Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2972 0 пікір 3 Қараша, 2012 сағат 14:02

Маловодное: тағы да оқ атылды...

Маловодное ауылында тағыда оқ атылды. Оқ  -  Нұрлан Ахметов деген жігіттің көлігіне бағытталыпты. Ұзынқұлақтың әңгімесіне қарағанда, Нұрлан мінген машинаға бір ғана оқ тимеген, машинаны автоматпен атып, шұрық тесік қылған. Нұрланның өзі тірі.

Ал, былтыр Нұрланның туған інісі Саматты өз үйінің ауласында пистолетпен бетінен атып кеткен. Қазір Саматтың екі көз көрмейді. Мүгедек.

2007 жылы Маловодное ауылына іргелес «ҚазАтКом» елді-мекенінде жергілікті қазақ және чешен жігіттерінің (махмахановтардың) арасында қақтығыс болып, 5 адам қаза тапқан еді. Нұрлан Ахметов бұдан бес жыл бұрын, cол оқиғаға тікелей қатысы бар деген күдікпен шартты түрде бас бостандығынан айырылған болатын.

Енді міне, араға бес жыл салып, нысанаға Нұрланның машинасы алыныпты.

2007-нші жылы ауыл тұрғындары ағайынды махмахановтардың басбұзарлығына қарсы жергілікті билік шара қолдана алмаған соң, ақыры жанжалдасып, жанжалдың соңы қанмен аяқталған-ды. Бүгінгі атылған оқ тағы да сол махмахановтардың оғы дейді жергілікті жұрт. Маловодное ауылы «махмахановтар кек қайтармақ болып жүр» деседі.

"Abai.kz"

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 449
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 238
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 265
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 259