Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2732 0 пікір 5 Қараша, 2012 сағат 16:14

Қазақстанға қызығушылық зор

 

Жалпы, халықаралық деңгейдегі бизнес-форумдар кәсіпкерлер арасында нақты байланыстар орнатып, келісімдер жасауға жол ашатыны анық. Мұндай форумдар елдердің іскер топтарының үнқатысу алаңына айналып, екіжақты ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейте түспек. Ендеше, Лондонда өткен қазақстандық үшінші бизнес-форумның маңыздылығы да осында болса керек.

 

 


 

 

 

 

Қазақстан Премьер-Минис­трі­нің орынбасары Қайрат Келімбетов бастаған қазақстандық делегациямен еріп біз де әйгілі Лондон шаһарына барып келдік. Биылғы Лондон Олимпиадасынан кейін бұл қаланың қазақстандықтар үшін абыройы артып, еліміз үшін табыстың тамыры жатқандай та­нымал ордаға айналғаны рас. Себебі, алғашқы күннен қоржынға алтын салған Лондон Олимпиа­дасының соңы да соншалық нә­ти­желі болуы біздің бұл қалаға деген ынтығымызды одан сайын арт­тыра түскен еді. Тіпті, содан бері, Лондон біз үшін табыстың символына, берекенің белгісіне айналғандай.

 

Жалпы, халықаралық деңгейдегі бизнес-форумдар кәсіпкерлер арасында нақты байланыстар орнатып, келісімдер жасауға жол ашатыны анық. Мұндай форумдар елдердің іскер топтарының үнқатысу алаңына айналып, екіжақты ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейте түспек. Ендеше, Лондонда өткен қазақстандық үшінші бизнес-форумның маңыздылығы да осында болса керек.

 

 


 

 

 

 

Қазақстан Премьер-Минис­трі­нің орынбасары Қайрат Келімбетов бастаған қазақстандық делегациямен еріп біз де әйгілі Лондон шаһарына барып келдік. Биылғы Лондон Олимпиадасынан кейін бұл қаланың қазақстандықтар үшін абыройы артып, еліміз үшін табыстың тамыры жатқандай та­нымал ордаға айналғаны рас. Себебі, алғашқы күннен қоржынға алтын салған Лондон Олимпиа­дасының соңы да соншалық нә­ти­желі болуы біздің бұл қалаға деген ынтығымызды одан сайын арт­тыра түскен еді. Тіпті, содан бері, Лондон біз үшін табыстың символына, берекенің белгісіне айналғандай.

Осы себепті де бұл қалаға ба­ра­тынымызды әрі ол сапардың негізгі мақсаты Қазақ-британ биз­нес-форумына қатысу екендігін естігенімізде, бірден ішіміз жы­лып, шараның шарапаты көп бо­ла­рына сенген де едік. Ұлыбри­та­ния астанасы - Лондонның қақ тө­рінде ұйымдастырылған қазақ­стандық бизнес-форум шынымен осы үдеден шыға алды деуге негіз бар.

Форумның құрметті қонақта­ры­ның ішінде Қазақстанның Ұлы­британиядағы Төтенше және өкі­летті елшісі Қайрат Әбусейітов, Ақ үйдің экономикалық саясат бо­йынша экс-кеңесшісі Тодд Буххольц, Корольдік консул Лорд Бреннан, Ұлыбританияның Атом энергетикасы бойынша комитет төрағасы Леди Барбара Джадж, Қазақстан-Британия сауда-өнер­кә­­сіп­­тік экономикалық палатасы ке­ңесінің тең төрағасы Джон Стат­­тард және басқа да Ұлы­бри­тания және Еуропа елдерінен лау­а­­зым­ды басшылар мен кәсіп­кер­лер­дің болуы форум дәрежесін одан әрі салмақтай түсті. Ал Қа­зақстан тарапынан барған еліміз Премьер-Министрінің орын­ба­сары Қайрат Келімбетов, «Са­мұ­рық-Қазына» ҰӘҚ төраға­сы­ның орынбасары Қуандық Бишімбаев, Ауыл ша­руа­шылығы министрі Асыл­жан Мамытбеков және тағы басқалар форум алаңына жи­нал­ған дүйім жұртқа Қазақ­стан­ның соңғы жыл­дардағы же­тіс­тіктерін баяндап, еліміздің ин­вестицияға қолайлы аумақ болып отырған­ды­ғын жеткізді. Шыны­мен, Қазақ елі соңғы кезде әлем­дік эко­номи­каның шат­қаяқтап тұр­ғанына қа­ра­мастан, даму жо­лында бірталай белесті ба­ғын­дырып, экономика саласында ілгерілеушілік таны­тып отырғаны рас. Қазақстан қа­зір­гі таңда тікелей инвестиция тар­туда жоғары көрсеткіштерге ие. Қазақстанның сыртқы сауда ай­налымы ағым­да­ғы жылдың 8 айының ішінде 13,5 пайызға ар­туы да осының айғағы. Жаһан эко­номикасында айтар­лық­тай баяулау орын алғанымен, бұл сегіз айдың ішінде еліміздің тауар экс­порты - 9,3, импорты 24,1 пайыз­ға өсім көрсетті. Сауда балансын­дағы оң сальдо 34,2 млрд. АҚШ долларын құрады.

