Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2322 0 пікір 5 Қараша, 2012 сағат 16:23

Нұрлы жол: дүниеге дүрбі салып қарасақ

Бүгінде әлемнің төрттен бірін қамтитын мұсылман жамағатының жаҺандық қауымдастықтағы орны ерекше. Өйткені, сан ғасырлық тарих дінмен, иманмен, сеніммен басталатын жолдың әрқашанда нұрлы болатындығын дәлелдеп берді. Осынау ұлағатты ұстанымды Алланың шексіз шарапаты, ауыр жолмен келген асыл қазына ретінде бағалауымыз керек. Сонымен бірге, бұл тәуелсіздікке қол жеткізген қазақстандық қауымға, діни бірлестіктерге, мұсылман жұртшылығына қосымша міндеттер жүктейді.

Бүгінде әлемнің төрттен бірін қамтитын мұсылман жамағатының жаҺандық қауымдастықтағы орны ерекше. Өйткені, сан ғасырлық тарих дінмен, иманмен, сеніммен басталатын жолдың әрқашанда нұрлы болатындығын дәлелдеп берді. Осынау ұлағатты ұстанымды Алланың шексіз шарапаты, ауыр жолмен келген асыл қазына ретінде бағалауымыз керек. Сонымен бірге, бұл тәуелсіздікке қол жеткізген қазақстандық қауымға, діни бірлестіктерге, мұсылман жұртшылығына қосымша міндеттер жүктейді. Өйткені, қазіргі таңда Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына төрағалық жасау құрметіне ие болған Қазақстанымыздың өнегелі үлгісі еселене түсетіні белгілі.

Қазақстан Әлемдік және дәс­түр­лі діндер көшбасшыларының за­ман талабындағы толғанысты мә­селелерді зерделеген төрт съезін өт­кізді. Бұл - бұрын-соңды болма­ған өте маңызды бастама. Сондық­тан, елімізде «Дінің тұрсын дін аман» қағидатынан нәрленетін шаралардан тармақталған жұмыста­ры­мыз да ұлан-ғайыр. Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаев осыдан тура бір жыл бұрын қол қойған «Діни қыз­мет және діни бірлестіктер туралы» Заң діни қауымдастық қызметіне өркениеттікке негізделген серпін қосты. Қазақстан мұсылмандары­ның кезектен тыс VІ құрылтайында ҚМДБ Жарғысына біздің тарихи ерекшеліктерімізге сәйкес Әбу Ханифа мәзҺабы насихатталатын­ды­ғы жөніндегі өзгеріс енгізілді. Бұл діни істің жинақылығы мен ай­қындығын, ата-баба аманатына адал­дық ұстанымдарын нықтай түсті. Түйіндеп сөйлесек, жаңа заң мен жарғы ел бірлігі мен ынты­мағын, достығы мен ұйымшыл­ды­ғын сақтап, оны одан әрі күшейте түсуге қызмет етеді.

Қазақстандық зайырлы қоғамда өміріміздің барлық саласын қам­тыған құндылықтарды, оның ішін­де діни ұлағаттар көкжиегін кеңей­туге қолайлы мүмкіндіктер туды. Әсіре­се, мемлекеттік саясаттың то­леран­т­тылықты сақтауға, нығайту­ға және насихаттауға бағыттал­ған­дығы қо­ғамдық белсенділікті қа­наттан­дыр­ды. Діни ортада, ауыл мешіттерінде жастардың қарасы қалыңдап, игі уағыздар көтеріліп жатқандығы қуантады. Себебі, дін-ислам тарихымызды қалыптас­ты­руға, мәдение­тіміз бен өркениеті­мізді нықтауда шешуші тұтқа бол­ғандығы айқын.

Кешегі кеңес кезінде дінге қар­сы сұмдық шабуыл жасалғанымен, ел-жұрт тағдыр ауыртпалығын құ­рыштай қайрат-төзіммен, салиқалы сабырмен жеңе білді, ешқашан сеніміне селкеу түсірген жоқ. Ол мүмкін де емес еді. Өйткені, адамзат баласының тарихы баршаны жақсылыққа жетелеген пайғам­бар­лардың нұрлы жолынан басталады. Ізгілікке құштар адамзат Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) аманаттарын іске асыруға мысқалдай болса да үлес қосуды өзінің ең ұлық парызы санайтыны бүгінгі күні барынша көрініс табуда. Мешіттердің ашылуы жоғары деңгейдегі оқиға, қуа­нышты мереке ретінде атап өтіле­тін­дігі келер күндердің жақсыл­ы­ғын молайтумен байланыстырылады.

Осындай жағдайда дін тұтқа­сын ұстаушыларға, ислам ұлағат­тарын уағыздаушыларға қойылар талап ешқандай безбенге салуға келмейтіндей дәрежеде болуға ти­іс­­тілігі түсінікті. Қасиетті Құран­ның алғашқы аяты: «Сен жаратқан Раббыңның атымен оқы!» деп бас­талатыны ғанибет. Себебі, Ислам - озық ой мен биік өркениет діні. Біздің өңіріміздегі имамдар Қазақ­стан мұсылмандары діни басқар­масы тарапынан жыл сайын аттес­таттаудан өтіп тұрады. Қойылар талап өте күшті және солай болуы да керек.

