Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2400 0 пікір 19 Қазан, 2012 сағат 10:04

“Сотқа дейiн-ақ Челахтың көзiн құртуы мүмкiн”

Соңғы бiрер күнде Владислав Челахқа қатысты абың-күбiң әңгiме көбейiп кеттi. Алдымен "Челах өзiне-өзi қол жұмсамақ болды" деген хабар тарады. Мұны Қазақстанның бас әскери прокуратурасы растады.
"2012 жылдың 11 қазанында сағат төрт шамасында ЛА 155/16 мекемесiнiң iшкi пост күзетшiсi камераларды тексеру барысында В.Челахтың спорттық шалбарын терезе торына байлап, соған асылмақ болып жатқанын байқаған. Мекеме әкiмшiлiгi дереу шара қолданып, оқиғаның алдын алды", - деп мәлiмдедi бас әскери прокуратура.
Бұдан кейiн телеарналар Челахқа қатысты әлдебiр бейнежазба көрсеттi. Ол бейнежазба Челах камерада бiрге отырғандарға жауынгер әрiптестерiн қалай өлтiргенiн егжей-тегжейлi баяндайды. Тергеушiлер бұл жазбаны жазым болған жауынгерлердiң туыстарына көрсеткен. Қаза тапқан Қамбар Ағанастың әкесi Асқар Сарынов әлгiнi көрген соң былай дедi: "Оның (Челахтың - ред.) бiрнеше адамды өлтiрген қылмыскер екенiне еш күмәнiм жоқ. Ол кiмдi қалай өлтiргенiн егжей-тегжейлi айтады. Мынауы тiптi сорақы. Камерада бiрге отырғандарға қалай өлтiргенiн әңгiмелегенде ол ыржалақтап күлiп, мазақ етiп отыр. Кiм қалай жанұшыра айқайлады, қалай қан ақты - бәрiн айтады. Мынаны көрген соң, менiң жағдайым нашарлап кеттi".

Iле-шала "Сары Бөктер" шекара бекетiнiң бастығы Алексей Фоминнiң iсiне қатысты ақпараттың құпияланғаны туралы мәлiмет шықты. Мұны Алматы облыстық адвокаттар алқасының меңгерушiсi Азат Файзуллаев хабарлады.
"Бұл - құпия iс. Iс материалдарының бәрi құпия. Мен де Фоминдi құпия iс материалдары бойынша қорғаймын. Мен өзiмнiң қарамағымдағы адвокаттарға бұл iс бойынша түсiнiктеме беруге тыйым саламын. Кiм бұл туралы айтып қойса, өз обалы өзiне", - дептi А.Файзуллаев.
Челахқа қатысты тергеу iсi бұлай құпияланған жоқ едi. Ал Фоминге қатысты iстi неге тұмшалап тастады? Әлде Челах бiлмейтiн әлдебiр жайтты Фомин бiле ме?
Бұған дейiн Фоминнiң адвокаты Ғалым Нұрпейiсов бұқаралық ақпарат құралдарына там-тұмдап түсiнiктеме берiп жүрген. Қорғауындағы Фоминмен кейбiр жайттарды ақылдасқан соң тағы да түсiнiктеме беруге уәде еткен. Алайда Ғ.Нұрпейiсов уәдесiнен тайқыды. Оның себебi белгiлi болды. Фоминнiң iсiн құпиялап тастады және адвокаттар алқасының меңгерушiсi де желкесiнен қарап отыр...
В.Челахтың шешесi мен оның адвокаттары Сәрсенов пен Берлiқожановтың айтуынша, Челах сотта өзiнiң кiнәсiз екенiн дәлелдеуге тырысады. Мұны ол туыстарымен және қорғаушыларымен кездескенде бiрнеше мәрте айтқан. Ал "Гүлжан.орг" сайтына түсiнiктеме берген тергеушi Самат Сырлыбаев бiрнеше адамның өлiмiне Челахтың кiнәлi екенiне сенiмдi. "Жәбiрленушiлерге әлдебiр бейнетаспа көрсетiлiптi. Тергеудiң құпиясы жария боп қалған ба?" - деген тiлшiнiң сұрағына Сырлыбаев: "Мұның бәрi - қылмыстық iстiң материалдары. Мұнымен Челахтың өзiн де, қорғаушыларын да таныстырамыз. Жәбiрленушiлер барлық құжатпен танысуы керек. Таспа iске тiгiледi және сотта талқыланады", - деп жауап берiптi.
Осындай айқыш-ұйқыш ақпараттар толассыз тарап жатқанда редакцияға бiр оқырман телефон соқты. Аты-жөнiн айтуды қаламаған ол былай деп ой бөлiстi: "Челахтың көзiн құртуы мүмкiн. Сотқа жеткiзбей-ақ. "Челах асылып өлмек болды" деген ақпарат таратып, қоғамның тамырын басып көрдi. "Өзiн-өзi жарақаттауға бейiм жан" деген қорытынды жасады. Менiңше, мұның бәрi бекер емес. Алда-жалда "Челах темiр төсектiң жақтауын суырып алып, өз басынан өзi салып қалып, жазым болды" деген ақпарат тараса еш таңданбаңыздар...".

Е.Биеке.

"Жас Алаш" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1189
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1080
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 817
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 947