Соңғы 20 жылда Қазақ елінің экономикасына сырттан келген тікелей инвестиция көлемі 159,4 млрд. АҚШ долларын құрапты. Оның ішінде 11,2 млрд. доллар Ұлыбританияға тиесілі.

Кедендік қызмет мәлімет­те­рі­не қарағанда, үстіміздегі жылдың 8 айында Қазақстан мен Ұлы­бри­тания арасындағы тауар айна­лы­мы 1 млрд. 267,9 млн. АҚШ дол­ларына жеткен. Қазақстаннан Бри­­танияға негізінен металл, мұ­най, алтын мен күміс, өңделген жә­не өңделмеген жартылай өнім­дер жөнелтіледі. Ал сегіз айда ол елден 379,4 млн. АҚШ долларына тауар алған екенбіз. Олар - түрлі көліктер, дәрі-дәрмек, металдан жасалған, қағаз және картон өнім­дері, ірі техникалар. Сондай-ақ, қазақ жерінде бүгінде 500-ге жуық қазақ-британ кәсіпорын­да­ры жұмыс істеуде. Ал оннан астам қазақстандық компания Лондон қор биржасына өз ак­ция­ла­рын салған.

Британдық кәсіпкерлер Қазақ­станның индустриялық-инно­ва­ция­лық әлеуетіне ерекше ықылас аударып отырғандығы Қазақ-бри­тан форумы барысында да айқын аңғарылды. Форумда Қазақстан мен Ұлыбританияның екіжақты іс­керлік байланыстарын дамыту, Қазақстандағы инвестициялық аху­­алды нығайту, Қазақстанның еуропалық кеңістікке экономи­калық жағынан ықпалдасуының ке­лешегі, сондай-ақ индустрия­лық-инновациялық бағдарламаны, аграрлық және елдің транзиттік әлеуетін дамыту мәселелері тал­қы­ланды. Сонымен бірге, бизнес-форум аясында екі елдің кәсіп­керлік қоғамдастығының өзара қа­рым-қатынасының перспек­ти­ва­лы бағыттары, Мемлекет бас­шы­сы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған жаңа жобалар мен міндеттерді ілгері жылжытудың жай-күйі айтылды.

Бизнес-форумның алғашқы жар­тысында Қазақстан эконо­ми­ка­сының болашағы, әлемдегі қ­а­зір­гі тұрақсыздық жағдайына қар­сы тұру, 2014 жылдарға дейінгі ин­дустриялық-инновациялық бағ­дарлама және халықтық IPO бағдарламасы туралы пікір алмасу болды. Оған Премьер-Ми­нис­тр­дің орынбасары Қайрат Келімбетов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Қ.Бишімбаев, «Қазтрансойл» АҚ бас ди­ректорының орынбасары Б.Закиров, «KEGOK» АҚ басқарма тө­ра­ғасы Б.Қажиев, «БРК» АҚ бас­қар­ма төрағасы Н.Құсайынов, Мұнай және газ министрлігінің жауапты хатшысы Қ.Сафинов, Индустрия және жаңа техно­ло­гия­лар вице-министрі К.Тө­леу­шин қатысты.

