Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2004 0 пікір 15 Қазан, 2012 сағат 09:03

Шәріпхан Қайсар. Сапарғалидың саясатқа сапары ақталумен аяқталды

Ақтаудағы «Алға» тобының мүшелеріне байланысты өткен сот отырысы аяқталардан әлдеқайда бұрын Жаңаөзенде әлеуметтік араздықты қоздыру ісіне байланысты басты айыпкерлердің бірі - Серік Сапарғали ағынан жарылып, барлық кінәсін мойындады. Бүкіл сот отырысы барысында ол өзінің басты қамқоршысы Владимир Козловтың артына тығылып, соның көлеңкесінде қалып келді. Сондықтан да, Сапарғалидің әрекеттері қоғам үшін тым құпия болмаса да, Козлов секілді қатты ашыққа шыққан жоқ, тиісінше көкейде «бұл кім, не істеп, не бүлдірді?» деген сауалдар туғызды. Біз осы сауалдарға, сонымен қатар Козлов - Әбіләзов серіктестігінің қылмыстық жоспарында ол қандай рөл иеленіп, қандай қызмет атқарды және соттың үкімін күтпей-ақ қандай кінәсін мойындап, не үшін ағынан жарылды деген сауалдарға жауап іздеп көрмекпіз.

Сапарғалидың сапары неден басталды?

 

Ақтаудағы «Алға» тобының мүшелеріне байланысты өткен сот отырысы аяқталардан әлдеқайда бұрын Жаңаөзенде әлеуметтік араздықты қоздыру ісіне байланысты басты айыпкерлердің бірі - Серік Сапарғали ағынан жарылып, барлық кінәсін мойындады. Бүкіл сот отырысы барысында ол өзінің басты қамқоршысы Владимир Козловтың артына тығылып, соның көлеңкесінде қалып келді. Сондықтан да, Сапарғалидің әрекеттері қоғам үшін тым құпия болмаса да, Козлов секілді қатты ашыққа шыққан жоқ, тиісінше көкейде «бұл кім, не істеп, не бүлдірді?» деген сауалдар туғызды. Біз осы сауалдарға, сонымен қатар Козлов - Әбіләзов серіктестігінің қылмыстық жоспарында ол қандай рөл иеленіп, қандай қызмет атқарды және соттың үкімін күтпей-ақ қандай кінәсін мойындап, не үшін ағынан жарылды деген сауалдарға жауап іздеп көрмекпіз.

Сапарғалидың сапары неден басталды?

 

Серік Сапарғали дегеніңіз кім өзі дерсіз, бәлкім! Ол Маңғыстау облысында жұмыс істеген бұрынғы мұнайшы, Алматыда бизнесін қарық қылып өрістете алмаған бұрынғы кәсіпкер, өзін үміткер ретінде орталық сайлау комиссиясына тіркетуге қажетті қолдың титтей бөлігін де жинай алмағандықтан, сайлау аламанына қосылмай жатып қатардан шығып қалған бұрынғы ел президенттігінен үміткер. Сонымен қатар, бұл Сапарғалиыңыз өзінің заңсыз ұйымына оншақты адамды да жинай алмай қор болып, ақыры болмай қалған, бұрынғы «ұлтшыл қоғам қайраткері».

Сапарғали президент сайлауына түспек болған кезінде көптеген ақпарат құралдары оны «қарызға белшесінен батқан кәсіпкер» деп, аяқ астынан президент бола қою ниетін қарызынан құтылудың айла-шарғысы деп, әбден тәлкек қылғаны есімізде. Сонда журналистер оның саясатқа араласуға бел байлауын өзі қарыз алған адамдармен болатын қатаң әңгімелерді кісімсіп, доқ көрсету үшін ғана жасаған қадамы деп бағалаған.

Онысынан түк шықпай, баспасөз бен телеарналардың жұлдызына айнала алмағаннан кейін Сапарғали не де болса тәуекел деп тас жұтып, жығылсам нардан жығылайын деп «Алғаның» қатарынан бір-ақ шыққан. Бірақ онысы қазір өздеріңіз куә болып отырғандай нардан емес, жардан жығылу болып шықты. Ол туралы кейінірек айта жатармыз, алдымен оның «Алғадағы» қызметіне келейік. Болмай қалған президенттің қызметіне «Алғаның» аса зәру болып отырғаны шамалы еді, Әбіләзовтің сыбайластары оған майлы жіліктің басын ұстата қоюға асыққан жоқ, әйтеуір топ көбейтіп жүріп ол қатардағы көптің  біріне айналды.

