Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2555 0 пікір 22 Қазан, 2012 сағат 08:25

Қажылықта – қазақтар

Мекке... Пайғамбарлар жүрген мүбарак мекен. Мойынсұнған мұсылманды фәни мен бақи дүниенің бақытына бөлейтін қасиетті Құранның аяты аян болған берекелі де бейбіт қала. Қасиетті Қағба... Күллі мұсылман жүзін бұрып, сәждеге бас қоятын Алланың үйі. Тынымсыз тауап етілетін, пайғамбарлардың атасы - Ибраһимнің (ғ.с.) ізі қалған ізгілік бастауы. Қағбаға қарап та сауап жиясың. Бәрі ізгі ниетке байланысты. Қажылық... Адамға ұл, Құдайға құл болған барша мұсылманның арманына айналған құлшылық. Мүмкіндігі болған пендеге парыз амал. Кіріспеге көп кідірмейік. Көзбен көріп, жүрекпен сезбей, көп сөзбен жеткізу әсте мүмкін емес.

Мекке... Пайғамбарлар жүрген мүбарак мекен. Мойынсұнған мұсылманды фәни мен бақи дүниенің бақытына бөлейтін қасиетті Құранның аяты аян болған берекелі де бейбіт қала. Қасиетті Қағба... Күллі мұсылман жүзін бұрып, сәждеге бас қоятын Алланың үйі. Тынымсыз тауап етілетін, пайғамбарлардың атасы - Ибраһимнің (ғ.с.) ізі қалған ізгілік бастауы. Қағбаға қарап та сауап жиясың. Бәрі ізгі ниетке байланысты. Қажылық... Адамға ұл, Құдайға құл болған барша мұсылманның арманына айналған құлшылық. Мүмкіндігі болған пендеге парыз амал. Кіріспеге көп кідірмейік. Көзбен көріп, жүрекпен сезбей, көп сөзбен жеткізу әсте мүмкін емес.

Жүзі басқа жүрегі бір, түрі басқа тілегі бір әлем мұсылмандары ұлық сапармен Меккеге жиналды. Бай мен бағланның, патша мен пақырдың, министр мен мүсәпірдің басын қосқан қажылық басталды. Бәрі Тәңірдің алдында тең. Екі құлаш матаға оранған отандастарымыз да осында. Бейресми деректерге қарағанда, биыл парызын өтеушілер саны 5 миллионнан асады. Сол 5 миллионнан астам адамның 5500-і елімізден барғандар. Оларға отандық 20 туристік компания қызмет етуде. Жыл сайынғы дәстүрге сай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің тапсырмасымен қажылық миссиясының құрамы жасақталып, биыл да үлкен жауапкершілікпен игі іске кірісті. Қажыларға қызмет көрсету жұмысын жетілдіру әрі оңтайландыру мақсатында қажылық компания басшылары да осы жылы миссияға мүшелікке енді. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі де Дінбасының ұсынысын қабыл алып, білікті төрт дәрігер бөлді. Ақ халатты абзал жандар қажыларымыздың денсаулығына жіті көңіл бөліп, қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуде.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Аппарат басшысы Балғабек Мырзаев миссия мүшелерінің кеңейтілген мәжілісін өткізді. Арнайы жұмыс тобының кезекті жиынына ҚМДБ қажылық бөлімінің меңгерушісі, тәжірибелі маман Қанат Бекжанов, уағыз-насихат тобының имамдары, осы топтың жетекшісі, діни басқарманың уағыз-насихат бөлімінің бас маманы Алтынбек Ұтысхан, білікті дәрігерлер, қажылық компания директорлары, журналистер қатысты. Басқосуда әр сала бойынша жүктелген міндеттердің орындалуын қадағалау, насихат тобының жұмысын жетілдіру, уағыз тақырыбын пысықтау, қажыларға дер кезінде ем-дом көрсету, олардың саулығын жіті қадағалау, қажылық ережелерімен таныстыру, күнделікті ас-ауқатпен қамтамасыз ету, т.б. мәселелер талқыланып, тиісті тапсырмалар берілді.

«Дінге, халыққа қызмет ету - Алла алдындағы абыройлы іс. Одан асқан бақыт жоқ. Сауап сабырлықпен, ыждаһаттылықпен, ықыласпен келеді. Сондықтан кейбір үлкенді-кішілі қиыншылықтар кездесіп жатса, оған төзімділік танытумыз тиіс. Құрметті әріптестер! Қажылардың қажетінде болу - бәрімізге ортақ іс. Алла алдындағы пенделік парызымызды абыроймен атқарып, Дінбасы тапсырмасын тыңғылықты, жауапкершілікпен орындап, ортақ істі жұмыла жүзеге асыруға атсалысайық», - деді Балғабек Мырзаев.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл да әр қажылық компанияға уағыз-насихат жұмыстарын жүйелі жүргізу мақсатында имамдар бөлді. Қажылық миссиясы қарамағындағы 100-ге жуық имам-молдалар жерлестеріміздің өзге діни ағым өкілдерінің жетегінде кетпеуін қадағалап, насихат жұмыстарын жүргізуде. Миссия мүшелері имамдардың уағызына қатысып, жұмысын қадағалап, оларға тиісті нұсқаулар беруде.

ҚМДБ Аппарат басшысы Б.Әбдіқайымұлы, қажылық бөлімінің меңгерушісі Қанат Бекжанов, уағыз-насихат тобының жетекшісі Алтынбек Ұтысхандар миссия мүшелерін толғандырған сауалдарға жауап қатты. Қажылық компанияларының жетекшілері, тәжірибелі дәрігерлер миссия жұмысын одан сайын жетілдіре түсуге қатысты ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ қажыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Бас мүфти тарапынан жасалып жатқан қолдауға, діни басқарма қызметкерлеріне алғыс-тілектерін, ілтипаттарын білдірді.

Қасиетті жерге барып, қажылық парызын өтеуші отандастарымыз еліміздің бірлігі мен ынтымағын тілеп, екі дүниенің бақытын жалбарына сұрауда. Біз де өз тарапымыздан сауабы мол осынау ғибадаттарыңыздың қабыл болуына тілектеспіз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Умра умраға дейінгі аралықтағы (кіші) күнәларды шаяды, ал хаж мабрурдың (шынайы қажылықтың) сыйлығы - тек жәннат», - деген. Алла тағала баршамызды құлшылығы, қажылығы қайырымен қабыл болған құлдарынан етіп, қос дүниеде қуанышымызды арттырып, жүздерімізді жарық еткей.

Айта кетерлік жайт, елімізден жыл сайын қажылыққа барушы жерлестер саны артып келеді. Мысалы, былтыр парызын өтеушілер қатары 4 мың болса, биылғы көрсеткіш - 5500. Олардың дені - қазақтар. «Қажылықта - қазақтар». Тақырыпты таңдаудың мәні осы еді.

 

Қосымша ақпарат үшін:

Телефон: +810966568052911

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 467
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 246
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 273
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 264