Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3410 0 пікір 22 Шілде, 2009 сағат 05:45

Нұрберген МАҚЫМ. АҢҚАУ ЕЛГЕ МОЛДА ДА, ЗАҢ ДА – АРАМЗА

Дағдарысты халыққа анық сездірген салдардың бірі - екінші деңгейлі банктердің несиемен жалпыны жаппай жарылқауын тоқтатып, ендігі жерде қарыз сұраған әр қазаққа қазымырлануы, «шашпа қазақ» үшін дағдарыстан бір пайда келді ғой дегізген-тін. Алайда, нарықтағы жағдайдың бұлай қалыптасуы да сор болатынын бақай есептен хабары жоқ, біздегі пендешіл көңіл білмепті: баршаға сұрағанын беретін банктердің орнына микрокредиттік ұйымдар келді.  Анық аңғарғанымыз: МКҰ-лар үшін «қазақы болмыс» таптырмас табыс көзі. Неге дейсіз бе? Ақша қолына тезірек түссе болды, үстіндегі пайызы қанша болса да, қарыздың қамытын қашанда киюге дайын қаражатқа деген «қазақы қажетілік» МКҰ-лардың да жұмыс жасау қағидатына сай. Бұл ұйымдардың қарыздарына қосатын үстеме пайызы банктерден көп болса да, қолыңа тез ұстата қоятындығынан халықтың оған жөңкілуі, осы тұжырымымыздың дәлелі емес пе?! Олай болмағанда, еліміздегі МКҰ-лардың саны аз уақыт ішінде 3000 таяр ма еді?! Бұл - классикалық экономикалық заңдылықтың нәтижесі - сұраныс ұсынысты туғызады.
Алайда, сол микрокредиттік ұйымдардың «терісін жамылып», «төменгі пайызбен», қажет десеңіз, «пайызсыз» қарыз береміз деп, «Ұлы комбинатор» - Остап Бендердің ізбасарлары да жүр.


Дағдарысты халыққа анық сездірген салдардың бірі - екінші деңгейлі банктердің несиемен жалпыны жаппай жарылқауын тоқтатып, ендігі жерде қарыз сұраған әр қазаққа қазымырлануы, «шашпа қазақ» үшін дағдарыстан бір пайда келді ғой дегізген-тін. Алайда, нарықтағы жағдайдың бұлай қалыптасуы да сор болатынын бақай есептен хабары жоқ, біздегі пендешіл көңіл білмепті: баршаға сұрағанын беретін банктердің орнына микрокредиттік ұйымдар келді.  Анық аңғарғанымыз: МКҰ-лар үшін «қазақы болмыс» таптырмас табыс көзі. Неге дейсіз бе? Ақша қолына тезірек түссе болды, үстіндегі пайызы қанша болса да, қарыздың қамытын қашанда киюге дайын қаражатқа деген «қазақы қажетілік» МКҰ-лардың да жұмыс жасау қағидатына сай. Бұл ұйымдардың қарыздарына қосатын үстеме пайызы банктерден көп болса да, қолыңа тез ұстата қоятындығынан халықтың оған жөңкілуі, осы тұжырымымыздың дәлелі емес пе?! Олай болмағанда, еліміздегі МКҰ-лардың саны аз уақыт ішінде 3000 таяр ма еді?! Бұл - классикалық экономикалық заңдылықтың нәтижесі - сұраныс ұсынысты туғызады.
Алайда, сол микрокредиттік ұйымдардың «терісін жамылып», «төменгі пайызбен», қажет десеңіз, «пайызсыз» қарыз береміз деп, «Ұлы комбинатор» - Остап Бендердің ізбасарлары да жүр.


