Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3199 0 пікір 23 Шілде, 2009 сағат 06:12

Қырғызстанда президенттік сайлау басталды

Бишкек. 23 шілде. ҚазТАГ– Дилялрам Аркин. Қырғызстанда президенттік сайлау басталды. Президенттікке 6 адам талысып жатыр, олардың арасында бір әйел де бар. Қырғызстанның қазіргі президенті Құрманбек Бакиев те сайлауға қатысып отыр. Оппозициядан бір үміткер – социал-демократиялық партия көшбасшысы, бұрындары елдің премьер министрі қызметін атқарған Алмаз Атамбаев қатысуда.

Бақылаушылар бұл Қырғызстандағы 5-ші президенттік сайлау, және шілдеде өтіп отырған екінші президенттік сайлау екенін айтуда.

Бұл науқанның ерекшелігі дауыс беру тұңғыш рет жұмыс күні өтіп отырғандығында. Алдындары Қырғызстандағы барлық президенттік сайлаулар мен референдумдар жексенбі күні өтетін. Бірақ бұған қарамай бейсенбі күні жұмыс күні болып қалып отыр.

Қазіргі президентҚұрманбек Бакиевтің штабынан хабарлауынша, ол дәстүр бойынша, бюлеттенді дауыс беру жәшігіне сәндік бақ өсіру совхозындағы конторда салады. Екінші үміткер, «Ақшумқар»партиясының үміткері - Тамир Сариев өзі тіркелген «Юг-2» ықшамауданындағы сайлау учаскесіне барады. Президенттікке үміткер жалғыз әйел, Тоқтоайым Уметалиева Бішкек маңындағы елді мекенде дауыс береді. Үміткер Нұрлан Мотуев бүгін №11-ші мектепке келеді. Оппозиция өкілі Алмаз Атамбаев №5 кәсіптік-техникалық лицейдегі сайлау учаскесінде екінші бір үміткер Тамир Сариевпен кездеседі.

Барлық үміткерлер шамамен бірдей уақытта, сағат 10-11 араларында дауыс береді.

ОСК мәліметі бойынша сайлауға барлығы 2 млн 700 мың адам қатысады.

0 пікір