Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2203 0 пікір 19 Қазан, 2012 сағат 10:06

Азиаданың шығыны бiр жарым миллиард доллардан асқан

Қазақстанның есеп комитетi 2011 жылы Алматы мен Астанада өткен қысқы Азия ойындарының шығынын есептеп шығарды. Бiр жарым жыл тексерген есепшiлер "талай заң бұзылғанын анықтағанын" айтты.

Қазақстан Азиаданы ұйымдастыруға жалпы 1 миллиард 650 миллион доллар (233 миллиард 500 миллион теңге) шығындаған. Бұл елдiң Азия ойындарын ұйымдастыруға жұмсаған қаржысы бұған дейiн қысқы олимпиада ойын­дарын өткiзген елдердiң (Италия, 2006 немесе Канада, 2010) шығынымен бiр­дей.

Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң Азаттыққа берген дерегi бойынша, Қазақстан Азиадаға арнап жетi спорттық нысан салу үшiн бюджеттен 30 миллиард 480 миллион теңге бөл­ген. Алайда кейiн бұл сома 132 миллиард теңгеге дейiн көбейген.

- Тексерiс кезiнде жоспардан тыс жұмыстар жасалып, спорт кешендерiне салуға жұм­са­латын қаржылардың көлемi өсiп отырғанын байқадық. Тек­серiс кезiнде талай спорт кешенi белгiленген сомадан көп қаржыға салынғанын, Азия ойындары үшiн алынған керек-жарақтардың көбi кейiн пайдаға аспай қалғанын анықтадық, - дедi есеп комитетiнiң маманы Константин Плотников.

"КЕРЕКСIЗ ЖАБДЫҚҚА - 69 МИЛЛИОН ДОЛЛАР"

Астанадағы "Сарыарқа" велотрек кешенiн салуға әуелi 12 миллиард теңге бөлiнген. Кейiн бұл нысанның құрылысына 20 миллиард теңге кеткен. 2012 жылдың наурыз айында "Сары­арқа" кешенiнiң шатыры тесiлiп, күн жылын­ғанда ерiген қар мен жаңбыр суы шатырынан өтiп кеткен.

- Азиада кезiнде мәнерлеп сырғанау мен шорт-трек жарысын өткiзу үшiн шетелден бiр миллиард теңгеге мұз жабындысы сатып алынғ­ан. Бiрақ бүгiнде бұл мұз "Сарыарқаның" қоймасында пайдаланбай тұр, - дедi есеп комитетiнiң мамандары,

Бұл жайтқа байланысты "Сарыарқа" велотрек кешенiнiң директоры Қали Әбiшев Азаттыққа арнайы түсiнiк бердi.

- Бұл мәселенi ақпарат құралдары ушықтырып жiбердi. Көктемде шатыры тесiлiп, су аққаны рас. Шатырдың тесiлген жерiне құрылыс компаниясы Швейцариядан адамдар әкелiп, арнайы құрылғы орнатты. Ал Азиада кезiнде бiр миллиард теңгеге алынған мұз жабдығы керексiз болып қалды. Оның орнына басқа мұз сатып алдық. Қазiр шорт-трекшiлер осы мұзда жаттығып жүр, -  дедi.

Есеп комитетi Азия ойындары үшiн 10 миллиард 280 миллион теңгеге (шамамен 69 миллион доллар) алынған спорт жабдықтары керексiз болып қалғанын анықтағанын да айтты.

"200 МИЛЛИОН ДОЛЛАР ИГЕРIЛДI - БАЗА ДА ЖОҚ, БАССЕЙН ДЕ ЖОҚ"

Алматыдағы "Шымбұлақ" тау шаңғысы базасына 200 миллион доллар жұмсалған. Аумағы 40 гектар жердi алып жатқан "Шымбұлақта" құрылыс жоспары бо­йынша жаттығу базасы, 50 метрлiк бассейн салынуы тиiс едi. Бiрақ Азиадаға дейiн жаттығу кешенi мен бассейн салынып бiтпеген. Құрлықтық жарыс бiткелi екi жылға жуық уақыт өтсе де, бұл құрылыс аяқталмапты.

- "Шымбұлақта", жоспар бойынша, 200 миллион долларға тау шаңғысы базасы, жаттығу кешендерi және бассейн салыну керек едi. Бiрақ 200 миллион доллар толық игерiлгенiмен, "Шымбұлақта" бүгiн не база, не бассейн жоқ. Тiптi "Шымбұлақ" бүгiнде жұмысын тоқтатқан, - дедi есеп комитетiнiң маманы Константин Плотников Азаттық тiлшiсiне.

Ал спорт және дене шынықтыру агенттiгiнiң өкiлi Мұрат Омаров:

- "Шымбұлақтағы" құрылыс жұмысы төрт жарым жылға жоспарланған. Қазiр әлi салынып жатыр. Нақты қашан iске қосылатынын айта алмаймын, - дедi.

АЗИАДА ҒИМАРАТТАРЫНА - 883 МИЛЛИОН ДОЛЛАР

Есеп комитетi Алматыдағы "Медеу" мұз айдынына қатысты тексеру жұмыстарын жүргiзгенiн де айтты.

- Азия ойындарынан кейiн "Медеу" қайта жөндеу жұмыстары үшiн жабылды. Мұз айдыны басшылығы мұны 2012 жылы "Медеуде" бендиден өткен әлем чемпионатына дайындығымыз деп түсiндiрдi. Ал әлем чемпионаты өткен соң мұз айдыны қайта жабылып, құрылыс жұмыстарын жүргiздi. Бұл мұз айдынды қайта жөндеу үшiн бөлiнген 130 мил­лион доллар жетпей, құрылыс Азия ойындарын өткiзу үшiн шала жүргiзiлген, - дедi есеп комитетiнiң маманы Константин Плотников. "Медеу" мұз айдынының директоры Сабыржан Бектемiсов "Азия ойындарынан кейiн "Медеуде" азды-кемдi апаттық жағдайлар болғанын" растады.

- Құрылыс жұмыстарын жүр­гiзген компания олқылықтың орнын толтырып, жөндеп бердi. Ендi 2012 жылдың қазан айынан бастап мұз айдын жұмысын бас­тайды, - дедi "Медеу" мұз айдынының директоры. Рес­пу­бликалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi тексеру қорытындысын қаржы полициясы мен бас прокуратураға жiберiптi. Бұл iске "Нұр Отан" партиясының жемқорлыққа қарсы орталығы да араласқан.

- Азия ойындары кезiнде болған осы жайттарға байланысты үш адам жауапқа тартылыпты. Барлығы қарапайым есепшiлер мен қаржы бөлiмiнiң мамандары. Ал басшылары жазадан құтылып кеткен, - дедi осы орталықтың маманы Айнұр Серимова. 2011 жылы Қазақстанда өткен Азия ойындарының Алматы мен Астана қалаларындағы ғимараттарын салу мен жөндеуге 883 миллион доллар қаржы бөлiнген.

Салыстыру үшiн айта ке­тейiк, 2010 жылы Канаданың Ванкувер қаласында өткен олимпиада ойындарының кешенiн салу үшiн 432,55 миллион доллар жұмсалған.

Руслан МЕДЕЛБЕК,

Азаттық радиосы

"Жас Алаш" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1194
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1087
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 824
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 958