Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2262 0 пікір 19 Қазан, 2012 сағат 09:58

Қазақстанның мүддесі қорғалған ба?

Кеден одағына қатысты құжаттар, уақыт өте келе, тіпті қалаулылар тарапынан да көп сұрақтар туғызуда. «Кеден одағына мүше- мем­лекеттердің кеден қызметтерінің Бірік­кен алқасы туралы шартты» ратификация­лайтын заң жобасы бұған дейін Төменгі палатада да қызу пікірталастар туғызған еді. Қайрат Мәмидің төрағалығымен өткен Жо­ғары палатаның кешегі жиынында енді се­на­торлар осының айналасындағы наразы­лықтары мен көңілтолмастықтарын ашық білдірді.

Кеден одағына қатысты құжаттар, уақыт өте келе, тіпті қалаулылар тарапынан да көп сұрақтар туғызуда. «Кеден одағына мүше- мем­лекеттердің кеден қызметтерінің Бірік­кен алқасы туралы шартты» ратификация­лайтын заң жобасы бұған дейін Төменгі палатада да қызу пікірталастар туғызған еді. Қайрат Мәмидің төрағалығымен өткен Жо­ғары палатаның кешегі жиынында енді се­на­торлар осының айналасындағы наразы­лықтары мен көңілтолмастықтарын ашық білдірді.