 

Сапарғалидың сабылысы

 

«Алғаның» көп бұлбұлының біріне айналған Секең алыстағы әміршілердің көзіне түсу үшін үлкенді-кішілі шаралардың барлығында сөйлеп қалуға тырысатын. Сот залында көрсетілген жазбаларға қарағанда, ол сөз алған жерінің барлығында халықты мемлекеттік құрылысты құлатуға, билікті күшпен өзгертуге шақырған. Мысалы, 2010-жылдың 25-маусымында Алматыдағы Амангелді Иманов ескерткішінің түбінде болған шеруде ол қазақстандықтарды жаппай берекесіздікке, тәртіпсіздікке шақырады. Бұл сөздері ешқандай жауапкершілік артпайтындай, өзіне ешбір сот жоқтай екіленеді.

Сол жерде Секең: «Біз биліктегі режимді тамырына дейін жұлып алып, құртып, осы бағытта нақты қадамдар жасауға, сөйтіп билікті өзімізге қайтаруға тиіспіз. ...бұларға өзіміздің күшімізді көрсететін кез келді» деп ұран тастаған еді.

Оның әр жердегі кеуде соққан сөздеріне тереңірек үңілсеңіз, ұлтаралық араздықты қоздыруға бағытталған сөздерін де көптеп табасыз. Бірақ, біздің бүгінгі мақсат «жалған қайраткердің» билікті құлату туралы айтқандарына көз салу... Ол адамдарды заманауи қазақ мемлекеттігін тамырымен қоса құртып, осынау қасиетті жерде барша қазақстандықтардың қаншама жылдан бері тынымсыз еңбекпен жеткен жетістіктерін жоқ қылуға шақырады.

Ол аз десеңіз, Секең өзінің жалынды ұрандарында Әбіләзовтің Козловқа 2010-жылдың 30-сәуірінде телефон арқылы берген тапсырмасын тотықұсша қайталап, билікті құлатудың нақты мерзімін де белгілейді.

Тағы да Серік Сапарғалидың ұранынан үзінді келтіре кетейік: «Келер жылдың аяғына дейін бұл билік құлауы керек. Шындап келгенде бұл көңілге қонымды мерзім, тек ол үшін біз жұмыс істеуіміз керек», - дейді.

Айыптаушылар мен сот үдерісін бақылап отырған қоғам өкілдеріне Әбіләзовтің тапсырмасы мен Сапарғалидың ұранының соншалықты ұқсастығы біртүрлі көрінген болатын. Бұл ұқсастықтан, «Алғаның» белсенділері Әбіләзовтен тапсырманы алысымен дереу оны бұлжытпай орындауға кірісіп кеткендерін аңғаруға болады. Сапарғали «түп-тамырымен құрту керек» дегенде оны жай сөздің ләмі ретінде айтпаса керек. Өздерінің қамқоршы, қолдаушылары нені көксейтінін нақты біле отырып, елді соған шақырса керек.

 

Сапарғалидың Жаңаөзенге сапары

 

Әбіләзовтің командасы Жаңаөзендегі жағдайды бар күшімен шайқалтуға кіріскен уақыт Сапарғалидың «жұлдызы жанған» кез болды. Секеңнің Маңғыстау облысындағы және жалпы мұнай саласындағы тамыр-таныстары болуы оның «алғалықтар» алдында беделін көтеріп тастады. Бұл жолы ол мықтап кірісіп, сыбайластарының алдында қадір жинап қалуға таптырмас мүмкіндікті қалт жібергісі келмеді.

Маңғыстаудағы ереуілдің барысын ғаламтордан қарап отырғандар Секеңнің Жаңаөзендегі мұнайшылардың алдына шығып алып: «Қырғызстандағы билікті бір емес, екі рет күшпен лақтырып тастаған қырғыздардан қазақтың несі кем?» деп қайрап тұрғанын талай көрді. Сапарғалидың ұрандарында өздерінің қарамағында ештеңеден тайынбайтын жауынгерлер мен шаһидтер тобы бар екені туралы да ишаралар байқалады. Мұндай арандату сөздерін ол Жаңаөзенде талай мәрте айтқан.

