Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 12247 0 пікір 5 Қараша, 2012 сағат 04:03

Ерлан Жүніс. Жүректі жасырдым Кімге?!

Өлеңді сүю - өмірді сүю. Ең құдіретті өлең - өмір. Ал, Уақыт - өмірдің толық мазмұнын бере алмайды. Уақытпен жарысатын, алысатын, жасайтын да ақындар бар. Саф өнер - шын поэзия уақыттан бостандық алған азат әлем. Сондай әлемнің иесі - Ерлан Жүніс. Ерланның поэзиясына биіктік емес, тереңдік тән. Биіктік - жансыз. Онда ешнәрсе өнбейді, көктемейді. Биіктік - суық, жылусыз.

Тек тереңдік қана мәңгілікпен астаса алады. Тереңдік - тұтас әлемнің тамыршысы, нәр беріп, көгертіп, көктетушісі. Тереңдік тұнған байлық. Байлықтың қожасы - ақын Ерлан Жүніс.

Төменде тереңдіктен тарту.

«Abai.kz»

 

Жүрек маусымдары

  • Өткенде...

Өткенде...

өмірді бастарда,

көктеуге ынтыққан өмірмен,

көктемге ынтыққан көңілмен,

тап келдім,

тап келдім сенің мен,

әлемің, аспаның, жаныңа,

көп келдім көктемгі бағыңа,

бұйығы, балауса шағыңда,

шашыңа көк гүлдер тағына,

сен жүрдің,

сен жүрдің ішінде ен гүлдің,

«Махаббат бар ма?» деп мен жүрдім,

сендіргің келетін,

күн өпкен жүзіңнен мен өпкім,

жаныңды жанымның төрі еткім,

Өлеңді сүю - өмірді сүю. Ең құдіретті өлең - өмір. Ал, Уақыт - өмірдің толық мазмұнын бере алмайды. Уақытпен жарысатын, алысатын, жасайтын да ақындар бар. Саф өнер - шын поэзия уақыттан бостандық алған азат әлем. Сондай әлемнің иесі - Ерлан Жүніс. Ерланның поэзиясына биіктік емес, тереңдік тән. Биіктік - жансыз. Онда ешнәрсе өнбейді, көктемейді. Биіктік - суық, жылусыз.

Тек тереңдік қана мәңгілікпен астаса алады. Тереңдік - тұтас әлемнің тамыршысы, нәр беріп, көгертіп, көктетушісі. Тереңдік тұнған байлық. Байлықтың қожасы - ақын Ерлан Жүніс.

Төменде тереңдіктен тарту.

«Abai.kz»

 

Жүрек маусымдары

  • Өткенде...

Өткенде...

өмірді бастарда,

көктеуге ынтыққан өмірмен,

көктемге ынтыққан көңілмен,

тап келдім,

тап келдім сенің мен,

әлемің, аспаның, жаныңа,

көп келдім көктемгі бағыңа,

бұйығы, балауса шағыңда,

шашыңа көк гүлдер тағына,

сен жүрдің,

сен жүрдің ішінде ен гүлдің,

«Махаббат бар ма?» деп мен жүрдім,

сендіргің келетін,

күн өпкен жүзіңнен мен өпкім,

жаныңды жанымның төрі еткім,

тәніңді тәнімнің төрі еткім

келетін,

о, бәлкім, сен білдің,

мен сонда білмеген екенмін,

ертерек бүрлеген екенмін,

бір баққа бөлене бермесін,

бір бақта гүлдеген екеудің,

өткенде... өмірді бастарда...

2.Дәл қазір...

Дәл қазір... тек басқа қалада,

Сен жайлы ойланды бір адам,

қалаға,

жымиған, жылаған,

дәл қазір арылған күнәдан,

дәл қазір күнәға бататын,

қарады ол:

сен жайлы ойланды,

терезе алдына байланды,

есіне түсірді жайдарлы,

кезіңді,

кезіңді жабыққан,

оның шын сүйерін жаңа ұққан

кезіңді,

кезіңді

сүйікті болудан жалыққан,

сүюге ұмтылған өзгені,

өзгеге арналған сөздерің,

өзгеге қараған көздерің,

мұңайтып тұрғанын сезбедің,

дәл қазір... тек басқа қалада,

сен жайлы ойланған адамды,

өзіңе айналған адамды,

өзіңе байланған жанарды...