ҚМДБ тарапынан имамдардың, мешіт қызметкерлері мен намаз­хан­дардың білімі мен біліктілігін көтеріп отыруға айрықша назар аударылады. Аудан имамдарының бар­лығы Алматыдағы ислам инс­титутының төрт айлық курсында оқып, дипломдар алған. Қазір төрт ай сайын кемінде екі ауыл имамын аталған институтқа жіберіп келе­міз. Аудандық және тұрғындар жиі қоныстанған ауыл мешіттерінде сауат ашу курстары жұмыс істейді. Тілек білдірушілер әдебиетпен қамтамасыз етіліп, сабақты тиімді жүргізуге қатысты барлық қолайлы жағдайлар қарастырылған. Насихат жұмыстары Әбу Ханифа мәзҺабы жүйесімен жүргізіледі. Өңірімізде сондай-ақ діни білім байқаулары, Құранды жатқа айтушылар сайысы, басқа да танымдық шаралар өткі­зі­ліп тұрады. Көкшетаудағы орталық мешіттің уағыз және насихат бөл­і­мі, жергілікті имамдар мен ұстаз­дар осы жұмыстарды үйлестіріп отырады. Мұнда ғаламтор, ақпарат­тық жүйенің озық түрлері де пайдаланыла бастады.

Ислам діні орасан зор ауқым­дағы ықпалға, күш-қарымға ие бола тұра, оның өн-бойы риясыз адал­дыққа, кіршіксіз тазалыққа, нә­зіктікке толы. Сондықтан, оны иге­ріп, игілікке жаратуда, оның шынайы мазмұнын ашып көрсетуде, ағайындарымыздың наным-сенім­дерін жақсылыққа бағыттауда ас­қан табандылық пен ыждағаттылық қажет. Берекет буынының барлығы да бекем болуы керек. Қазіргі талап оны қайта-қайта еске салуды алға тартуда. Өйткені, бүгінгі күнгі ға­ламат жаҺандану діни ұстындарды қатаң сынға салғанын айтқанымыз жөн. Олай дейтініміз, кемел діні­міздің кеңшілігін басқа мақсатқа бағыттау әрекеттері, жат қылық­тар­мен жұртшылықтың тыныштығын бұзуға ұмтылушылық көріністері баршамызды назаландырады. Та­раз­дағы, еліміздің батысындағы бұрындары танымымызда болмаған террористік оқиғалар етек-жеңді жинауға, сақтық шараларын қа­тай­туға, қоғамның ортақ идеологиясын күшейтуге мәжбүрлейді.

Осы орайда мәртебелі Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлінің елімізге теріс ағымдардың қалайша енгендігіне және оның салдарларына қаратып айтқан сөздері ойға оралады. «Салафилік идеология Кеңес өкіметі құлағаннан кейін Орталық Азияға, соның ішінде қазақ жеріне де келе бастады. Олар елімізде ал­ғашқы кезде қайырымдылық қорла­рын, сауат ашу курстарын ашып, араб тілін үйретеміз деген желеумен бірқатар жастарды адастырды. Қала берді орыс тіліне аударылған тегін діни әдебиеттер таратумен діни сауаты жоқ қандастарымызды қатарларына тарта білді. Тоқсанын­шы жылдары көптеген жастар діни білім алу мақсатымен мұсылман жұрт­тарына барды. Соның ішінде осы идеологияның шырмауына ілік­кендер оқуын тәмамдап, елге орал­ған соң, сол діни ағым ұста­ным­дарын жаюға кірісті», дейді хазірет.

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы елдегі мешіттерді қайта тіркеуден өткізуді қолға ал­ғаны құптарлық қадам болды. Осы­ған байланысты қыруар сарапта­ма­лық тексеріс жүргізілді. Өз ішімізді тазартуға мүмкіндік тудырылды. Қазіргі күні аудандық деңгейдегі, басқа да ірі 77 мешіт тіркеуден өткізілді. Сондай-ақ біздегі намазхана есебіндегі 77 діни ұя болса, со­ның 30-ға жуығы арнайы салын­ған мешіттер. Біз Алла үйін тұр­ғыз­ған жанашырларымызға, кәсіп­кер бауырларымызға алғысымызды айтамыз. Қазір бұлардың құжат­тары дайындалу үстінде. Содан ке­йін ҚМДБ филиалы ретінде тірке­ліп, заңды түрде жұмысын бастайды.

Ұлық мерекеміз - Құрбан айт күндері орталық мешіт ұжымы дәстүрлі шараларын жалғастырып, биыл Көкшетау қаласындағы «Бал­дырған» балалар орталығында сә­билерді аналарымен бірге мере­келік дастарқанға шақырдық. Же­тім­дер үйі бар аудандарда сол өңір имамдарының жетекшілігімен қа­йы­рымдылық шаралары өткізілді. Зираттар тәртіпке келтіріліп, аруақ­тарға Құран бағышталды. Сондай-ақ, облыс тұрғындарын Астанада жа­ңадан салынған, еліміздегі ең үлкен «Әзірет сұлтан» мешіті үл­кен қуанышқа бөледі. Аталған ме­шіт ұжымы Целиноград, Шортанды және Қорғалжын аудандарында Айт намазын өткізіп, 250 отбасына арнайы сый-сауғалар таратты.

Ислам діні дүниеге көзқарастың нұрлы жолын мақсұт санайтын ақ­жарылқап ағымды әспеттейді және сол жолдан таймайды. Ол діни төзімділік негізінде өзге дәстүрлі дін өкілдерімен жарастықта өмір сүріп, тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайтуға қызмет ете бермек.

Қанат МҰҚАНҒАЛИҰЛЫ,

Науан хазірет атындағы

орталық мешіттің наиб имамы.

КӨКШЕТАУ.

"Абай-ақпарат"

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2119
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2528
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2233
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1634