24-қарашада Сапарғали Әжіғалиевамен және Сақтағановпен бірге ұзаққа созылып бара жатқан ереуілді тоқтату мақсатында мемлекеттік билік органдары өкілдерінің бастамасымен басталған кезекті екі күндік келіссөзді тығырыққа тіреп, үзіп тастаған болатын.

2011-жылдың 16-желтоқсаны күні Әмірова мен Козлов телефон арқылы сөйлескен кезде Сапарғалидың аты тағы да аталады. Әмірова Жаңаөзенде «Өзенмұнайгаз» бен жергілікті әкімшіліктің ғимараты өртелгені туралы және алаңда үлкен қақтығыс болып жатқаны туралы баяндайды. Козловтың «мұны нақты кім істеді» деген сауалына Әмірова «мен Сапарғалиға барғанымда ол мәз болып ыржиып тұрды. Мұны істеген сол» деп жауап береді.

17-желтоқсан күні нақты нәтижеге қол жеткізгенін көрген Сапарғали мүмкіндікті пайдаланып өзінің тұғырын нықтап алудың амалдарын қарастырады. «Алғаның» Жаңаөзендегі арандатуы неге апарып соқтырғанын көре тұра ол кезекті шеруге шығып, отқа май құя түседі. Ол мемлекетті барлығына айыпты деп тауып, билік өкілдерінің барлық өкілеттіліктерін тоқтатуды талап етеді. Яғни, Жаңаөзендегі еңбек дауына саяси сипат берудегі ең соңғы, шарықтау шегі іспетті шешуші қадамды елден бұрын жасауға тырысып бақты.

 

Сапарғалидың салы суға кетті

 

Сот отырысы барысында психологтар Сапарғалиға керемет мінездеме берді: «Серік Сапарғали - 2010-жылдан бастап 2011-жылдың желтоқсан айына дейін кез-келген наразылық шарасына талғаусыз қатыса беретін патологиялық сипаттағы тоңмойын, бірбеткей адам. Шешендік өнерден мақрұм. Бір айтқандарын қайталай береді. Қызуқанды, өте тез сөйлейтіндіктен, айтқан сөздерінде көбінесе логика болмайды. Дөрекілікке бейім» дейді олар.

Психологтар тарапынан берілген мұндай баға Сапарғалидың қатты шамына тиді. Ол сот залында тәуелсіз мамандардың пікіріне қарсы шықпақшы болды. Сөйте тұра, байқаушылардың бәрін таңғалдырып, барлық кінәларын мойындады. Ол «мен өзімнің сапарларым барысында шынымен-ақ мұнайшыларға көмектесуге тырыстым», - деп алады да, әрі қарай; «мен ол кезде өзімнің сөздерімді мұнайшылар басқаша түсінеді деп ойламадым. Тек қараша айының соңына қарай мұнайшылардың талаптары заң шеңберінен шығып кеткенін түсіндім. Мен өзімнің сөздерім мен әрекеттерім мұнайшыларға кері әсер етіп, Жаңаөзендегі желтоқсан оқиғасына соқтырғанына шын жүректен өкінішімді білдіре отырып,  кінәмді мойындаймын», - деп ағынан жарылды.

«Алғаның» әсіре белсендісінің ағынан жарылып, кінәсін мойындағаны сот оған байланысты үкім шығарғанда жазаны жеңілдеу беруіне ықпал еткен болар... Әлгі орыс радиосының әзілі бар еді ғой: «алтын балықты қызған табаға салсаңыз орындалатын тілектердің саны елуге дейін жетеді» дейтін. Иә, батырға да жан керек екен...

Тек өкініштісі, соны бұл «батырдың» туған халқын арандатып, жарға жыққанда ойламағаны, ағайыны қайғыға батып, қасірет шегіп жатқанда алыстағы қожайынның тапсырмасын орындағанына мәз болып, екі езуі екі құлағына жетердей мәз болғаны... Мың жерден ағынан жарыла ақтарылып, айыбын мойынына алғанмен, жазықсыз қыршындарынан қиылған боздақтардың қаны жібермес, аруақтары кешірмес оны... Асылық айтпайықшы, бәрі бір жаратқанның құзыретінде ғой. Дегенмен, «айтпасаң сөздің атасы өледі» екен.

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1179
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1080
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 813
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 943