 

Дәл қазір... тек басқа қалада...

 

3. Күні ертең...

 

Күні ертең... көк пен жер есенде,

Алқоңыр күздер

Мен

Көгілдір көктемдер есенде,

Сол сәтке адаспай жеткендер

Есенде,

бір ақын,

Сен жайлы жыр оқып тұратын,

Ел жайлы жыр оқып тұратын,

Жер жайлы жыр оқып тұратын,

Есіңе түскенде,

дәуірлер, замандар көшерде,

қалалар, адамдар көшерде,

О, бәлкім дәл сенің көшеңде,

О, бәлкім орталық алаңда,

Арманшыл, адасқақ сол жанға

Далалар, өзендер, ормандар,

Жолдар да, таулар да, қорғандар,

Уақыттар, халықтар, белдеулер,

Гүлзарлар, нөсерлер, желдер де,

Құлдыраулар менен өрлеулер,

Ең ұлы сезімге сенгендер,

Ескерткіш қойғанда,

Ғарышпен тыныстап жүректер,

Атқақтап, тыныш қап жүректер,

Саған кеп ұсынса, таң қалма,

Қолына гүл ұстап жүректер,

 

Күні ертең... көк пен жер есенде...

 

Көз жасы

 

Кінәмшіл сезімдер кешірткен кезімнің

Бұлты ауып барады басымнан.

Мен биік тұруды үйрендім,

Өзімнің

Бір тамшы жасымнан.

Бала-аңсар сағымы ойнаған даланың төсінде,

Кезінде көктемгі жаңбырдың,

Алғашқы көз жасым тамғаны есімде -

Бр тамшы уыты тағдырдың.

О, сонда сезсемші,

Өтемін

Қаншалық азапты боларын төлеудің:

Әлемнің өзгеріп кетерін,

Өзгеріп кетерін өлеңнің!

Бұл дүние тым басқа болатын,

Жас ыршып түскенше жанардан,

Сол бір жас - қара түн,

Ақ нұрдан жаралған,

Тырс етті...

Қара жер дір етті!..

Топырақ болмысы өзгерді:

Өзгертті ол гүлдерді, құстарды,

жүректі...

Сөз де енді

Білсемші келмесін қалпына бұрынғы,

Ауытқып кетерін ғасырдан!

...Үйрендім мен солай биікте тұруды

Көзімнің бір тамшы жасынан.

Содан соң...

Таулар да жылаған,

Дала да жылаған,

Ешкім де болмады себебін сұраған,

Себебін білмеді бір адам.

Олар да өзгерген,

Өзгерген өлеңмен...

...Бір тамшы жас тамып кетпеуін көздерден,

Күзетіп келем мен

О, сол бір тұманды жылдардан!

Кешсем де басқа мұң,

Мен енді жоқтаман жылдарды ұрланған,

Мені енді жылата көрмеші, Аспаным!..

 

Қараусыз бақ

Қала ішінде қалың орман секілді,

Жастығымның әні қалған секілді,

Арманымның таңы қалған секілді,

Бақ бар еді қараусыз:

Қараусыз бақ. Қарға даусы. Қара түн.

Қара түннен айдың нұры таматын.

Қарауылы - сонда келер ғашықтар,

Тұтқыны да сол ғашықтар болатын.

Соқпағы бар сойдақ-сойдақ шөп басқан,

Көсемдердің мүсіндері тот басқан...

Ескі ағаш орындықтар,

Қайыңдар

Көктем сайын дегбірімді ап қашқан...

Түкпірінде өзен жылап ағатын,

Көпірі бар - сынған құстай қанаты.

Орындықта - ойып жазған есімдер,

Әр сезімнің тарихындай қалатын.

Қараусыз бақ...

