Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3066 0 пікір 23 Қазан, 2012 сағат 08:11

Джао Чаң Лиң: «Қош бол, Қазақстан!»

Ауыр атлетикадан Лондон олимпиадасының чемпионы Зүльфия Чиншанло Қытайға, өз еліне кетті. Біржола. Бұл туралы Қытайдың «Sohu.com» ақпараттық сайты хабарлады деп Baq.kz cайты жария етті.  Қытайлық сайттан Зүльфияның шын ныпсысын, туған жерін білдік: «Иоң Джоу Дао ауданында туылған зілтемірші қыздың шын аты - Джао Чаң Лиң, Ол Қазақстанның төлқұжатын алғанымен, ағымдағы жылдың 22 қазан күні Чаң Ша қаласы, Иу Хуа қаласының полиция басқармасына барып жеке куәлік жасатты. Ол сондай-ақ, сол өлкелік зілтеміршілердің құрамында тізімделіп қойған».

Қазақстан атынан Лондон олимпиадасына қатысып, алтын медаль алып, елге келген соң чемпионға берілетін көлемді қаржыны, әр облыс, жекелеген азаматтар берген сый-таралғыны теңдеп алып, арманы орындалған Джао Чаң Лиң Қытай қайдасың деп тайып тұрыпты. Артынып-тартынып туған жеріне барған зілтемірші қыз былай депті: «Елге оралғаныма қатты қуанып тұрмын. Себебі, Джиа тәрбиеші мен Джоу жаттықтырушымен бірге болатын болдым. Одан да маңыздысы, мен кез-келген уақытта ащы тағамдар жей алатын болдым».

Иә, келімсектердің арманын орындайтынын, онымен қоймай қойны-қоншына қазақтың қаражатын лықа толтырып, алтын медалін қоса беріп, олимпиада чемпионы деген кез келген спортшыға бұйыра бермейтін бақты алып беріп, атамекенінен аттандырып салу тек Қазақстанның ғана қолынан келеді.

Қайран қазақтың бағы мен бюджеті көрінгенге жем болған...

Амангелді Сейітхан, журналист:

Зульфия Чиншанлоның Қытайға кеткені туралы ресми ақпарат естімедім. Ал, егер кеткені шын болса, оған не деп ренжиміз. Олар жыл құсы сияқты ғой. Келді. Алтынды алып берді. Кетеді.

Негізі келімсек спортшыларға арқа сүйеу - болашағын ойламайтын мемлекеттердің ісі. Біз бір мезеттік жетістікке бола өз еліміздегі бір буын спортшы жастарды құрбандыққа шалып жатырмыз. Келімсектердің кесірінің тигенін он-он бес жылдан кейін бармағымызды тістеп, опық жеп өкініп отырып білетін боламыз.

Тіпті, анау Винокуровтың да ойдан-қырдан жинап, келімсектерден құраған «Астана» командасы да бізге опа таптырмайды. Өз елің де, өз жерің де, өзіңнен туған баланы өз намысыңды жыртып, туған елінің туын желбірету үшін жаныңды салып жаттықтырып, баптамаған соң - басқасы бекер. "Қасқырдың күшігін қанша бақсаң да орманға қарап ұлитынын" ұмытпағанымыз жөн.

Біздің легионерлерге әуес болатынымыз - тер төгіп, еңбек етіп, әр спортшының ыстығына күйіп, суығына тоңып баптап өсіргіміз келмейді. Одан да дайын тұрған спортшыны әкеліп, алтынды алып, жетістікке жету ғана. Бізге керегі - атақ пен даңқ қана. Мемлекеттің спорттық болашағына бас ауыртқымыз келмейді.

«Abai.kz»

0 пікір