Жұма, 17 Мамыр 2024
Арылу 3416 12 пікір 6 Сәуір, 2022 сағат 16:20

Каспий құбыр консорциумы: Ресейдің көздегені не?

Ресейдің Новороссийк айлағында Каспий құбыр консорциумы (КҚК) терминалдарының айлақтық құрылғылары істен шыққалы 20 күнге таяды. Ресейлік БАҚ өңірде бұрын-соңды болмаған дауыл тұрып, екі құрылғыға зақым келгенін жазды. Оқиғадан кейін құбыр арқылы мұнай жіберу бірден тоқтады. КҚК құбыры арқылы Қазақстан мұнайының 80 пайызын Батыс елдеріне шығарып отыр.

Немістің «Handelsblatt» басылымы Новороссийск мұнай айлағында болған оқиға туралы журналистік зерттеу жариялапты. Сараптама мақаланы аударып, назарларыңызға ұсынып отырмыз.

 Қазақстан мен Еуропаны Новороссийск айлағында мұнаймен қорқыту

Новороссийск аймағында болған дауылдың салдарын Ресей Батысқа қарсы гибридті соғыс жүргізу үшін және Қазақстанның билігін уысында ұстау үшін пайдаланады, деп жазады журналистік зерттеу жасаған неміс газеті.

Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Еуроодақтың тарапынан ауқымды санкциялардың астында қалды. Сол үшін Ресей қазақстандық мұнайды Еуропа нарығына әдейі жеткізбей, Еуропадағы мұнай бағасының шарықтап тұрғанын пайдаланып Еуроодақтың экономикасын төмендеткісі келеді.

Бұл мәлімдемені жасаған: Немістің «Handelsblatt» экономикалық газеті. Басылымның «Corrective» ғылыми-зерттеу орталығымен бірлесіп жүргізген журналистік зерттеуі Новороссийск портына, дәлірек айтқанда оның мұнай құю айлақтарына арналған.

Германия метеорологтары Новороссийскіде болған дауылдың күштілігіне күмәнмен қарайды

«Ресей күшті дауыл туралы өтірік ойлап тауып, Еуропаға мұнайды жібертпей отыр. Мәскеу Орталық Азиядағы ықпалын күшейту үшін шикізат пен оны жеткізу жолын пайдаланып отырғанын көреміз», деп жазылды мақаланың онлайн нұсқасында. Дәл қазір Еуропаға Қазақстанның мұнайы өте аз мөлшерде жөнелтілуінің себебі: «Қара теңіздегі бірнеше күнге созылған дауыл». Дауылдың салдарынан Новороссийскіде танкерлерге мұнай толтыратын үш жылжымалы  айлақтық құрылғының екеуі істен шыққанын 22 наурыз күні ресейлік БАҚ жазып жатты. Алайда, неміс метеорологиялық қызметі (Deutscher Wetterdienst, DWD)  аталған күндердегі ауа-райы бұл аймақ үшін үйреншікті ауа-райы екенін айтқан. Желдің күші 20 наурызда ең қатты дегенде 9 балдық дауылмен тең болған. Ал, жойқын дауыл 12 балдан басталады екен.

Каспий құбыр консорциумы Ресей арқылы өтетін транзитке байланған

«Қалай десек те 20 жыл бойғы мұнай тасымалдау тарихында ол ешқашан желдің кесірінен істен шығып қалған емес», дейді Handelsblatt басылымы штаб-пәтері Мәскеуде орналасқан Каспий құбыр консорциумының (КҚК) инфрақұрылымын меңзеп.

"Мұнай құбыры Ресей аумағы арқылы өтеді әрі консорциумда ресейлік фирмалардың үлесі көбірек, десек те құбырдың ішіндегі шикізат Қазақстанда мұнай өндірумен айналысатын Chevron, Shell және Eni сияқты Батыс фирмаларына тиесілі", - деп көрсетеді газет.

Консорциумда басты рөлді Ресейдің "Транснефть"мемлекеттік компаниясы атқарады. Ол сондай-ақ Қазақстан мұнайын "Дружба"мұнай құбыры арқылы Балтық жағалауындағы Усть-Луга портына тасымалдауға жауапты. Естеріңізге сала кетейік, құбыр 2019 жылы хлор органикасымен қатты ластанып, ақырында Қазақстаннан жіберілген шикізат та бүлінген болатын.

«Терминал желдің күшінен шынымен де істен шығып қалғанның өзінде, Ресей оны жөндеуге көп уақыт алайын деп отыр»,- деді Handelsblatt. Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, екі жылжымалы құрылғыны жөндеуге үш аптадан екі айға дейін уақыт кетуі мүмкін. Нәтижесінде әлемде көлемі бойынша мұнай экспорттаудан оныншы орын алатын Қазақстан ай сайын жүздеген миллион доллар табысынан айырылады, деп көрсетеді газет. Басылымның жазуынша, "Мәскеу Қазақстанды Батысқа қысым жасау үшін пайдаланады. Қара теңіздегі терминалдың рөлі Еуропа үшін маңызды. Құбыр арқылы жыл сайын 60 миллион тоннадан астам мұнай жіберіледі. Бұл Еуропаның жылдық тұтыну көлемінің 10 пайызын құрайды.

Қазақстан 2022 жылға арналған жоспарында мұнай өндіруді азайтатынын хабарлады.

Handelsblatt тұжырымы мынадай: «Ресейдің Украинадағы әскери операция ойынына қолданып отырған тактикасын Қазақстан мысалында көре аламыз». Газет: «Мәскеудің әскери доктринасы үгіт-насихат, жалған ақпарат, сондай-ақ әлемдік мұнай нарығында айла-шарғы жасау сияқты құйтырқы әрекеттерді қамтитын гибридті соғысты іске асырғысы келеді »,- дейді.

Қазақстандық саяси талдаушы Ғазиз Әбішев Handelsblatt-қа берген сұхбатында Новороссийск айлағындағы мұнай құю терминалының үш құрылғысының екеуі де істен шыққанына «сенсациялық кездейсоқтық» деп баға берді. Ол болып жатқан оқиғаны Ресейдің Батысқа қысым көрсету үшін істеп отырғаны дейді. Ал, Қазақстанның энергетика министрі Болат Ақшолақов: «Мұндай зымияндыққа» Ресей де, консорциум да мүдделі емес»,- дейді.

5 сәуір күні  Қазақстанның Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстанның 2022 жылға арналған мұнай өндіру жоспары бойынша мұнай өндірісі қысқаратынын мәлімдеді.

Басылым журналистік зерттеуінің соңында құбыр көп ұзамай іске қосылса да «Ресейдің Новороссийск айлағында ауа-райының бұзылғаны қазақстандық мұнайдың Еуропаға экспортын тоқтатып тастай алады», деп жазады.

 

Abai.kz

 

12 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2101
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2514
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2198
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1623