Қ.Келімбетов пікір алмасу ба­ры­сында елімізде қолға алынып жатқан халықтық IPO бағдар­ла­ма­сы жайында жан-жақты баян­дады. Бұл бағдарлама халыққа ірі ұлттық компаниялардың акционері болуға жол ашумен қатар, олар­дың Үкіметпен бірлесе отырып, елі­міздің бұдан әрі қарышты да­муы­на өзіндік үлес қосуына ық­пал етеді, деді ол. Бұл үшін Қазақ­стан Үкіметі «ҚазТрансОйл», «КЕГОК, «ҚазТрансГаз» және «Самұрық-Энерго» сияқты ау­қат­ты, дамуы тұрақты компания­лар­ды таңдап отырғанын айтып өтті. Сондай-ақ, алдағы 2014-215 жыл­дары «ҚазМұнайГаз», «ҚазАтом­Өнеркәсіп» және «Қазақстан темір жолы» сынды белді компа­ния­­лардың акциялары осы ха­лық­тың IPO бағдарламасына енуі мүм­­кін екендігін жеткізді. Ал бағ­дар­ла­ма­ның бұдан әрі қалай да­ми­тыны қазіргі экономика рыно­гындағы жағ­дайға тікелей бай­ла­нысты бо­латынын да айтып өтті. Яғни, ал­да­ғы жылы әлем эко­но­мика­сын­дағы жағдай тұрақталып, Қазақ­станның да жағдайы қа­лып­ты бо­ла­тын болса, бұл бағ­дар­ла­ма­ны жан­дандыруға бұдан әрі ба­рынша күш салынбақ. Бұл жағ­дай­да халықтық IPO бағдар­ла­масына отандық компаниялармен қатар шетелдік компанияларды да қосу жоспарда бар екен.

Халықтық IPO бағдарламасын қолға алу туралы Елбасының тап­сырмасынан кейін бұл саладағы барлық тәжірибені зерттедік, дей келе Қ.Келімбетов, әлемдік ры­нок­та халықтық IPO-ның кейбір сәтсіздіктері болғанын да айтып өтті. Шетелдіктер тәжірибесінен бірнеше мысалдар келтіріп, бұл акцияларды сатып алушылар бағ­дарламаның бар жағына назар ау­даруы керектігін, әрі бұл сатып алу­шылардың өз еріктерімен жү­зе­ге асуы тиістігін ескертіп өтті.

Сондай-ақ, ол сөз арасында елі­мізде алдағы үш жыл көле­мінде бұл бағдарламаның сомасы 500 млн. АҚШ доллары ша­ма­сын­да акциясын сату болжанып отыр­ғанын айтып өтті. Оның 200 млн. АҚШ доллары жеке тұлғалардың сұранысы болса, 300 млн. АҚШ дол­лары зейнетақы қорларының сұ­ранысы болады деп күтілуде. Қ.Ке­лімбетов бұл ара-қатынас өз­геріске ұшырауы да мүмкін дейді.

Қ.Келімбетов бұдан әрі біздің елде шағын және орта бизнеске ерекше жағдай жасалып, бұл ба­ғытты қолдау мақсатында бірнеше бағдарламалар қолға алынға­нын әңгімеледі. Елімізде бүгінде шағын және орта бизнесті дамыту бағытында шетелдік инвес­тор­лар­ға да кең мүмкіндік ашылып отыр. Ал үдемелі индустриялық-ин­но­вациялық бағдарламаның бұл ба­ғыттағы үлесі қаншалықты зор екендігі айтпаса да түсінікті. Қ.Келімбетов Қазақстанның биыл­ғы БЭФ рейтингінде 51-орын­ға ие бо­луын шетел кәсіпкерлерінің наза­рына тағы бір салып өтті. Себебі, әлем елдері арасында мұндай беделге ие болуымыздың өзі ше­тел­діктердің Қазақстанға қызығушы­лығын арттыра түсері сөзсіз. 2011-2012 жылдары БЭФ рейтингінде 72-орында болған еліміздің бір жыл ішінде ұлттық эко­но­ми­каның рейтингі 21-ші позицияға көтеріліп, 51-орынға табан тіреуі, шынымен айтарлықтай табыс. Бұл көрсеткіште еліміздің басты артықшылығы - мак­роэкономи­ка­лық тұрақтылығы негіз болған­дығы да айтып кетуге тұрарлық, яғни бұл көрсеткіш бойынша ел 16-шы орында.

Форумда ерекше мәнге ие бол­ған, тартымды пікір туғызып, ұтым­ды ойлар айтылған сала аг­рар­лық бағыт болды. Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрі өз баяндамасында ауыл шаруашы­лы­ғы саласында кейбір шешілмей отырған мәселелерге тоқталып, бұл инвесторларға сұранып тұр­ған сала екендігін алға тартты. Шын­дығында, өткен жылдары ре­кордтық астық жинаған кездерімізде туындаған астық сату, ас­тық­ты үлгірту, тарату, тасу жұ­мыс­тарында туындаған кейбір келеңсіздіктер шынымен біздің бұл салада шетелдік мамандармен әлі де тығыз жұмыс істеуіміз керектігін көрсетіп қалған болатын. Әлемдік рыноктағы орнымызды кеңейту мақсатында шетелдік кә­сіпкерлермен байланыс орнатып, келісімдер жасау бұл сананың жаңа тынысын аша түсері анық. Осы­ны басты нысанаға алған Ауыл шаруашылығы министрі ше­­телдік кәсіпкерлермен қызу пікірталас жүргізді. Соның нәти­же­сінде форумға қатысушылардың бұл салаға деген айрықша қызы­ғу­шылығын аңғардық.

