Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3069 0 пікір 22 Қазан, 2012 сағат 08:28

«Абай нұры» өнерлі жастар клубының тұсаукесері өтті

18 қазан күні Қазақстан-Ресей университеті, «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығының жанынан Астана қаласы өнерлі жастар арасынан «Абай      нұры» клубы құрылды. Қаладағы оқу ордаларының таланнты ақын, әнші студенттері мен жас Абайтанушылар, Абай оқуларынан жүлделі орын алған өнерлі жастарынан құрылған «Абай нұры» тұсаукесеріне қала жұртшылығы мен зиялы қауым, ақын жазушылар қатысты. Осындай игі бастамалардың басы-қасында жүрген өнер жанашыры Қазақстан-Ресей университетінің директоры Әдбіғали Реджепұлы  «Абай нұры» өнерлі жастар клубының  болашағына ұзақ ғұмыр тіледі.

Ұйымдастырушылар Қазақстан-Ресей университеті, «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығы  мен Астана қаласы жастар саясатын қолдау мемлекеттік қоры. Дана Абайдың әрбір жыры-ұлағат, "Қара сөзі"-тұнған тәлім. Ал, мұндай тұңғиық данышпандықтың түгесілмес тұма бұлақтардан бастау алып, терең иірімдерге айналғаны сөзсіз. Осындай ақын арнасынан сусындап, маржан сөздерін теріп, ән мен жырын өмірлік азық ету - бүгінгі жастардың мақсұтына айналуы тиіс «Абай нұры» клубының мүшелерінің тұсаукесер лентасын Қазақстан Жазушылар Одағының Астанадағы бөлімше басшысының орынбасары, С.Сейфуллин атындағы мұражай меңгерушісі, ақын - Ерқожа Тілепбергенұлы, Астана қаласы жастар саясатын қолдау мемлекеттік қорының директоры - Төлепбергенов Аманбек Көрпебайұлы, және қазақ радиосының бас редакторы, Қазақстан мәдениет қайраткері  Мақат Садық қиды. Аманбек Төлепбергенұлы өз тарапынан арнайы жасап әкелген «Абай нұры» төсбелгісі мен клуб мүшелерінің әрқайсысына жазба блокнот салтанатпен тапсырды.

Клуб жетекшілері жас ақын, Жастар сарайы мәдени мекемесінің қызметкері - Жұлдызай Ысқақ пен көмекшілері Қазақстан-Ресей университетінің студенттері - Шолпан Әбілова мен Ғалымжан Гүлдана алдағы уақытта «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығының диреторы - Алмахан Мұхаметқалиқызымен бірлесе жұмыс атқаратын болады.

Салтанатты тұсаукесер барысында «Абай нұры» клубы мүшелерінің өнерін тамашалап, Абай әні орындалып, жас ақындар өлең оқыды. Арнайы келген Табыл Құлияс, Асан Омаров, Саруар Қамаева, Шолпан Бейсенова сынды ақындар мен ғалымдар жылы лебіздерін білдіріп, клуб мүшелерінің шығармашылық ізденісі мен өнерін тамашалады.

Абай әндерін орындаушылар мен Абай өлеңдерін нақышына келтіріп оқитындар тыңдалды.

Жұртшылықты қуанышқа бөлеген «Абай нұры» клубының басты мақсаты Астана жастарын ұлт руханиятына тәрбиелеу, Абай шығармашылығын кеңінен насихаттау арқылы ұлттың тілі мен ділін ояту. Талантты жастардың шығармашылығын шыңдау, Абайдың шығармашылық өнер мектебін қалыптастыру.

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1137
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1038
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 775
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 894