Табиғаттың өзіндей,

Табиғаттан бой алмаған сезімдей,

Жас сұлудың боялмаған көзіндей,

Менің де әлі аяулы, адал кезімдей...

Күтілмеген. Ұмытылған. Ескірген.

Ештеңе де сұрамайтын ешкімнен.

Көктем күліп, күзде жылап жататын,

Сол бір бақта өстім мен.

Биыл барсам...

Кеткім келді бұл маңнан:

Кәрі ағаштар қырқылыпты ырғалған,

Соқпақтарға тас төселген, тұлданған,

Ескі ағаш орындықтар сырланған...

 

Қайран жастық, қайттім сені-ай ұрланған!?.

 

***

 

Мен - парасатсыз,

Бұл әлемде махаббат барына сендім,

Адамдардың арына сендім,

Әулиелердің жолына сендім,

Қалалардың жанына сендім,

Таң дұғасын Шығыстан создым,

Түн дұғасын Батыстан создым,

Киесін корғағым келді Сөздің,

Нұрын сақтағым келді Көздің,

Оңтүстіктен ой шұғыласын шаштым,

Солтүстіктен сезім шұғыласын шаштым,

Құрлықтарды аштым,

Теңіздерді бастым,

Жаратушының берген Жырымен,

Табиғаттың берген Сырымен,

Қара тасты да шайыр қылғым келді,

Кара ағашты да биім қылғым келді,

Аш жүректерді тойындырғым келді,

Жалаңаштарын киіндіргім келді,

Бәрінің қасынан табылдым,

Бәріне құрбан шалдым,

Қара жерді жастандым,

Көк аспанды жамылдым,

Өз жүрегім жалаңаш,

Өз жүрегім аш қалды,

Өзім жалғыз қалдым!

...Ең ғажабы, бұл маған ұнайды!

 

***

 

Бұрын, бұрын бір сөзді білуші едім,

Іштей ғана қайталап жүруші едім,

Кейін соны ұмыттым... неге ұмыттым,

Не біліп кеп, өмірден не біліппін?!

Қалың-қалың томдардан таба алмадым,

Қиыр-қиыр жолдардан таба алмадым,

Таба алмадым мұражай, мұрағаттан,

Далалардан, өзеннен құлап аққан,

Мезгілдерден, маусымдар жаңбырынан,

Ақшамдағы шұғыла, таң нұрынан,

Дұғасынан молданың, шаманның да,

Таба алмадым, білмеймін, таба алдым ба,

Әйтеуір мен, жүректің бар арманын,

Іздегенін, тапқанын, жоғалғанын,

Сол бір сөзбен айтсам деп саған, жаным,

Көздеріңнен көзімді ала алмадым!

 

 

***

 

"Кімсің?" дейді ол;

Кім болушы ем, қарауылмын жай ғана:

Өзін-өзі өзге үшін байлаған,

Күзетемін сұлулығын әлемнің,

асқақтығын, нәзіктігін өлеңнің,

Шыншылдығын күзетемін сөзімнің,

адалдығын, сергектігін сезімнің,

Жалғыздардың қамқоршысыз жүрегін,

Ғашықтардың ең бір ынтық тілегін,

Күзетемін киелі түн жазбасын,

Сұлуардың, сұлулардың коз жасын,

Сәбилердің тыныштығын, шаттығын,

Адамдардың көңілінің ақтығын,

Ақ шыңдардың аласармас биігін,

Аналардың маңдайлардан сүюін,

Дүниеде үміт оты бар кезде,

Сол бір үміт нұр шашқанша әр көзде,

Мен күзетте тұрам «Үміт үшін!» деп,

Сол күйімде қатып қалам мүсін боп!

 

Ақын-пойыз

 

Алматы Астанаға жақынырақ,

Арасы - мың екі жүз шақырым-ақ.

Пойыз-дос тамбурында теңселтеді,

Себебі ол менен гөрі ақынырақ!

Арқалап барам - дейді ол - армандарды,

О, мейлі арманынан алданғанды,

Қапыда көз жазысып қалғандарды,

Қайыра, қайта орала алғандарды.