КҮТПЕГЕН «СЫЙЛЫҚ»

Осы жылдың 20-шы мамыры күні Махамбет ауданы орталығындағы «Айгүл» базарының 6 дүңгіршегіне өздерін «Сыйлық» микрокредиттік ұйымының өкілдеріміз деп таныстырған - Жамбыл облысының тұрғындары Әсембекова Құралай, Смақова Күлмирам және Байтақова Сәуле орналасады. Терезесіне «Сыйлық» микрокредиттік ұйымы Сіздерге қайтарымсыз және пайызсыз қомақты қаржылар ұсынады» деген хабарландыру ілінген дүңгіршекке базар басындағы адамдар ағыла бастайды. 
Ақша айналымының механизмін «сіздерше «котел ойнау» сияқты ғой» деп түсіндірген алаяқтар, ауыл тұрғындарының құжат нөмірлері мен жеке мәліметтерін жазып тіркейді де, оларға ақшаның қалай берілетінін түсіндіреді.
Алдымен, 10 000 теңге көлеміндегі жарнаны төлейсіз де, астыңызға тағы да он мыңнан ақша төлейтін бес адамды тіркетіп, 50 000 мың теңге аласыз. 50 000 мыңдық жарна төйлейтін, бірінші кезеңге өтесіз де, өзіңізден кейін осынша көлемде ақша салатын тағы сонша адамды тіркеу арқылы ғана 250 000 мыңдық заимға қол жеткізе аласыз. Оның 10 пайызы «сақтандыру» ретінде және 10 пайызы «НДС» салығы ретінде ұсталады да, қолыңызға 1 жыл жарым ішінде ай сайын 14 000 теңгеден қайтарып тұратын 200 000 мың теңге көлеміндегі қарыз аласыз. Қаласаңыз, 3-ші кезеңге өтіп, 1 000 000 теңгені алуыңызға болады, алайда, мұнда да талап пен пайыздар саны алдыңғыдағыдай, тек қайтару мерзімі 3 жыл 4 ай. 
Біздерше, қаржылық пирамиданың нақ өзі. Алайда, Мавроди «махинацияларын» ұмытқан махамбеттіктер, аталған ұйымға ақшасын берсе де, орынына «кіріс кассалық ордерінен» басқа құжат алмапты. Бірер жерге қол қойғандарын айтқан ауыл тұрғындарының қолында «Сыйлықпен» жасасқан жалған болса да келісім-шарт та жоқ.
Оңай олжа кім-кімді де «салқынқандылықтан», соның салдарынан, байыбына бару қасиетінен айырады ғой. Алайда, бұл жолы ауылдан «арзан ақшаға алданбаған» бір адам табылып, келесі күні жергілікті ІІБ-не хабарлапты. Ауыл тұрғындарының айтуы бойынша, сол күні күндізгі 12-лер шамасында АІІБ қызметкері Құттыбай Садиков «пирамида құрылысының хас шеберлерін» аудандық бөлімге алып кетеді. Кешкі алтылар шамасында «қаржы алпауыттары» «орталықтарына» оралып, халыққа олардың істерінің толықтай заңды екендігі расталғанын хабарлайды. Ал, өздерінің кешіккендігінің себебін, олар туралы Алматы мен Астанаға сұрау жіберіліп, соның жауабын күткендерімен түсіндіреді.
Содан кейін, тағы да үш күн қызметтерін атқарады да мамырдың 25-сінде ізім-қайым жоғалады. 
Үш күннен соң, тұрғындардың Махамбет аудандық Ішкі істер бөлімінің бастығы Исаевтың, ал, 4-ші маусымда сол кездегі Атырау облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы Сүнтаевтың атына арыз жазудан басқа амалы қалмайды.

 

ІЗГЕ ТҮСТІ ДЕ, ІЗДЕУ ҮСТІНДЕ...

Жергілікті ішкі істер органдары 200-ге жуық адамнан жалпы сомасы 10 млн.-дай ақшаны үптеп кеткен үштіктің басшысы - Әсембекова Құралай екенін анықтады. Оның Жамбыл облысындағы тұрғылықты мекен-жайы және аталған азаматшаның бұл кәсіппен «Финансовый городок - «Сыйлық» микрокредиттік ұйымының сенімхат негізіндегі өкілі ретінде айналысып жүргені де белігі болды. 
Ауылдан ат-тонын ала қашқан алаяқтар 25-і күні «Ақтөбе-Алматы» бағытындағы пойызға отырған. «Экспресс-Розыск» базасы арқылы жасалған тексеру олардың Шымкент қаласына дейін билет алғандары және аталған қаладан түскендері расталды.
Қазіргі таңда бұл «үштікті» ұстау мақсатында Махамбет ауданының ІІБ-нің Криминалды полиция тобымен аудандар мен облыстарға олардың фотосуреттерімен бағдарламалар беріліп, қарауыл карточкалары қойылған.