Шара барысында екі сессия қатар жұмыс істеген болатын. Екін­­ші сессия «Көліктік даму жә­не коммуникациялық инфрақұ­ры­лым» тақырыбында өткізілді. Онда Азия мен Еуропа аралығын­дағы транзиттік дәліз бойындағы инфрақұрылымды қалыптастыру жайы қаралды. Пікірсайысқа «Қа­зақстан темір жолы» ҰК» АҚ вице-президенті Е.Есқалиев, «Қазақ­телеком» АҚ басқарма төрағасы К.Есекеев, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Р.Эва­нс, «Tele2 Group of Companies» Орталық Еуропа мен Еуразия ай­мағының вице-президенті Н.Сонкин қатысты.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Логистика жө­ніндегі вице-президенті Е.Ес­қа­лиев республикадағы көліктік логистикалық жүйесінің бо­ла­ша­ғы «Жаңа Жібек жолы» жо­басы туралы, 5С - жылдамдық, сервис, сақ­талуы, бағасы, тұрақтылығы ло­­гистикасы туралы әңгімеледі. Тал­қылау кезінде «Қорғас-Шы­ғыс қақпасы» АЭА жобасы ту­ра­лы да айтылды. Екінші сессияның негізгі бөлігі британ іскер топ өкіл­дерінің қатысуымен Қазақ­стан­ның көлік-логистикалық жү­йе­сіне инвестиция тарту мен оған қо­лай­лы ахуал орнатудың жайына ар­налды.

Форум аяқталған соң шараның бас спикері Қ.Келімбетов әдет­те­гідей журналистермен жеке кездесіп, баспасөз мәслихатын өткізді. Он­да ол Лондонда осымен үшін­ші рет өткізіліп отырған биылғы форум шетелдік инвесторлардың Қазақстанға деген қызығушы­лы­ғын одан әрі арттыра түскенін жет­­кізді. Оның айтуынша, биыл­ғы форум барысында аңғарға­ны­мыздай, шетелдік инвестор­лар­дың қызы­ғушылығы бұрынғы мұ­най, газдан өзге салаларға да арта бастаған. Мә­селен, ауыл шаруа­шы­лығы са­ласына қатысты қызу пікірсайыс - осының ай­ға­ғы. Еліміз бүгінге дейін бұл са­ланың әлеуметтік ахуа­лы­на назар ау­да­рып келді, ауыл­дар­дағы ша­ғын және орта кәсіп­керлікті да­мы­туға басымдық берілді. Ал енді сол ша­ғын биз­нес­тердің тынысын ке­ңейтіп, ауқы­мын ұлғайту мақса­тында шетелдік инвесторлардың берері мол болуы керек. Қ.Келімбетов елімізде жа­қын­да аграрлық саланы дамыту­дың 2020 жылға дейінгі бағдар­ламасы қолға алын­ғанын айтып өтті. Ал мұндай стратегиялық бағ­дарламалар тиімді жүзеге асуы үшін шетелдік кә­сіп­керлердің де үлесін пайда­ла­ну­ға тиіспіз. Мә­селен, бүгінде біз 5-6 млн. тонна астық экспорттап отыр­мыз, ал шетелдермен байла­ны­­сы­мызды арт­тыра отырып біз мұны үш есеге дейін өсіре ала­мыз, дейді ол. Біздің елдің астығы қазіргі күні әлемде сапалы­лы­ғы­мен жақ­сы бағала­на­ды. Енді соны кең тарату жағын қолға алатын кез келді.

Қазақ-британ бизнес-форумы бү­гінде еліміздің даму даң­ғы­лы­на түрен салған бірегей бағыттардың біріне айналып отыр. Себебі, Ұлы­­британия әлемдегі ірі халық­ара­лық ұйымдардың көпшілігіне мү­ше. Ал оның астанасы Лондон - қай салада болмасын әлем ел­де­рінің ара­сын­да беделі бар, бү­гін­де биз­нес­тің үлкен орта­лы­ғы­на ай­нал­ған қа­ла. Сондықтан да мұн­дай бизнес-форумдардың дәл осы Лондонда өтуінің маңызы зор екен­дігін айт­қан Қ.Келімбетов, ең бастысы, бұл форумдардан біз ұт­па­сақ, ұтыл­майты­ны­мызды атап өтті.

Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Астана - Лондон - Астана.

"Егемен Қазақстан" газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2119
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2528
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2237
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1635