Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Деп жатыр 3577 16 пікір 12 Сәуір, 2022 сағат 13:41

Қамаудағы Мәсімов айықпас дертке шалдығыпты...

Қаңтар қырғынында тұтқындалғандардың бірі – ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов. Оған мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды, билікті күшпен тартып алуды жоспарлады деген айып тағылды. Бүгінде оның ісі аса құпия санатында тергелуде. 

Кәрім Мәсімовтің ісі бойынша прокуратура бірнеше мәрте мәлімдеме жасады. Оның Қазақстандағы дүние-мүлкі тәркіленді, ал шетелдегі заңсыз шығарылған қаражатын кері қайтару жұмыстары жүргізілуде.

Күні кеше ғана Кәрім Мәсімовке қатысты тағы бір ақпарат шықты. Оның «денсаулығы сыр берді» деген ақпаратты «karimmassimov.com» сайты жариялады.

«Кәрім Мәсімов көптеген созылмалы аурулармен ауырады, оның ішінде 2021 жылдың көктемінде анықталған ауыр созылмалы жүректің ишемиялық ауруы бар. Оның денсаулығына байланысты диагноз гуманитарлық негізде қамаудан дереу босатуды талап етеді.

Кәрім Мәсімовтің дәрігерлері Мәсімовті жүректің ауыр созылмалы ишемиялық ауруына, сондай-ақ, өлімге қауіп төндіретін басқа да ауруларға байланысты дереу босату қажеттігін жазбаша растады. Дәрігерлер бұл мәселе бойынша толық ақпарат беруге дайын.

Барлық құжаттар тиісті тәртіпте мемлекеттік органдарға тапсырылды. Сонымен қатар, бұл мәселе бойынша халықаралық органдар мен шетел үкіметтері хабардар етілді», - делінген ақпаратта. Бұл ақпарат жайлы ресми органдар әлі мәлімдеме жасамады.

Мәсімовке бірнеше айып тағылып отыр. Тергеу-жедел тобы қылмыстық істі келесі баптар бойынша тергеп жатқанын түсіндірген еді.

366-баптың 4-бөлігі – Пара алу (12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады).

362-баптың 4-бөлігінің 3-тармағы – Билікті немесе қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану (10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді).

175-баптың 1-бөлігі – Мемлекетке опасыздық жасау (Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру мүмкіндігімен 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді).

179-баптың 3-бөлігі – Билікті басып алуға немесе ұстап қалуға не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге үгіт-насихат жасау немесе жария түрде шақыру (Қазақстан Республикасы азаматтығынан айыру мүмкіндігімен 17 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді).

218-баптың 3-бөлігінің 3-тармағы – Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады).

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1457
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1307
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1061
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1110