Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Әне, көрдің бе? 6094 0 пікір 31 Наурыз, 2022 сағат 12:53

Соғыс: Путин тығырыққа тірелді

Украинаға Ресей әскерінің басып кіргеніне бір айдан асты. Алайда Кремльдің алға қойған мақсат-жоспарлары сәтті жүзеге аспады. Сондықтан Мәскеу өз жоспарына өзгертулер мен түзетулер енгізуде. Мәскеудің о бастағы талаптары да өзгере бастады. Анығы Украинаның қатаң қарсылығы талаптарды өзгертуге мәжбүр етті.

29 наурыз күні Ресей мен Украина тарапы Түркияда келіссөздер өткізді. Бұл ең маңызды келіссөздердің бірі болды десек те болады. Келісімге әлі ерте, алайда, келісімнің алғышарттары жасала бастады. Нақтылап айтатын болсақ келесідей ұсыныстар айтылды.

Кремль прокомментировал прошедшие переговоры России и Украины в Стамбуле - Газета.Ru | Новости

Украина мен Ресей Қырым мен Донбасс мәселесін ерекше жүйе бойынша талқыламақ. Аталмыш мәселені 15 жыл бойы талқыға салады, ол аралықта мәселені қарулы жолмен шешуді қарастырмайды. Луганск пен Донецк мәселесін тараптар екі ел басшысының тікелей келіссөзі арқылы шешуі мүмкін.

Украина өз тарапынан ешқандай әскери блокқа қосылмауды мойындамақ, алайда ол үшін Украинаға арнайы қауіпсіздік кепілдігі берілуі тиіс. Оны құжат жүзінде бекітіп алуды жоспарлап отыр. Украина қауіпсіздік кепілдігін беретін елдердің ішінде Ұлыбритания, Қытай, АҚШ, Түркия, Франция, Канада, Италия, Польша және Израиль болғанын қалайды. Ресей де кіруі тиіс. Бұл құжат алдағы уақытта мақұлданса Киев қандай да бір әскери-саяси блокқа кірмейді, бірақ оған қарсы соғыс ашылса қауіпсіздік кепілдігін берген елдер жиналып, соғысты сол күні тоқтатуы міндетті болмақ. Егер тоқтата алмаса, аса қуатты қару беруге келіседі. Бір сөзбен айтқанда бұл НАТО-ның бесінші қағидасына ұқсас құжат болуы мүмкін.

Ресей тарапы өз кезегінде Зеленский режимін ауыстыру, денацификация және демилитаризация атты талаптарынан бас тарта бастағаны көрініп тұр. Мәскеу Киевтегі режимді ауыстыру өте қиын екенін, ал ауыстырған күннің өзінде оның орнына қоятын қуыршақ режимді халық бірнеше айдың ішінде төңкеріп тастау мүмкіндігін түсіне бастаған сияқты. Ал демилитаризация, яғни «Украина әскерін 50-100 мыңға дейін азайтамыз» деген негізсіз талаптары орындалмайтынын да ұққандай.

Мединский разъяснит СМИ итоги переговоров с Киевом, заявил Песков - РИА Новости, 30.03.2022

Ресей Украинаның Еуропалық Одаққа кіруіне қарсылық білдірмейді. Ал соғыстың басталу тарихына қарасақ, бір себеп Киевтің Еуразиялық Экономикалық Одаққа емес, ЕО-ға кіру таңдауын жасағаны да жатыр. Сондықтан Украина өз таңдауын қарумен қорғап қалды.

Ресей келіссөздерден кейін Киев және Чернигов маңындағы әскери қимылды бәсеңдетіп, біраз әскерін әкете бастады. Мәскеу «келісім бойынша әрекет» десе, АҚШ «бұл әскерді басқа аймаққа топтастыру әрекеті ғана» деді. Ал кей әскери сарапшылар Ресей аталмыш бағыттарда үлкен шығынға ұшырағандықтан, кері шегінуге мәжбүр болуда дейді.

Рамзан Кадыров показал Соловьёву трофейный пистолет украинского производства - YouTube

Келіссөздер осылайша аяқталды. 1 сәуірде қайта онлайн форматта жалғасын таппақ. Ресейдің келіссөздер барысында бірнеше талапты мойындауы Ресей халқы тарапынан түсініспеушілік тудыруда. Мысалы Қадыров: «Киевті алып, бірақ тоқтау керекпіз», - деп пікір білдірді. Ал атышулы шовинист Владимир Соловьев болса: «Мемлекет басшысы қойған талаптың барлығы дерлік толыққанды орындалуы тиіс, Мединскийдің жасаған мәлімдемесі тіпті негізсіз», - депті. Әлеуметтік желі қолданушылары: «Зеленскийді тақтан тайдыру ойымызда жоқ және денацификацияны айтпағаны несі, онда не үшін соғысып жатырмыз», - деп кіжініп жатыр.

АҚШ сарапшылары: «Путиннің жақындары оған әскердің шынайы жағдайы мен санкцияның әсері жайлы нақты айтпай отыр, себебі одан қорқады», - деген пікір білдірді.

Ресей 1 сәуірден бастап Еуропа елдері газға рубльмен төлесін деген еді. Алайда Еуропа ол талапты орындамайтынын айтты. Осылайша Мәскеудің тағы бір жоспары іске аспайтын сияқты. «Ресейдің алтын резервінің бұғатталуы мен соғыстағы сәтсіздігі Путинді тығырыққа тіреді», - дейді сарапшы Кейт Эльсон.

Асхат Қасенғали

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 306
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 150
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 152
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 146