Ал мен ше, мен өзімді бос алдаймын,

Өлеңді өзімменен қоса алдаймын.

Миллионды миллиондарға қосу түгіл,

Төртке екі оған бірді қоса алмаймын!..

Бойында мың шақырым кіл баған-ай,

Бұл достың ақындығын бұлдағаны-ай,

Түн ұзақ тым болмаса купедегі

Сұлудың ұйқысынан тұрмағаны-ай!

Бойында мың шақырым ай ілесер,

Ай болып азаптаушы ой ілесер,

...Мұң шалған арманды елде ақын өсер,

Жусаннан қалған жерге шайыр өсер.

Бойында мың шақырым күн ілесер,

Соңымнан күн боп туған кім ілесер?!

...Сағымдай көз алдымда көлбеу тартып,

Қалалар бірінен соң бірі көшер.

Астана Алматыға жақын екен,

Жақындық жалғыздықта жатыр екен.

Бұл жолдар менен гөрі данышпан ғой,

Бұл пойыз менен гөрі ақын екен!

 

* * *

 

Бүгін өлең жазылмады, жазбадым,

Жазар жанға аз ба уайым, аз ба мұң?!

Дүниедегі екі бір де арманым,

Жеті бір де боздағым!

Озар дүние он құбылып өремде,

Тозаңды аспан тебіренгенде төбемде,

Жазу оңай тиген сайын қорқамын,

Қазу оңай тигендей көр өлеңге.

Сезім ішкі шексіздікке жұтылар,

Ой да бір сәт айдай болып тұтылар...

Өлең деген өтер өмір емес қой,

Өле салып азабынан құтылар.

Әлем Ары, Өлең Ары - Маған Дар,

Дар басында дауласар қай шамаң бар?!

О дүниесі мен бұ дүниесі жоқ әлемді

Өлең дейді адамдар!..

 

 

* * *

 

Жүріп келем, сүріп келем өмірді,

Үмітпенен - таңғы түсім секілді,

Күдікпенен - қара кісім секілді,

Жүріп келем, сүріп келем өмірді.

Сезіп келем, біліп келем мен бәрін:

Ештеңені білмегенім секілді,

Ешкіммен бір жүрмегенім секілді,

Сезіп келем, біліп келем мен бәрін.

Кароль ғана жалғыз қала алады!

Жүректерге пір болғанда не мән бар?

Жүректерге құл болғанда не мән бар?

Король ғана жалғыз қала алады!

Король неге тоқтатпайды жүрісін?

Өзі-өзімнен жылайтыным секілді,

Өзі-өзімнен сұрайтыным секілді:

«Адам өмір сүреді осы кім үшін?»..

 

***

 

Жас ақынның көрдім мен жылағанын,

Қорғай алмай қалған-ау сірә, жанын.

Енді ғана білді ме ол бұл өмірде,

Періштенің өзінде күнә барын.

Жас ақынның көрдім мен жек коргенін,

Алапат күш алқымға кептелгенін.

Жек көргенін гүлді де, құсты, күнді,

Күзді, жазды, қысты да, көктем демін!

Жоқ! Дүние нұрлы екен, желекті екен,

Сұлуларға сұлу жыр керек, көкем!

Бір сұлудың сүймеуі, айтшы маған,

Сұлулықты сүймеуге себеп пе екен?!

Өмір жыры жазылар үтірменен,

Тиісті емес ешқашан бітуге өлең!

Ең қатыгез ұстазы жас ақынның -

Жас сұлудың жүрегі лүпілдеген!

 

***

 

Қар, сенің жауа салғаның қалай тым ерте,

Қазанға  ауа салғаның қалай тым ерте?

Сағынып жүрген бір кұрбым менің болмаса,

Сағынып әлі үлгерген жоқ қой бұл өлке!

Менің де бұрын танылғым келген тым ерте,

Сөрелерден де табылғым келген тым ерте,

Танысып қалған кұрбыжан ғана болмаса,

Танып та әлі үлгерген жоқ қой бұл өлке!