Империялық қызуы басылмаған Ресей осы ұйымның да барлық басқарушылық тізгінін өз қолында шоғырландыруға ыңғай танытып отырғандай, ал әлемдік көшбасшылық тұ­ғырларға ұмтылған Қазақстан бұған қар­сы­ласып бағуда. Әрине, көк теңізге шығар жолы жоқ, құрлықта қос өкпеден қысылған Қазақ­стан үлкен нарықты ашатын, еркін сауда ке­ңістігін құратын мұндай ұйымнан бас тарта алмайды.
Демек, Парламент депутаттарының көксегені де ол емес, олар қазақстандық мүдденің жақсырақ қорғалғандығын қалайды.
«Кеден одағына мүше-мемлекеттер­дің кеден қызметтерінің Біріккен алқа­­сы туралы шарттың» 10-бабына сәйкес, осы алқаның Хатшылығының функциясын Ресейдің Федералдық кеден қызметі жүзеге асырады екен. «Бұл келісімде Бі­ріккен алқа шешімдерінің жобала­рын барлық мүше елдердің келісімінен өткі­зу мәселесі регламенттелмеген. Бұл біздің елімізге, соның ішінде қазақстандық кәсіпкерлерге тиімсіз шешімдердің қа­былдануына әкелмей ме?» деп туралай сұрады сенатор Ерлан Нығматулин.
- Біріккен алқаның шешімдері тек ұсыным-рекомендация сипатында бо­лады, - деді құжатты қорғаған Қаржы министрі Б.Жәмішев. - Ал шешімдердің тек ымыра-консенсустық жолмен қабылдануын талап ететін ереже Қазақ­стан келіспейтін бірде-бір шешімнің өмірге жолдама алуына жол бермейді. Осы тұрғыдан алғанда мен ешқандай проблема көріп отырған жоқпын. Ре­сейдің кеден қызметінің аппараты ал­қаларды әзірлеуге қатысты техникалық функцияларды, құжаттарды жолдау, құжаттарды жалпылау (обобщение) сияқты жұмыстарды атқарады. Баста­маларды қарау сынды мазмұндық жағы болса, әрбір елдің еншісінде қалады. Демек, қандайда бір қауіп-тәуекел жоқ.
Тағы бір жайт: бұл шартқа «Атамекен» одағы» ұлттық экономикалық палата­сы қорытынды ұсынған болатын. Кеше оның бірде-бір ұсынысы қабылданбағанды­ғы жарияланды. Ел Үкіметі олардың неге қабылданбағандығын былай түсіндіре­ді: «Келісімге 22 маусымда қол қойылды, ал Ұлттық экономикалық палата қорытын­дысын 12 желтоқсанда ұсынды». «Қабыл­данбаудың жалғыз себебі осында ғана ма? - деп нақтылады Е.Нығматулин. - Өйт­кені «Атамекен» отандық кәсіпкер­лер­дің мүдделерін қозғайтын мәселелерге қа­тысты өте пайдалы ұсыныстар беріпті. Өкінішке қарай олар ескерілмей қалып отыр».
- «Атамекен» ұсыныстарына келсем, - деді Болат Жәмішев, - алқаның отырыстарында тек қолданыстағы заң­нама жүзінде шешіле алатын мәселелер ғана талқынады. Алқа қолданыстағы заңнама аясынан тыс шығатын мәселелер бойынша ешқандай шешім қабылдай алмайды. Сол себепті үш елдің «Атамекен» сияқты қоғамдық ұйымдарының өкілде­рін қосудың қажеттілігі жоқ.
Кеден одағының Біріккен алқасы ендігі екі отырыс өткізіп үлгеріпті, Қаржы министрінің айтуынша, оның бірінде - электрондық форматта жүретін ақпа­раттық өзара ықпалдастықтың техника­лық шарттары талқыланған. «Бұған қоса, құқық қорғау саласындағы тәжірибелік іс-шаралар жоспары қаралды. Себебі әрбір елдің кеден қызметі сондай-ақ құқық қорғау органының да қызметін атқарады» деді ол.
Әйткенмен бұл алқа тек құ­жаттарды ксерокопиялық көшіру тәріздес тех­никалық қызметтермен ай­налысады дегенге сенаторлар сенбеді. «Біріккен алқа Хатшылығының шы­ғындары да, қаржыландыруы да Ресей бюджетінен жүреді делінген,-деп назар аудартты сенатор Қуаныш Айтаханов. - Ол Хатшылықтың ережесін төраға бекітеді дейді, ал төраға - Ресей өкілі! Үшінші бабында айтады: «Біріккен алқаның жұмыс тәртібін де төраға бе­кітеді». Егер ол үш елдің ортақ Біріккен алқасының жұмыс тәртібі болса, неге оны да Бірік­кен алқа өзі бекітпейді? Неге жалғыз төрағаға беріліп қойған?»
- Сенаторлар, - деді палата депу­таттарына өтіне қараған Қаржы министрі, - сіздердің алқа отырыстарын ұйым­дастыру қызметін Ресей кеден қызметі аппаратының атқаратындығына қатысты алаңдаушылықтарыңыз түсінікті, бірақ мен тағы да назарларыңызды аударамын! Ол осы ұйымның құжаттарды ксеро­көбейту, жалпыландырылған анықта­ма­ны әзірлеу, жинау сияқты тек техникалық функцияларын орындайды. Отырысқа шығарылатын құжаттардың және солар бойынша шешімдердің мазмұны Кеден одағы елдерінің кеден комитеттерінің еншісінде.
Министр Болат Жәмішев Біріккен алқа төрағасының тек бір жылға ғана сайланатындығын атап өтті, ол мүше ел­дердің әрқайсысының кеден қызметінің басшысы әр жылда осы лауазымды иеленеді деп үміттенеді: «Мен осы құжат ратификацияланған соң, сондай тәжіри­бе енгізіледі деген ойдамын,-деді Қар­­жы министрі. - Қалай болғанда, менің өзім осындай ұстанымды ұстанамын және біздің Кедендік бақылау комитетінің басшылығын, осы мәселе бойынша ше­шім қабылдаған кезде, осыған сәйкес дауыс беруге міндеттедім. Ал төрағаға қатысты шешім тек консенсустық негіз­-де, яғни барлық үш ел өкілінің бірауыз­-дан қолдауы болғанда ғана қабылдана­тындығын ескерсек, қазақстандық та­раптың ұстанымы әлгіндей болады: жыл сайын төраға ауысып, біздің комитет төр­ағасы да Біріккен алқа төрағасы бо­луы қажет».
Бұған сенатор Ғани Қасымов күмән­мен мысал келтірді: «Сіз айтасыз: «жоқ, біз келіспей қоямыз, ротация болады, позициямыз темірдей, төрағамыз да төр­аға болады» дейсіз. Шүбә келтіруге рұқ­­сат етіңіз! - деді Ғани Есенгелдіұлы. - Біз ҰҚШҰ ұйымына қатысты да осындай келісімді бір жолы бекіттік, осы әскери ұйымға төраға алғашында Ресей тара­пынан сайланды. Ол содан бері мызғымай, міне, 15 жыл бойы отыр! Біздің өкілдер тіпті жақындай да алмайды». Оның айтуынша, ресейліктер бұған мүмкіндік беретін тетікті ендігі енгізіп қойыпты. Рас, талқылауға түсіп отырған құжаттың 3-бабында төраға мен оның орынба­сар­ларының 1 жылға сайланатындығы жазылған, бірақ оның «тіркемесі» бар: «Біріккен алқаның шешімімен бұл мер­-зім ұзартылуы мүмкін».

Айхан ШӘРІП

"Айқын" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1213
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1111
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 846
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 991