Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Билік 1885 1 пікір 16 Мамыр, 2022 сағат 14:37

Қазақстан Түркиядағы оқу-жаттығуға қатысып жатыр

Қазақстан Қарулы күштерінің жауынгерлері Түріктің Измир қаласындағы «Доғанбей» полигонында өтіп жатқан «Эфес – 2022» көпұлтты жауынгерлік оқу-жаттығуына қатысуда.

«Оқу-жаттығу әскери шеберлік пен жауынгерлік машық деңгейін арттыруға, сондай-ақ арнайы операциялар күштері бөлімшелерінің жауынгерлік даярлығын жетілдіруге бағытталған. Одан бөлек, маневрлерге қатысу әскерлердің белгілі бір тобының құрамында өзара іс-қимылды ұйымдастыру тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік береді», - делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің ақпаратында.

Бірінші кезең компьютерлік техника мен электрондық-есептеу жүйелерін қолдану арқылы командалық-штабтық оқу-жаттығу түрінде өтеді. Ал екінші кезеңді біріккен бөлімшелерде жауынгерлік атыспен бірге практикалық іс-қимыл түрінде өткізу жоспарланған.

Ал 28 мамыр - 9 маусым аралығына жоспарланған белсенді фаза барысында әскери қызметшілер құрлықтағы және теңіздегі операцияларды бірлесіп пысықтайтын болады.

Биыл «Эфес – 2022» оқу-жаттығуына шамамен 40 елдің әскери қызметшілері қатысып жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, 2022 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан Қарулы күштерінің құрылымында арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылғанын атап өткен жөн.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1690
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1645
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1376
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1309