Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2368 0 пікір 5 Қараша, 2012 сағат 06:27

Елбасы туралы трилогия түсіріледі

Теміртау қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірін баяндайтын "Көшбасшы жолы" атты трилогияны түсіру жалғасып жатыр.

"Трилогия тек Қазақстанда ғана емес, Ресейде, Украина мен Эстонияда да түсірілу үстінде. Онда Нұрсұлтан Назарбаев 1962 жылы Хельсинкийдегі Дүниежүзілік жастар фестиваліне бара жатқан кеме бортында Юрий Гагаринді жолықтырады". Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталында жарияланған хабарламада.

Сценарий бойынша фильмдегі оқиғалар 1959-1965 жылдар аралығында өтеді. Қазір "Арселор-Миттал Теміртау" АҚ аумағында фильмнің ауқымды көріністері түсіріліп жатыр. Мысалы, ең бірінші шойынның құйылу сәті, салтанатты жиын мен өндірістегі апат сынды көріністер сол жерде сахналануда.

"Өнердің құдіретімен 60-жылдарға қарай шегініс жасадық. Домна пешінің алдында кеңестік ұрандар мен транспаранттар желбіреп, трибунада Лениннің портреті пайда болды. Әріректе "Победа" көлігінің бүйірі бұлтиып тұр. Салтанатты митинг көрінісіне 700 адам қатысты" делінген хабарламада.

Көрермендер кино картинадан Виктор Сухоруков, Сергей Шакуров, Юрий Соломин сынды ресейлік жұлдыздарды көре алады. Авторлар фильмді 3D форматына көшіруді көздеп отыр. Картина көрермен назарына 2013 жылы ұсынылуы тиіс.

Дереккөз: Айқын

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 503
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 261
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 286
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 285