәртебе саналады. Демек, Заукеңнің осы заулағаны заулаған болып есептелуге тиіс. Ал, Қырғызстанға елші болып Бейбіт Исабаев баратын көрінеді. Оның Президенттің баспасөз қызметінің жетекшілігінен аяқ асты босауының себебі әлі белгісіз.

 

 

«Абай-информ».

 

0 пікір