Екеуміздің де тілегіміз бұл көп күннен,

Көп күннен: ой да, қуаныш, мұң да шектірген.

Ұшқындап жауып, алақандарда ерідің,

Ұшқындап жазып, жүректерде еріп кеттім мен!

 

***

 

Қай күн еді? Жай күн ғой, қалыпты күн,

Қалыпты күн - мен дағы қалыптымын.

Өзін-өзі құшақтап жатыр қала,

Өзі-өзімен әуре боп халық бүгін.

Жаңбыр да жоқ, қар да жоқ жауар мұнда,

Жаңалығы жоқ шығар Хабардың да.

Қонып еді бір өлен түнге қарай,

Ол да ұшып кетіпті таң алдында.

Күз боларын біле алмай, жаз боларын,

Мезгіл бүгін кезіп жүр боз даланы.

Күлімсіреп қояды күнім менің,

Күлімсіреп мен соған мәз боламын.

 

 

* * *

 

Қазағы секiлдi қартайған ғасырдың,

мен өмiр сүремiн -

тiлде!

Жалаңаш әлемнен жанымды жасырдым,

жанымды жасырдым

гүлге.

Құрбаны болар ем кешегi асылдың,

асылдан қалса бiр нұсқа!

Кiрлеген дүниеден арымды жасырдым,

арымды жасырдым

құсқа.

Бағасы қалмаса бiр күнi басымның,

мен өлсем, өлемiн -

тiлде!

Қатыгез жандардан жүректi жасырдым,

жүректi жасырдым

Кiмге?!.

 

***

 

Қайырылмау менен қайтудың заңы,

Ақынға бiрдей жүрмейдi! ..

О, менi жалғыз дейтiннiң бәрi,

жалғыздық жайлы бiлмейдi.

Жалғыздықта емес жалғыздык деген,

жалқы күндерден мұң есу де емес,

Таңдарда жалғыз ояну менен,

тағдырмен жалғыз күресу де емес,

Жылауға сол сәт шақ қалу да емес,

жымию да емес төзiммен,

Сапарға жалғыз аттану да емес,

ақталу да емес өзiңнен,

жалғыздық басқа...

Сен мені түсін,

Кінә да тақпай тағдырға,

О, менi жалғыз қалдырмау үшiн,

Өзгені жалғыз қалдырма!

 

***

 

Пiр Бекеттiң басында киiк өрген,

Өрген киiк Тәңiрдiң сыйы берген!

Аңыз дала-ай, баласын сүйiп туған,

Абыз баба-ай, даласын сүйiп өлген!

Пiр Бекеттiң басында арқар ойнар,

Арқар шыққан биiкке тартады ойлар:

мына дала теңiздiң түбi болған,

ұйықтап кетсем, түсiмде шалқар ойнар!

Дүр Пiр Бекет,

Пiр Бекет - Пiрдiң соңы,

Пiр Бекеттiң басында бiлдiм соны!

Мен қуанған баладай күннiң басы,

мен мұңайған болғай ма күннiң соңы!

 

***

 

Күрсінумен көп күндердің өткені,

Сол күндердің өтеуі не өкпелі?

Жауа алмаған мына тамыз аспаны,

Саған да ұқсап, маған да ұқсап кеткені!

Өлең сүріп, өмір жазып... алданам,

Арманына алданбайтын бар ма адам?

Жанарымыз жасқа тұнып тұрса да,

қоштасарда жалғыз тамшы тамбаған.

Жылатпауға қасам ішкем, сөз беріп,

Сол бір сөзім кетпеп еді өзгеріп,

Жылатуға болмайтынын сезсек те,

Жұбатуға болатынын сезбедік!

Содан бері өтті, өшті шақ талай,

өткендердің аяулысы-ай, аппағы-ай!

Өзге жанға күле алмай жүрмісің,

Мына күннің жауа алмауы батқаны-ай!

 

* * *

 

Сұқ көздер жұмулы тұрғанда,

Сұқ саусақ бүгулі тұрғанда,

Сырласып алыңдар, сүйгендер!

