Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2774 0 пікір 19 Қазан, 2012 сағат 10:08

“Өлсем де, лайықты өлiммен өлемiн” деген Жаңаөзен қырғыны куәгерiнiң бұзақылар қолынан қаза тапқаны қалай?

 

Жаңаөзен iсi бойынша куәгер Александр Боженконың сүйегi кеше жер қойнына тапсырылды. Ол Жаңаөзен сыртындағы Теңге зиратына мұсылман салтымен жерлендi. "37-нiң" iсi бойынша өткен сотта өз жауаптарынан бас тартып, тергеу өзiне қысым жасалғанын ашық айтқан марқұм қазанның 11-i күнi кiсi қолынан қаза тапқан. Бұл жайлы дүй­сен­бi күнi өткен баспасөз мәслихатында құқық қорғаушы Ғалым Ағелеуов мәлiмдеген едi. Сол-ақ екен, ертесiнде құқық қорғау органдары Боженконы бұзақылар өлтiрдi, күдiктiлер қолға түстi деп хабарлады. Алайда бұған күмәнмен қарайтындар да жоқ емес.

"БҰЛ ҚЫЛМЫС - КӘДIМГI БҰЗАҚЫЛЫҚ"

Жаңаөзен қалалық iшкi iстер департаментiнiң басшысы Амангелдi Досаханов Боженко өлiмiнде саяси астар жоқ дейдi. Оның ақпарат агенттiктерiне берген түсiндiрмесi мынандай: "Оны таңғы сағат бестер шамасында 5-ықшамауданынан полицейлер тауып алды. Жедел жәрдем шақыртылып, Боженко ауруханаға жеткi­зiл­дi".

 

Жаңаөзен iсi бойынша куәгер Александр Боженконың сүйегi кеше жер қойнына тапсырылды. Ол Жаңаөзен сыртындағы Теңге зиратына мұсылман салтымен жерлендi. "37-нiң" iсi бойынша өткен сотта өз жауаптарынан бас тартып, тергеу өзiне қысым жасалғанын ашық айтқан марқұм қазанның 11-i күнi кiсi қолынан қаза тапқан. Бұл жайлы дүй­сен­бi күнi өткен баспасөз мәслихатында құқық қорғаушы Ғалым Ағелеуов мәлiмдеген едi. Сол-ақ екен, ертесiнде құқық қорғау органдары Боженконы бұзақылар өлтiрдi, күдiктiлер қолға түстi деп хабарлады. Алайда бұған күмәнмен қарайтындар да жоқ емес.

"БҰЛ ҚЫЛМЫС - КӘДIМГI БҰЗАҚЫЛЫҚ"

Жаңаөзен қалалық iшкi iстер департаментiнiң басшысы Амангелдi Досаханов Боженко өлiмiнде саяси астар жоқ дейдi. Оның ақпарат агенттiктерiне берген түсiндiрмесi мынандай: "Оны таңғы сағат бестер шамасында 5-ықшамауданынан полицейлер тауып алды. Жедел жәрдем шақыртылып, Боженко ауруханаға жеткi­зiл­дi".

А.Досаханов бастапқыда күдiктiлердi табу оңайға соқ­пағанын айтады. Бiрақ артынша жәбiрленушiнiң жеке тұлғасы анықталған соң iздестiру жұмыстары Боженконың тұрғылықты ауданында жүргiзiлiптi. Сөйтiп, сол күнi жолаушылар тасыған көлiк жүргiзушiсi табылған. Жүргiзушi сол күнi әлгi екi жiгiт соққыға жығылған бiр жi­гiттi көлiкке тиеп алып кетiп, 5-ықшамауданына апарып тастағанын айтып берген. Өзге де куәгерлер табылған. "Қолға түскен екеуi Александрды соққыға жыққанын айтты. Бұлар алдымен сөзге келiп қалған, артынша бұл дау төбелеске ұласты".

Бұл iске қатысты Маң­ғыс­тау облыстық iшкi iстер департаментi ресми мәлiм­де­ме таратты. "Тергеу барысында Боженко мас күйде дүкеннен әлдене сатып алуға кiрген. Бұл кезде дүкенде сауда жасап тұрған екi жiгiттiң сатушыға беретiн 50 теңгесi жетпей қалды. Мұны байқаған Боженко "сендер үшiн төлей саламын" деп қалтасынан 50 теңге шығарып, сөреге тастаған. Бұл әрекет екеуiне ұнамай қалып, жiгiттер сөзге келiп қалған. Мұның арты төбелеске ұласты. Қатты соққыға жығылған Боженко Жаңа­өзеннiң орталық ауруханасына жеткiзiлдi... Интернетте Боженко 16 желтоқсан күнгi Жаңаөзен оқиғасы бойынша куәгер болды деген ақпарат шықты. Бұл фактiнiң аталған оқиғалармен еш байланысы жоқ. Бұл қылмыс - кәдiмгi бұзақылық", - делiнген онда.

