Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3627 0 пікір 16 Қазан, 2012 сағат 08:42

Құрбан айтқа дайындық қалай?

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің қатысуымен кезекті төралқа мәжілісі өтті. ҚМДБ-ның аймақтағы өкіл имамдары бас қосқан жиында ұлық мереке - Құрбан айтты жоғары деңгейде өткізу игілікті іс-шаралары пысықталды. Дінбасы өкіл имамдарға мереке күні мешіт ауласына, асханасына арнайы дастархан жайып, келген қонақтарға құрмет көрсетуді, рухани кеш ұйымдастыруды, тұрмысы төмен отбасыларға құрбандық етін таратуды, бұқаралық ақпарат құралдары жетекшілеріне, зиялы қауым өкілдеріне, мемлекеттік мекеме басшыларына Құрбан айтпен құттықтау хаттарын жіберуді, айт қарсаңында арнайы баспасөз мәслихатын өткізуді тапсырды.

Басқосуда сөз алған ҚР Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары Марат Әзілханов мешіттерді қайта тіркеу жұмысында белсенділік танытқан ғибадатхана қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Төралқада «Зекет» қорының жұмысын жүйелі жүргізу, мешіт-медреселердегі діни сауат ашу сабақтарын жандандыру, асыл дін - Ислам насихатын күшейту, т.б. мәселелер сөз болды. Бас мүфти уағыз-насихат жұмыстары бойынша жақсы нәтижеге қол жеткізген кейбір облыс имамдарына алғысын жеткізді.

ҚМДБ-ның баспасөз қызметі

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1795
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1786
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1503
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1401