Жұма, 26 Сәуір 2024
Әне, көрдің бе? 4051 4 пікір 12 Сәуір, 2022 сағат 14:24

Білімің қандай, Қазақ Үкіметі?

Қазір Ресейлік университеттерді «Болашақ» бағдарламасына көптеп қосу жайлы ақпарат ел ішінде қызу талқылануда.

Президент Тоқаев «Қасіретті қаңтардан» кейін Ресейге іскерлік сапармен барып, артынша Ресейлік ЖОО-ларды «Болашақ бағдарламасына» қосу және Ресейлік ЖОО филиалдарын Қазақстанда ашу туралы бастама көтерді. Президент 2025 жылға дейін Қазақстанда Ресейдің бес жетекші оқу орны ашылатыны жайлы мәлімдеді.

Қазірдің өзінде «Болашақ бағдарламасына» Ресейлік Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті, Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетімен келіссөздер жүргізіліп жатқаны жайлы ақпараттар бар.

Ал Қазақстан Үкіметі елде Ресей жоғары оқу орындарының филиалын ашу келісімін мақұлдауға дайындап жатыр. Оның алғашқы мәтіндері АШЫҚ НПА-да жарияланды.

Осы ретте біз Үкімет мүшелері қандай ЖОО түлектері екеніне бір шолу жасағанды жөн көрдік.

Әлихан Смайылов

Қазақстан Республикасының премьер-министрі.

1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «қолданбалы математика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1996 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды.

Роман Скляр

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары.

Павлодар мемлекеттік университетін «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша, сондай-ақ, Мәскеу қазіргі заман бизнес институтын «Экономист» мамандығы бойынша және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Ералы Тоғжанов

Премьер-Министрдің орынбасары.

1988 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1994 жылы Қазақстан Республикасының Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтын тәмамдаған.

Мұхтар Тілеуберді

Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі.

С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін тәмамдаған.

Бақыт Сұлтанов

Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі.

1994 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін инженер-электрик мамандығы бойынша, ал 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша тәмамдады.

Ерұлан Жамаубаев

Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі.

1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша тәмамдаған, 2009 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде «Іскерлік әкімшілендіру» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

Ғалымжан Қойшыбаев

Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы.

1994 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университететін тәмамдаған.

Руслан Жақсылықов

Қорғаныс министрі.

1987 жылы И. С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесін, 1996 жылы М. В. Фрунзе атындағы Әскери академияны, 2004 жылы Ресей Федерациясы ҚК Бас штабы Әскери академиясының Жоғары академиялық курстарын тәмамдаған.

Марат Ахметжанов

Ішкі істер министрі.

1991 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Асқар Омаров

Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

«Тұран» университетін халықаралық экономикалық қатынастар мамандығы бойынша  бітірген.

Ербол Қарашөкеев

Ауыл шаруашылығы министрі.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Қазіргі заман гуманитарлық институтын бітірген. Мамандығы бойынша  — экономист, экономика магистрі, құқықтану бакалавры, бакалавр академиялық дәрежесі берілген менеджмент саласының маманы.

Қанат Мусин 

Әділет министрі.

Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «заңгер», «аға әділет кеңесшісі» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Асхат Аймағамбетов

Білім және ғылым министрі.

2003 жылы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ тарих факультетін «тарихшы, тарих мұғалімі» біліктілігі бойынша тәмамдаған. 2006 жылы  Қарағанды «Болашақ» актуалды білім беру институтының заң факультетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Ажар Ғиният

Денсаулық сақтау министрі.

1992 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын, 2007 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін, 2015 жылы Алматы менеджмент университетін тәмамдаған.

Тамара Дүйсенова

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірді, мамандығы – инженер-экономист, экономика ғылымдарының кандидаты.

Қайырбек Өскенбаев

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, Ақмола аграрлық университетін, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Дипломатиялық академиясын бітірген.

Дәурен Абаев

Мәдениет және спорт министрі.

2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2006 жылы Лейден университетін тәмамдаған.

Юрий Ильин

Төтенше жағдайлар министрі.

1989 жылы И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін шынжыр табан және дөңгелекті машинаны пайдалану жөніндегі инженер мамандығы бойынша, 2006 жылы Қырғыз мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша тәмамдады.

Әлібек Қуантыров

Ұлттық экономика министрі.

2006 жылы Томск мемлекеттік университетін Қаржы және кредит» және «Лингвистика және мәдениетаралық коммуникация» мамандықтары бойынша, 2010 жылы  Қолданбалы экономика магистрі дәрежесімен Мичиган университетін «Болашақ» стипендиясы бойынша тәмамдаған.

Áàãäàò Ìóñèí

Бағдат Мусин

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

2004 жылы С. Демирел атындағы университетті «Есептеу техникасын бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша, 2006 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Құқықтанушы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Серікқали Брекешев

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі.

1995 жылы Атырау политехникалық институтын «Мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша бітірген. «ЕАЭО құруға атсалысқаны үшін» медалімен марапатталған.

Болат Ақшолақов

Энергетика министрі.

1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, есеп және экономикалық кибернетика факультетін, 1998 жылы мұнай-газ өнеркәсібінің білім беру орталығын бітірген.

Abai.kz

4 пікір