Сұқ тілдер күрмеліп тұрғанда,

Сүйген жан гүл беріп тұрғанда,

Сырласып алыңдар, сүйгендер!

Шынжырлар маужырап жатқанда,

Мылтықтар ұйкыға батқанда,

Сырласып алыңдар, сүйгендер!

Сынақтар сағаты соққанша,

Әлдекім есікті қаққанша,

Сырласып алыңдар, сүйгендер!

Жақының жат болып кеткенше,

Жаныңнан жоқ болып кеткенше,

Сырласып алыңдар, сүйгендер!

 

* * *

 

Не істеу керек? Не істеу керек?

Кешу керек, кешпеу керек?

Бару керек, бармау керек,

Қалу керек, қалмау керек?

Сену керек, сенбеу керек,

Көну керек, көнбеу керек?

Кімді алдадым, кім алдады?

Ұға алмады, ұға алмадым!

Арғы жағын сахнаның,

Мекен етіп отырамын,

Сағынамын, аһ ұрамын,

Өкінемін, опынамын,

Бару - ауыр, қайту - азап,

Сүймеймін деп айту - азап!

Сахнаның сұрағаны -

Ақын емес, сайқымазақ!

Өртең жүрек, өлермен зар,

О, бұл зарды неге кештім?!

...Залда - жалғыз көрермен бар,

Оның өзі - сен емессің!

 

* * *

 

Өз халіме өзім қайран күйдемін,

Қайдан ғана тап келдім мен бұл күйге?!

Көңіл үшін емес еді сүйгенім,

Өмір үшін екендігін білмей ме?

О, бәрі де, о, бәрі де көшуде,

Ой - айдауда, сезім біткен - байлауда,

Жар тағдырын бір өкпемен шешуге,

Болмайтынын жүрекпенен ойнауға,

О, білмей ме?

О, қалайша сүйгемін,

Серт еткендей жалғыздыктың атынан!?

Өз халіме өзім қайран күйдемін,

Өзі-өзіме таң қалам да отырам...

 

* * *

 

Шыдар екем, шыдар екем қаншалық,

Сезімдердің бірі туып, бірі өліп,

Атқан таңды Абыл болып қарсы алып,

Қара кеште Қабыл болып түнеріп,

Төзер екем, төзер екем мен қанша,

Төзе ме әлде адам сорлы өлгенше?

Шығыс жақта бір жұлдызы жанғанша,

Батыс жақта бір жұлдызы сөнгенше.

 

 

* * *

 

Бәрі де бір махаббат үшін десең,

Көрейін өңімде - аман, түсімде - есен.

О, неге, неге бірақ қала бердік,

Есіктің сыртында мен, ішінде сен?

Кісі ме, хош көңілге кішірмеген,

Хош келдім, кісілігің үшін де мен.

О, неге, бірақ тағы қала бердік,

Есіктің сыртында сен, ішінде мен?

Дүние-ай, жан есігін құлыптаған,

Жарытпас шығып та адам, кіріп те адам,

Есіктен мен кіргенде, сен шығасың,

Сен кірсең, мен неліктен шығып қалам?!

 

* * *

 

Жан көрдің бе мұңаймаған,

Мұңаймас тек бір Еге!

Жылау үшін жылай ма адам,

Күлу үшін күле ме?

Күн күн үшін күлмейді екен,

Гүл гүл үшін жайқалмас,

Соны ғашық білмей ме екен,

Білер, бәлкім айта алмас.

Өмір өмір үшін бе еді,

Өлең өлең  үшін бе?

Бұл дүниенің ішіндегі

Бары - менің ішімде!

Жоғы - сенің жүрегіңде,

Жоққа тағы жан құмар:

Ғасырлардың түнегінде,

Ғашық мұңы қаңғырар.

Жоққа оңай жетем деуші ем,

Барға қалай жетермін?

...Мен - мен үшін екем деуші ем,

Жоқ, сен үшін екенмін!

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 465
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 244
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 272
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 264