 

"ҚҰПИЯ" КУӘГЕР

Жаңаөзенде 16 желтоқсан күнгi жаппай тәртiпсiз­дiк­ке қатысты өткен сот отырысында бүркеншiк ат жа­мыл­ған екi куәгер өздерiне тергеу органдары қысым жасағандықтан, жалған куәлiк беруге мәжбүр болғанын мәлiмдеген. Соның бiрi - "Қайрат Алпысбаев" атты лақап ат жамылған Александр Боженко. Сонда куәгер айыпталушы Жанат Мұрынбаевқа қарсы жауап берген болатын. Сол кезде айыпталушы Ж.Мұрынбаев одан "намаз оқып жүрсiң бе?" деп сұрады. Куәгер жауап бермедi. Айыпталушы: "Боженко, мұныңды қойсаңшы. Ол күнi сенен жұмыс туралы сұрадым ғой. Ешқандай қорқытып-үркiту болған жоқ. Неге менiң үстiмнен жала жауып жатырсың?" - дедi. Бiраз үнсiздiктен кейiн аноним куәгер: "Жанат, ба­уырым, кешiр! Менi ұрып-соқ­ты, осындай куәлiк беруге мәжбүр еттi. Сенi де, отбасыңды да жақсы бiлемiн. Екi ай бойы қиналдым, асылып өлгiм келдi", - деп жылап сала бердi. Айыпталушы Мұрынбаев оны кешiргенiн, айыптамайтынын айтып, сот залына келуiн сұрады. Судья оны сот залына алып келуге рұқсат бердi. Алайда куәгер Боженко жауап берген бөлмеде жоқ болып шықты. Оны сол күйi сот өтiп жатқан ғимараттан таба алмады. Келесi күнi сотқа келген Боженко ешқайда қашпағанын, оны "бiздi масқара еттiң" деген полицейлер бөлiмше­ге алып кеткенiн жайып салған едi.

Жастайынан жетiм қалған А.Боженко Жетiмдер үйiнде тәрбиеленген. Кейiн қазақ отбасы оны асырауына ал­ған. Жаңаөзен оқиғасынан соң 18 желтоқсан күнi тұт­қын­далған А.Боженко ОМОН өзiн қатты ұрып-соққанын "К плюс" арнасына баяндап берген. Сол сұхбатында куәгер: ""Менттер менi қан­ша қинаса да, жалған куәлiк берiп, жазықсыз адамды отырғызудан Алладан қорықтым. Мен Алланың алдына барғанда не деймiн? Бiз барлығымыз мұсылманбыз, бауырлармыз, бiзге шыдамдылық керек, адамға да сену керек. Әрине, олар әлi қоқан-лоққы жасайды, бiрақ мен соңына дейiн шыдаймын. Мен сотта айттым - өлсем де ла­йықты өлiммен өле­мiн. Менi дубинкамен ұрса да аяғына дейiн шыдаймын. Өзiм же­тiм­дер үйiнде өстiм. Маған сене ме, жоқ па... Мен өзiме-өзiм сене­мiн. Егер өлсем, мұ­сылманша көмгенiн қалаймын", - деген едi.

 

БОЖЕНКОНЫ ҚОРҚЫТҚАН КIМ?

Ғалым Агелеуовтiң айтуынша, А.Боженко бұған дейiн өзiне қысым жасалғанын мәлiмдеген. "Өмiрде әртүрлi оқиға болады ғой. Бiрақ тергеу ең бiрiншi кезекте оның соттағы жауабын назарға алып, басты негiз ретiнде қарастырғаны жөн. Оның үстiне, бұған дейiн оны бiреулер қорқытып-үркiткен. Бiз Лев Пономаревпен бiрге келiп, онымен кездеспек болып хабарлас­қанымызда, Боженко кездесе алмайтынын, өзiне қысым жасалып жатқанын айтты. Сөйтiп, кездесуге келмедi. Оған қоқан-лоққыны жергiлiктi полицейлер жасады ма, әлде қысым ҰҚК тарапынан болды ма, бұл жағын бiлмеймiн. Әйтеуiр Александр өзiне қысым болғанын айтты", - дедi ол.

"Liberty"қорының жетекшiсi Боженко араққа сылқия тойып алды дегенге сенбейдi. "Ол мұсылмандықты қабылдаған адам. Iшетiн адамға ұқсамайды. Iштi дегенге сенбеймiн", - дедi Ғ.Агелеуов.

 

Елнұр БАҚЫТҚЫЗЫ

«Жас Алаш» газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1232
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1134
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 875
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1014