 

ПАРАДОКС

Пендешіліктің бір көрінісі өз қателігіңді мойындамау ғой. Ол аздай, реті келсе, жіберген қателігіңді біреуден көру. Осылайша махамбеттіктер де, алаяқтарды тексеруге алып кеткен ІІБ-нің қызметкері Садиков «неліктен оларды ұстап тұрып, қайтадан жіберіп қойды» деп, осы арада бір «шикілік» бардай күмәнданып отыр. 
Алайда, анығы мынау: 21 мамыр күні «алаяқтар» екені сол уақытта әлі де белгісіз, алайда, басқа қаланың тұрғындары екені анық, үш азаматшаның жеке басын және олардың қылмыс пен құқық бұзушылыққа қатыстылықтарын анықтау мақсатында Махамбет аудандық ішкі істер бөліміне әкелінеді. Ақпараттық-техникалық база олардың ешқандай да істе «шаталмағандығы» туралы мәлімет бергеннен соң, полиция қызметкері олардан аудан орталығында не себеппен, қандай мақсатпен жүргендігі туралы түсініктеме алудан әріге бара алмайды. Тап сол уақытта ол «үштікті» ұстауға негізде жоқ болатын, әйтпесе, конституциялық құқық бұзылады. 
Ол - ол ма, тіпті, қажет десеңіз «қаржылық қарекеттер» саласының «қайраткерлері» қаржы полициясының өкілдерінің де ол жерде қолдан келері кезекті «қандайма қылмысқа қатыстылықты» тексеру ғана болып қала берер еді. Неге дейсіз бе? Жауабы: кереғар қоғамымыздағы парадокстардың бірі - МКҰ қаржылық құрылым бола тұра, оның қызметі ешқандайда қаржылық қадағалау органымен реттелмейді - Заң (!) бойынша. Сол «заң бойынша», мұндай қызметпен айналысуға, яғни, микрокредиттік ұйым арқылы жұртқа қарыз үлестіруге рұқсатты Әділет Министрлігі береді. Оған дейін, дәлірек айтсақ, 2005 жылы «Микрокредиттік ұйымдар туралы» Заңға түзетулер мен толықтырулар енгізілгенге дейін, ондай рұқсатты Ұлттық банк берген-тін. 
Қазір, МКҰ-ңыз Ұлттық банкке де, Қаржылық Қадағалау Агенттігіне де «пысқырып» қарамайды. Ол аз десеңіз, елде қаржылық тәртіп бұзушылықтарды қадағалау комиссиясы да жоқ. Нәтиже: МКҰ-лардың қызметі ешқандай реттелмейді. Бұдан шығатын салдар: «анархия» алғышарттарын да «аутсайдер» қылардай - «өзім қожа, өзім би» деген «микро» ұйымдар қаржыны кімге, қалай, қандай пайыздық өлшемдермен, қанша уақытқа берсе де өз еркі.

 

 

«ЗАҢ - ҚҰРАННЫҢ СӨЗІ ЕМЕС»

Жуырда ғана Нью-Йорк соты «Ғасыр қаржылық пирамидасының» негізін салушы алаяқ Бернард Мэдоффке Солтүстік Каролина түрмесінде 150 жыл жазасын өтеуге үкім шығарған болатын. 71 жасар алаяқтың жиырма жылдан астам уақыт бойы Американың заңдарын айналып өтіп, штаттардың құзырлы органдарымен қатар, өзінің салымшылары - дүние жүзінің 3 миллиондай адамын алдағаны да белгілі болды.  
Ілгеріде, Мавродидің де мыңдаған адамдарға мехнат кештіргенінен махамбеттіктер ұмытқан болар деп қалғанбыз. Бақсақ, ұмытқандар қатары тек махамбеттіктердей қара халықпен шектелмейтін секілді... 
Ұмытқанды Мэдофф еске түсірсе игі, әйтпесе, заңгерлер арасында «Заң - Құранның сөзі емес» дейтін нақылдың айтылатынын һәм депутаттардың «...Заңға түзетулер мен толықтырулар енгізу» дейтін функционалды міндеті барын сіз де білетін шығарсыз.  

 

«Алтын Орда» апталығы.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2059
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2488
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2085
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1603