Сәрсенбі, 22 Мамыр 2024
Ақмылтық 3029 21 пікір 22 Сәуір, 2022 сағат 12:28

Репетитор жалдап, қазақша оқыңыз, Министр мырза!

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, айтыскер ақын Аманжол Әлтай Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа қазақ тілін үйреніп, соңынан ерген жүздеген мың сарбазға үлгі көрсетуі керектігін айтты. 

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында:

«Руслан Фатихұлы!

Сіз, қатардағы азаматтың бірі емес, арқасына ел аманатын арқалаған Қорғаныс Министрісіз. Сондықтан да мемлекеттік тілге салғырттық танытпай, құрметпен қарауға тиіссіз. Мемлекеттік тілде сөйлеу арқылы артыңыздағы сан мыңдаған сарбаздарға өнеге көрсетуге міндетті екеніңізді естен шығармаңыз. Әскеріміздің және оның кеңсесінің тілі толық қазақша болатын уақыт жетті. Өзіңіз айтқандай, қырық қазақ отырып ортадағы жалғыз өзге ұлт өкілі үшін орыс тілінде сөйлеу Кеңестік жүйеден қалып қойған отарлық сананың көрінісі. Сондықтан да тәуелсіз елдің қолбасшы генералы ретінде бұл мәселеге жаңаша қараңыз.

Мен сіздің әскери маман ретінде кәсіби тәжірибеңізге, атқарып келе жатқан еңбегіңізге құрметпен қараймын. Отанымыздың әскерін басқару үшін мемлекеттік тілді еркін меңгеру аса маңызды. Сіз секілді мемлекетік тілде сөйлеуге басында қиналса да кейін талабы мен жігерінің арқасында ана тілінде еркін, көркем сөйлеуге қол жеткізген генерал Тоқтар Әубәкіров ағамыз сізге жақсы үлгі бола алады. Репетитор жалдаңыз, қазақша кітап оқыңыз, отбасында қазақша сөйлесіңіз. Көп кешікпей жақсы нәтижеге қол жеткізе аласыз.

Отан қорғау жолындағы аса маңызды жұмысыңызға сәттілік тілеймін!», - деп жазған.

Abai.kz

21 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2248
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2604
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2580
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1689